Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
haileybury-astana-mekteb-boyynsha-e-toly-zholn-s-a-astanada-y-zhal-yz-britandy-mektepte-b-l-md-alay-bered

HAILEYBURY ASTANA МЕКТЕБІ БОЙЫНША ЕҢ ТОЛЫҚ ЖОЛНҰСҚА: АСТАНАДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ БРИТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕ БІЛІМДІ ҚАЛАЙ БЕРЕДІ
618

07.08.2017

HAILEYBURY ASTANA МЕКТЕБІ БОЙЫНША ЕҢ ТОЛЫҚ ЖОЛНҰСҚА: АСТАНАДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ БРИТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕ БІЛІМДІ ҚАЛАЙ БЕРЕДІ

Мектепті 2011 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашқан болатын. Бұл Астанадағы жалғыз британдық мектеп. Haileybury Astana 2008 жылы Haileybury Almaty-ның, сонымен қатар Ұлыбританияда өзін тәуелсіз беделді оқу орны ретінде көрсеткен Англиядағы Haileybury-дің серіктес мектебі болып табылады. Англиядағы мектептің негізі 1862 жылы құрылған болатын.


DSC_8011.jpg


Мектептің ерекшелігі



Мектеп 25 метрлік жүзуге арналған бассейнмен, спорттық жән би залдарымен, футболға арналған алаңмен, екі теннистік кортпен жасақталған. Мектеп күзет қызметі және электрондық бейнебақылау жүйелерінің жұмысы есебінен тәулік бойы қауіпсіздікпен қамтамасыз етіледі.

DSC_7863.jpg

DSC_7888.jpg

Оқу бағасы білім беру бағдарламасын, оқу материалын, тамақтануын, сыныптан тыс сабақтарды, сонымен қатар шектеулі сапарларды өтейді


Шетелге барулар оқу құнына кірмейді. Мектеп 2-3 жас аралығындағы сәбилер балабақшасынан, 3-5 жас аралығындағы балабақшадан, 1-11 сыныптар аралығындағы мектептен тұрады. Мұғалімдері – Ұлыбританияда білім алып, британдық мектептерде жұмыс істеген педагогтар. Олардың көпшілігінде шетелдік тәжірибе бар.


DSC_7900.jpg


DSC_7917.jpg


DSC_8125.jpg


DSC_8134.jpg



Оқу бағдарламасы




Англия және Уэльс мектептеріндегі білім беруге негізделген бағдарлама Haileybury Astana-да қолданылады. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Ағылшын тілі екінші тіл болып табылатын оқушылар мұғалімдермен қажеттілігі бойынша қосымша сабақ ала алады. Мектептегі барлық оқушылар қазақ тілін зерделейді.

DSC_7890.jpg

DSC_8187.jpg

Haileybury балабақшасы Монтессори жүйесінің элементтерінен және Штайнердің педагогикалық теориясынан тұратын арнайы оқу курсын ұсынады. Академиялық дамытумен қатар білім беру курстары әлеуметтік және физикалық тәрбиені қамтып, ойлау жасампаздығын дамытады.




Зерделенетін пәндер мен емтихандар



Ағылшын тілін айтарлықтай жоғарғы деңгейде меңгерген оқушылар орыс немесе француз тілдерін зерделей алады.


DSC_8200.jpg


DSC_7997.jpg


«Жеке, әлеуметтік және физикалық денсаулық» пәні де негізгі бағдарламаға жатады


Оқыту бағдарламалары мына пәндерден тұрады: Ағылшын тілі, Математика, Ғылым (Биология, Химия, Физика), География, Тарих, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Дене шынықтыру, Театр өнері, Музыка, Дизайн және технология. Барлық оқушылар заманауи халықаралық тіл ретінде француз, орыс не испан тілін зерделейді. Алайда, шетелдік оқушыларда Қазақ тілі пәнінің сағаты жергілікті оқушыларға қарағанда аз.


10 сыныпқа көшкен кезде барлық оқушылар Ағылшын тілі, Математика және Ғылым (Биология және Химия) сияқты міндетті пәндерді зерделеуді жалғастырады, ал қалған пәндерді өздерінің қалаулары мен қызығушылықтарына орай таңдай алады.


DSC_7964.jpg


DSC_8210.jpg


Оқушыларды Халықаралық бакалавриатқа дайындау сабақтарын дүние жүзінің барлық беделді университеттері мойындады


Көптеген халықаралық университеттерде Халықаралық бакалавриат дипломы университетке түсуге арналған үздік диплом болып табылады.


11 сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар Ұлыбританияны қосқанда дүние жүзі бойынша мыңдаған оқушылар тапсыратын халықаралық емтихан тапсыратын болады. Бұл емтихан оқушылардың жоғары білім алуға дайындалуларына жақсы көрсеткіш болып табылады. Мектеп коммерциялық ұйым емес, барлық кірістер оқушылардың біліміне салынады.


DSC_7922.jpg

DSC_8115.jpg

DSC_8030.jpg

DSC_7957.jpg