facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
iphone-ny-ar-asynda-b-r-aptada-alaysha-biznes-ashu-a-bolady
logo
Iphone-ның арқасында бір аптада қалайша бизнес ашуға болады

05.11.2018

Iphone-ның арқасында бір аптада қалайша бизнес ашуға болады

Ерлан Табия, 26 жаста, туған жері — Астана, Ernst & Young, senior auditor

Компания атауы: @Sunday.fleurs

Қызмет саласы: флористикалық компания

Негізі салынған жылы: 2018



Барлығы қалай басталды



Бес жыл бойы бизнес ашу туралы ойланып жүрдім: жазбалар жазып, елестетіп, ұзақ уақыт басқа сәтті кәсіпкерлердің тәжірибесін меңгердім.

20181029-WED_2792.jpg

Мен әрдайым бизнес ләззат әкеліп, қоршаған ортаға экологиялық тұрғыдан пайдалы болып, ол жайлы болашақ немерелеріме мақтанышпен айтуды қаладым.

Менің ойымша, әрбір бизнес қоғамға пайда әкелуі тиіс. Кәсіпорын ашу деген жауапты істі бастаған кезде осы ойды ескеріп отыратынмын.

Осы жазда досым екеуміз бизнес-курстарға жазылып, теориялық нұсқаулықтарды алып, үй тапсырмасын орындап отырдық. Көптеген сабақтар біздің біліміміз бен дағдыларымызды жүйеге келтіруге көмектесті.

Сабақтардың бірінде бір жігіт тапсырмаларды орындамай, өзін-өзі ақтай отырып, алдайтынын түсіндіріп жатқан бейнежазбаны көрдік.

Бұл жігітте ақталып жүрген өзімді көре алдым және бұл менің намысыма тиді. Адамды қоғамда оның нәтижесі айқындайды.

250 аудиториясы бар сахнаға шығып, бір аптада гүл дүкенін ашатынымызды айттым.

Бұл курстарда өзің үшін реттейтін «сөз бағасы» түсінігін пайдаландық.

Өз тәжірибем бойынша достармен бизнес ашуға болатынына көз жеткіздім, барлығы сенім деңгейіне байланысты


Сол уақытта сахнада тұрып, қолымда iphone болды және ойын ережелері бойыша соны айтылған сөзімнің бағасы ретінде белгіледім.

Залда отырған қызыды кездейсоқ таңдап, келесі сабаққа дейін оны өзімнің гүл дүкеніне шақырамын немесе телефонымды берем деп уәде еттім.

Өз тәжірибем бойынша достармен бизнес ашуға болатынына көз жеткіздім, барлығы сенім деңгейіне байланысты.

Сөз бағасын берген мен, алайда досым мені толығымен қолдап, барлық ұйымдастырушылық жұмысты өз мойнына алды.

Адамды қоғамда оның нәтижесі айқындайды


Гүл бизнесі — ауқымды түсінік. Бір аптада киоскты жалға алып, флорист тауып үлгердік.

Сол кезде бұл біздің кішкентай жеңісіміз еді, ашылу уақытында осыған қуандық.

Белгілі уақыт өткенде шындық басымыздағы суреттерді көрсетпейтінін түсіндік.

Дүкенімізді аштық, бірақ бұл біз жоспарлаған деңгей емес еді, сонда да бар нәрсеге мәз болдық.



Sunday.fleurs туралы



Бірінші дүкенімізді ашқаннан үш ай өтті.

Қазіргі біздің формат — еуропалық форматтағы авторлық гүл шоқтары, әрбір жеке жағдай мен адам үшін біз тапсырыс берушінің артықшылықтарын көрсететіндей жеке гүл шоқтарын таңдаймыз.

20181029-WED_2763.jpg

Гүл туралы айтқан кезде біз қарым-қатынас жайлы да айтымыз: бұл жігіттің қызға деген, ұлының анасына деген, құрбыларының, әріптестерінің қарым-қатынасы болуы мүмкін.

Гүл — өзара қарым-қатынас құралы. Біздің флористтер гүл арқылы сөзбен жеткізе алмайтын сезімдерді жеткізуге көмектескендерін қалаймыз.

Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойын көрсеңіз, онда Англия ханшайымының гүл шоғы қандай болғанына назар аударған шығарсыз. Ол шағын болды, бірақ өте жақсы орындалды.

Indtagram желісін қарасаңыз, 25 метрлік раушан гүлдерді көре аласыз. Бұл бүгінде бізді қоршап тұрған шындық.

Кеңес уақытындағы көп адамдар үшін өлшем үлкен маңыздылыққа ие — гүл шоғы неғұрлым үлкен және ұзын болса, соғұрлым жақсы. Англия ханшайымы Еуропа гүл шоғының құрамына көбірек көңіл бөлетінін дәлелдеп отыр.

Мәселен, бізде David Ostin пион раушандары бар, олар әлемнің тек үш плантацияларында өсіріледі. Өнімнің бірегейлігін оның құндылығы айқындайды.

Осындай эксклюзивті түрлерден жиналған гүлдерді қабыл алу әлдеқайда жағымдырақ.

Гүл — өзара қарым-қатынас құралы


Флористика саласында Еуропаның бір бөлшегін Қазақстанға әкелгіміз келеді, Еуропа баяғыда алға қадам жасаған және осы салада дамуды жалғастыруда.

Сол себепті флористика бойынша тегін шеберлік-класстарын өткіземіз, гүлді қалайша сыйлаған дұрыс, оларға қалай қарау керек, белгілі іс-шараға қандай гүл шоғы сәйкес келеді секілді түрлі лайфхактармен бөлісеміз. Жақында кез келген қызмет түрі адамның болмысында өз ізін қалдыратынын оқыдым, егер қыздар флористикамен айналысатын болса, онда гүлдер, өз кезегінде сұлулықтың нәзіктігіне, махаббатына үйретеді.



Қиындықтар туралы



Бизнесте өмірдегідей, көптеген қиындықтар туындайды, алғашқы уақытта жиі үмітіңді үзе бастайсың. Осындай кездері досымыз екеуміз бір-бірімізге қолдау көрсетеміз. Сондықтан дұрыс серіктестік маңызды.

Бойыңызда іскерлік көзқарасыңыз болса, сіз қандай жұмыс тобы қажет екенін түсінесіз. Біздің тобымыздағы адамдар өз жұмыстарымен жанып, идеяларды бизнеске аударуға қабілетті екенін білдім. Біз осындай маманды таптық, оның есімі Лена. Өмір бойы ол гүлдермен айналысып келеді және оларды қалай жақсы көретіні көрініп тұр.

20181029-WED_2794.jpg

Бүгінде ол адамдарды өз гүл шоқтарымен қуантатын біздің меңгеруші директорымыз. Ленаға барлық операциялық мәселелерді тапсырдық, ал стратегиялық мәселелер бойынша шешімдерді бірге қабылдаймыз.

Бүгінде ол адамдарды өз гүл шоқтарымен қуантатын біздің меңгеруші директорымыз. Ленаға барлық операциялық мәселелерді тапсырдық, ал стратегиялық мәселелер бойынша шешімдерді бірге қабылдаймыз.

Халықаралық компаниядағы өз жұмысымды ұнатамын және оны өзімнің сүйікті ісіммен бірге жақсы жүргіземін деп санаймын


Жұмыс тобымызбен дәстүріміз бар — әр жексенбі сайын бранчқа бірге барып, ағымдағы сұрақтарды талқыға саламыз.

Халықаралық компаниядағы өз жұмысымды ұнатамын және оны өзімнің сүйікті ісіммен бірге жақсы жүргіземін деп санаймын. Қаншалықты көп істесең, соншалықты көп үлгересің деп ойлаған ұнайды.

Күнім сағат 07:00-де басталады: жаттығу, жұмыс, түскі ас кезінде Ленамен кездесіп, жобамыз бойынша сұрақтарды талқылаймыз, кейін қайтадан жұмыс. Бизнеске жастайынан келген дұрыс деген шешімге келдім, өйткені ол қуаттылықты қажет етеді, ал 25 жасыңда 40 жасқа қарағанда қуатың көбірек.



Жоспарлар туралы



Авторлық гүл шоқтарын жинап, іс-шараларды безендіріп, шеберлік сыныптарын өткіземіз. Сондай-ақ, қала деңгейіндегі шараларда демеуші боламыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.