facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
internette-tanysyp-tatu-otbasyn-alay-ru-a-bolady
logo
Интернетте танысып, тату отбасын қалай құруға болады

Олжас Рыспаев, 30 жаста, туған қаласы — Щучинск, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ

Әйгерім Рыспаева, 30 лет, туған қаласы — Арқалық, белсенді ана

10.01.2019

Интернетте танысып, тату отбасын қалай құруға болады


Біз жайында


Әйгерім. Біз 2008 жылы «Мой мир» әлеуметтік желісі арқылы таныстық. Олжас менің достар тізіміне қосылып, біз хат жазысып тұрдық. Сол кезде ол Омск қаласында, ал мен Астанада оқыдым. Біз достық қарым-қатынаста болдық. Жазда, Олжас екінші курс бітіргенде, демалысқа Астанаға келген болатын және де біз бір мекемеде кездейсоқ жолықтық. Мен оны танып, сәлемдесуге жақындадым. Бұл бір көргеннен ғашық болу еді. Кейін Олжас та мені ұнатып қалғанын мойындады. Біз хат жазысуды жалғастырдық. Құрбым мені «Олжас жақсы жігіт, сон оны неге құрбылармен таныстырып, өзің оған назарыңды аудармайсың?» деп сұрады. Мен шынымен де осындай жігіт неге бос жүр деп ойладым. Кейін 2009 жылы біз ресми түрде кездесе бастадық. Ол Омск қаласына оқуға кететін, ал мен оны Астанада күтетінмін. Ал 2012 жылы біз тұрмыс құрдық.

20181222-WED_6201.jpg

Олжас. Әйгерім маған ұнады. Біз бір-бірімізге бір көргеннен ғашық болдық.

Менің туған күнім ағамның үйлену тойымен тұспа-тұс келді және тойдан кейін барлық туыстар қыдыруды жалғастырды. Мен Әйгерімді өзімнің ағаларым мен әпкелеріммен таныстыру үшін бізге қосылуға шақырдым. Ағамның әйелі Әйгерімге менің ұсыныс жасауды жоспарлап жүргенімді және біздің құдалыққа дайындалып жатқанымызды айтып қойды. Ол тосын сыйды бүлдірді, сол себепті мен айтқанын растап, дұрыстап ұсыныс жасаған жоқпын.

20181222-WED_6184.jpg

Әйгерім. Маған бұны 27 қаңтар күні айтты, ал 11 сәуір күні Олжастың жанұясы біздің үйге келді. Маған осы он күн ішінде ата-анамды дайындау керек болды, себебі мен тұрмысқа шығуды жоспарлаған жоқ едім. Мен жұмыс істеп, ақша жинадым, наурыз айында көлік алуды, ал 18 сәуір күні Бухарестке әпкеме баруды жоспарладым. Сонымен қатар мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуды жоспарладым. Бірақ мен барлығын ұмытып, отбасыны бірінші орынға қойдым.

Біз 2008 жылы «Мой мир» әлеуметтік желісі арқылы таныстық

Олжас менің ата-анаммен біз кездесіп жүрген кезде танысты. Бұл қарапайым отбасылық кешкі ас болатын. Барлығы ешбір оқиғасыз, эксцесстерсіз жайлы түрде өтті. Олжас анама бірден ұнады, мен оған да, ата-анамның оны қабылдайтынына да сенімді едім.

Ал мен Олжастың ата-анасымен сырға салу кезінде тынстым.



Астана жайында


Олжас. Мен үшін Астана – бұл жастық шағымның қаласы. Мен осында 1995 жылдан бері тұрамын және қаланың елорда болып қалыптасуын көрдім. Астанада жақындарым мен достарым көп. Мен осы қаланы алмастырмаймын.

20181222-WED_6177.jpg

Әйгерім. Астана өмірімде айрықша орын алады. Мен осында 2003 жылдан бері тұрамын. Еске аларлық оқиғалар мен қызықтың бәрі осы жерде өтті.

Еске аларлық оқиғалар мен қызықтың бәрі осы жерде өтті


Мен «Жетісу» саябағын ұнатамын. Біз Олжаспен жүріп жүрген кезімізде, ол «Арай» деп аталатын және сол жерде кешкі уақытта жиі серуендейтінбіз. Жүктілік кезімде де, одан кейін балалар туғанда да сол жерге барып жүруді жалғастырдық.

