facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/ce4/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/2rdapxynk09gbanxdt29vkfkm4k3vg09.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
germaniyada-niderlandyda-zh-ne-aza-standa-y-derekter-taldaushylary-alay-zh-mys-steyd-zh-ne-ansha-tabys-tabady
logo
Германияда, Нидерландыда және Қазақстандағы деректер талдаушылары қалай жұмыс істейді және қанша табыс табады
Главный (каз)

03.09.2023

Германияда, Нидерландыда және Қазақстандағы деректер талдаушылары қалай жұмыс істейді және қанша табыс табады

Біз түрлі мамандық өкілдерінің әртүрлі елде қалай жұмыс істейтіні туралы материалдар топтамасын жалғастырамыз. Бұл жолы деректер талдаушылары Германия, Нидерланды және Қазақстандағы мансап туралы әңгімелеп берді.


Қазақстан

Олжас Алдабергенов, 30 жаста, қаласы — Астана, DataGroup Qazaqstan компаниясының тең дәрежелі негізін қалаушы, @olzhas.aldabergen

Олжас А

Мамандықты таңдауы туралы

Мен Нидерландыда Data Scientist мамандығында оқыдым және жұмыс істедім. Сондай-ақ бірнеше шетелдік жобада жұмыс істедім. 2020 жылы Қазақстанға оралып, Alstom компаниясында жетекші деректер талдаушысы болып қызмет еттім және деректерді талдау орталығының басшысына дейін көтерілдім. Осылайша бұл менің жеке компаниямды ашуға түрткі болды. Қазір DataGroup Qazaqstan компаниясын дамытып жатырмын.

Қазақстандағы деректер талдаушылары туралы

Деректер талдаушысы болу үшін сізге деректермен жұмыс істеу дағдыларын игеруіңіз, тиісті құралдарды меңгеруіңіз және әдеттен тыс ойлай білуіңіз қажет. Сондай-ақ қарапайым пайдаланушыға түсініксіз өзара байланыстарды, заңдылықтарды таба білу де маңызды.

Ең маңызды артықшылығы — Қазақстан нарығында өз мамандығым бойынша мамандарға сұраныс жоғары. Жалақысы да жақсы, кәсіби мамандар жұмысшы ретінде де, фрилансер болып та жұмыс істей алады.

Қиындығы — үнемі үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдеп отыру, қажетті құралдарды меңгеру, детальдарға мұқият болу, жетілмеген деректермен жұмыс істей білу. Өйткені талдаушы шешім қабылдауға әсер етеді.

Жұмыс жағдайлары туралы

Деректер талдаушыларының жұмыс жағдайлары жақсы, бірақ олар компания мен салаға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Егер үнемі өзіңізбен жұмыс жасап отырсаңыз, кейстерді дамытсаңыз, онда ұсынатын жағдайлары да әрқашан орташадан жоғары болады.

Тамаша маман болу үшін деректерді талдау және визуализациялау құралдарын меңгеруіңіз керек, аналитикалық дағдыларыңыз және мәселеге стандарттан тыс көзқарасыңыз болуы қажет.

Жоспарлары туралы

Өз компаниямды дамыту, Қазақстанда мықты сарапшыларды тәрбиелепгығару және деректермен жұмысты жеңілдете отырып, бизнестегі процестерді көбірек автоматтандыруға көмектесу.


Нидерланды

Айгерім Сағандықова, қаласы — Амстердам, Data Scientist, @asagandykova

Айгерим С

Мамандықты таңдауы туралы

Мен Booking.com сайтында Data Scientist лауазымында жұмыс істеймін. Бұған дейін мен Kaspi.kz сайтында бес жылдай керемет жобаларда, соның ішінде фотосуретпен сәйкестендіру бойынша жұмыс істедім. Сондай-ақ алты ай бойы Кремний алқабындағы стартапта еңбек еттім және үш жыл Сүлеймен Демирел атындағы өз университетімде сабақ бердім.

Нидерландыдағы деректер талдаушылары туралы

Деректер талдаушысы болу үшін кәсіби маман болуыңыз маңызды. Маған достарымның бірінің сөзі ұнайды: «Ешқашанда мықты компанияға жұмысқа тұрамын деп тырыспаған дұрыс, одан да үлкен компаниялар сенімен жұмыс істегісі келетіндей маман болуға ұмтылуың керек».

Сондай-ақ өзіңізді кәсіпқой ретінде сатуды, адамдарға өз құндылығыңызды жеткізуді үйрену керек.

Айгерим С

Үшіншіден, мыңдаған сағаттық тәжірибеден кейін кез келген білімді дағдыға айналдырыңыз.

Төртіншіден, компанияларға өтініш беріп, сұхбаттан өту. Сұхбаттан өту де бір дағды.

Жұмыс шарттары жайлы

Шарттар шамамен Google-дағы бағдарламашылармен бірдей. Бірақ бәрі компанияға байланысты. Мысалы, компания қалай жұмыс істеп жатыр, қайда бағыт алдық, әрқайсымыз бизнестің дамуына қалай әсер етеміз, Booking-те осының бәрі туралы түсінік бар. Үлкен мақсатқа жетудегі ортақтасу сезімі бар. Сонымен қатар қызметкерлердің мансабында өсуіне және дамуына мүмкіндік беретін қалыптасқан процестер бар.

Жалақы, ресурстар және ішкі мәдениет компанияларға қарай айтарлықтай өзгеріп отырады. Бірақ голландиялық мәдениет work life balance-ты талап етеді. Мұнда адамдар отбасына, достарына және жеке уақытына басымдық береді. Шамадан артық жұмыс істеу сәнде емес және оның қажеті де жоқ. Барлығы жеткілікті жұмыс істейді.

Деректер талдаушысы — креативті мамандық. Кез келген мәселені шешудің миллиондаған нұсқасы бар және нәтижесінде солардың қайсысы қолданылатынын түсіну үшін көптеген адамдармен келіссөздер жүргізуіңіз керек. Маған жұмыстың серпінді болғаны ұнайды, жобалар әрқашан әртүрлі, бизнес-контекст көп. Кейде деректерге қарап, процесті аздап өзгерту арқылы компанияға миллиондаған ақшаны үнемдеуге немесе табуға көмектесесің. Онымен қалай жұмыс істеу керектігін білсеңіз, деректер бәрін де айтып береді. Бірақ мұның екінші жағы да бар. Көбінесе тиімді шешімдер қымбатқа түседі. Көптеген жоба ұсыныс кезеңінде жойылып кетеді, бұл айлап жасалған жұмыстар болуы ықтимал. Бұған қоса, деректерді тазалау және дайындау кейде көп уақытыңызды алуы мүмкін. Сондай-ақ жалықтырып жіберетін және бірсарынды жұмысқа дайын болуыңыз керек.

Айгерим С

Бұл салада жұмыс істеу үшін hard- және soft-скил қажет. Soft skills — негізінен коммуникативті дағдыларға, презентацияларға және келіссөздер жүргізу дағдыларына қатысты. Hard skills — техникалық дайындыққа қатысты. Мұнда статистиканы, машиналық оқыту негіздерін, кем дегенде бір бағдарламалау тілін және деректер базасымен жұмыс істеу үшін кем дегенде бір скрипт тілін білуіңіз керек.

Жоспарлары туралы

Менің үйренетінім көп. Бұдан бөлек, мен талдаушыларға армандаған компаниясына жұмысқа тұруға көмектесетін тәлімгерлік бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмын.


Германия

Елена Тимофеева, 28 жаста, қаласы — Берлин, Delivery Hero-да өнім талдаушысы, @elenka_730

Елена Т

Мамандықты таңдауы туралы

Мен Delivery Hero компаниясында өнім талдаушысы болып жұмыс істеймін және Берлинде тұрамын. Қоныс аударғанға дейін деректер талдаушысы және өнім талдаушысы болып жұмыс істедім.

Мамандығымды магистратураның соңғы курсында таңдадым. Бізде статистикалық талдау бойынша қызықты курс болды, мен оны бизнесте, медицинада, саясатта және т.б. көптеген салада қолдануға болатынына таңғалдым. Деректерді талдау кез келген компанияға пайда әкеле алады және интуицияға емес, пайдаланушылар күнделікті жасайтын деректерге негізделген шешім қабылдауға көмектеседі.

Мен әлемнің елуден астам елінде жұмыс істейтін курьерлік қосымша үшін өнім талдауын жасаймын. Менің міндеттеріме A/B сынақтарын жүргізу, өнімдегі ықтимал жақсартуларды анықтау мақсатында деректерді талдау, қосымшадағы пайдаланушы әрекеттерін бақылау схемасын сипаттау және негізгі көрсеткіштерге мониторинг жасау үшін дашбордтар құру кіреді.

Мен өнім менеджерімен, дизайнерлермен және әзірлеушілермен бірге жұмыс істеймін. Өйткені бәріміздің мақсатымыз бір — қосымшаны әртүрлі елдердің курьерлеріне ыңғайлы ету.

Германиядағы деректер талдаушылары туралы

Деректер талдаушысы болу үшін негізгі hard-скил жиынтығы, SQL білімі және дерекқорлармен жұмыс тәжірибесі, математикалық статистиканы, деректерді визуализациялау үшін кез келген BI жүйесімен жұмыс тәжірибесі, Python немесе R білу маңызды. Бірақ егер техникалық емес дағдылар туралы айтар болсақ, менің ойымша, Германияда және жалпы Еуропада коммуникация және нәтижелерді қызықты ұсыну қабілеті жоғары бағаланады.

Берлиндегі көптеген IT компаниялары ағылшын тілінде жұмыс істейді, сондықтан ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеруіңіз қажет, онсыз сұхбаттан өту, сондай-ақ командамен жұмыс істеу қиын болады. Ағылшын тілін үйренуге уақытыңыз бен күш-жігеріңізді салу — шетелде деректер талдаушысы ретінде жұмыс істегісі келетіндерге беретін бірінші кеңесім. Ал неміс тілін білу бірқатар банктерге жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Жұмыс шарттары жайлы

Мен бес күндік жұмыс аптасы бар стандартты кесте бойынша жұмыс істеймін. Жұмыс форматы гибридті: кеңседе де, үйде де жұмыс істеуіме болады. Мен әдетте кеңсеге аптасына екі рет команданы көру үшін барамын.

Мен Германияда бағалайтын нәрсем — демалуға деген ерекше көзқарас. Бұрынғы жұмысымда кеш қалып, демалыс күндері де жұмыс істеу қалыпты жағдай болатын. Германияда менеджер сіздің демалыс күндері жұмыс істегеніңізді көрсе, бәрі дұрыс па, жұмыс ауыр емес пе деп сұрап, демалыс күндеріңізде демалуға кеңес береді. Сағат 18:00-ден кейін кеңседе ешкім қалмайды, бірақ адамдар жұмысқа ерте кіріседі.

Жоспарлары туралы

Мен өнім талдаушысы ретінде көлденең өсуді жалғастырсам деймін — үлкен жобаларда жұмыс істеп, жаңа тәсілдер мен құралдарды үйренгім келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.