Жағалау – бұл да сүйікті жерлеріміздің бірі. Біз әрқашан сол жерге оралып тұрамыз. Жазда Орталық саябаққа баруды ұнатамыз.

Біз ойын бөлмелері бар отбасылық кафелерді, ресторандарды, ойын-сауық орталықтарды жақсы көреміз.



Отбасы жайында


Олжас. Бізде идиллия орнаған тату отбасы. Біз бір-бірімізді сөз айтқызбай түсінеміз.

20181222-WED_6158.jpg

Әйгерім. Біздің отбасымызда әке – табыс табушы, ана барлығын үлестіріп қояды, ал балалар – әрдайым бірдеңеге наразы болатын халық.

Аптасына бір рет, сенбі немесе жексенбі күні бізде отбасылық күн болады. Бұл күнді біз балаларымызға арнаймыз, қоңырауларға жауап бермейміз және әлеуметтік желілерде отырмаймыз.

Олжас таңертеңнен кешке дейін жұмыста болады, жұмысбастылығы жоғары. Мен фрилансермін және әртүрлі саладағы жобалармен айналысамын: IT, аналар, SMM. Таңертең балаларды балабақшаға апарамын, ал кешке оларды алып кеткеннен бастап уақытымды оларға арнаймын. Кейін әкесі келіп, қыздармен әңгімелеседі, олардың күндері қалай өткені жайында сұрайды. Күн сайын ұйқының алдында біз кітап оқимыз. Менің қыздарым медицина әдебиетін жақсы көреді, сол себепті біз оларға ми, жүрек, бүйрек, ішектер, асқазан туралы оқимыз.

Демалыс күндері мүмкіндігімізше Щучинскке барып тұрамыз. Сол жерде Олжастың ата-анасы тұрады. Барлығы бұл сапарларға риза болады, себебі біз қаладан демаламыз.

Демалыс күндері Олжас бізге таңғы ас дайындайды, ал оның фирмалық тағамы – палау.

20181222-WED_6192.jpg

Мен қыздарымыздың өз-өздеріне сенімді, таза ниетті, адал адамдар болғандарын қалаймын. Олжастың тәрбиесі мінсіз. Кез-келген жағдайда өзін адамгершілік тұрғыдан ұстайтыны мені таң қалдырады. Менің балаларым осындай ер азаматты кездестірсе, риза болар едім.

Аружан бес жаста, ол атасы мен апасының еркетайы. Олжастың үлкен әпкелері де оны жақсы көреді, еркелетеді, себебі бірінші жылы біз олармен бірге тұрдық және олар Аружан олардың көз алдарында өсті. Аружан ерке, бірақ мейірімді, маған әрқашан жағуға тырысады. Мен оны мақтаймын, жігер беремін. Аружан күйеуіме ұқсайды, ол да сондай сыпайы, байсалды. Кіші қызымыз – Айару бес жаста. Ол белсенді, ән айтуды, билеуді жақсы көреді, ерте сөйлей бастады және маған көбірек ұқсайды. Ол күлкілі, кейбір кезде айтатын сөздері тандандырады.

Олжас. Мен Аружанның МГИМО-да оқығанын армандаймын. Ол болашақ полиглот, қазірдің өзінде ағылшын тілінде әріптерді, сөздерді, әндерді біледі.

Біздің отбасымызда әке – табыс табушы, ана барлығын үлестіріп қояды, ал балалар – әрдайым бірдеңеге наразы болатын халық


Әйгерім. Атасы да Аружанның МГИМО-ға түскенін қалайды. Менің ойымша оған сол жерде ұнайтын сияқты. Бірақ қазір ол балалардың тіс дәрігері боламын деп айтады. Қандай жағдай болмасын мен қыздарымның кез-келген таңдауына риза боламын.

Олжас. Мен үшін өмірдегі қиындықтарға қарамастан артқа шегінбей, алға ұмтылу маңызды.

Әйгерім. Менің өмірлік қағидам – адал, мйеірімді және әділ болу. Мен жақындарыма көмектесуге тырысамын.



Қазіргі кездегі рухтың күйі


Олжас. Мен байсалдымын. Біздің отбасымызда барлығы тұрақты және жақсы. Жоспарымыз – тек әрі қарай өсіп, алға ұмтылу.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.