facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
francuz--aza-otbasysy-m-deniet-erekshel-kter-men-ne-sebept-aza-tar-materialdy-zattar-a-asa-zha-yn-emest-g-turaly
logo
Француз-қазақ отбасысы мәдениет ерекшеліктері мен не себепті қазақтар материалдық заттарға аса жақын еместігі туралы

Патрик Бидот (Patrick Bidot), 55 жаста, туған жері — Belfort, France, теxнологиялар трансфері бойынша инженер-меxаник

Жанар Бидот, 51 жаста, туған жері — Павлодар, DLS Astana директоры

Өмір сүру стилі

23.10.2018

Француз-қазақ отбасысы мәдениет ерекшеліктері мен не себепті қазақтар материалдық заттарға аса жақын еместігі туралы


Біз туралы



20181010-WED_0053.jpg

Жанар. Патрикпен 2013 жылы ғаламторда таныстық. Ол маған Facebook желісінде жазып, кейін хат алмаса бастадық. Ол кезде көп жұмыс істеп, қолым босамай бұл хат алмасулардан ештеңе шықпайды деп ойладым. Сол себепті оған бір ретте: «Хат жазудың орнына хабарласқаның дұрыс болады», — деп жазып жібердім. Ол Франциядан маған хабарласты. Оның баритон дауысы өте ұнады. Ал 2014 жылы ол келіп, менімен кездесуді қалайтынын айтты. Кездесуімізді екі рет қолы тимей, әріптестерімен бірге болғандықтан басқа уақытқа ауыстырып отырды. Үшінші рет мені шақырған кезде өзім бармадым, бұл 14 ақпан болатын. Еңсесі түсіп, өз еліне қайтты. Кейін маусым айында қайтадан келіп, кездесуімізді сұрады. Сол кезден бастап айырылысқан жоқпыз.

Патрик. Қазақстанға келіп, Жанармен танысу мүмкіндігі үшін жұмысыма ризамын. Төрт жыл біргеміз.

Патрик — мейірімді және жомарт адам, одан өзімді көре алдым, дәл осы қасиетімен мені баурап алды


Жанар. Патрик — мейірімді және жомарт адам, одан өзімді көре алдым, дәл осы қасиетімен мені баурап алды. Ол өте шынайы адам, жылмыңдамай барлығын тура айтады.

Ол менің оған көп нәрсе үйреткенімді айтады, менің ойымша, ол да маған көп нәрсе берді. Маған үйреткен ең басты нәрсесі — барлығына жай қарап, қатаң және қарапайым болу.



Астана туралы



20181010-WED_0088.jpg

Патрик. Астанада 6 жыл тұрып жатырмын, және осы уақыттың ішінде Астана гүл секілді ашылуда. Жоқ жерден зәулім ғимараттар пайда болып, керемет EXPO көрмесі өтті. Франциядағы мен өмір сүрген ауданда мұндай жоқ. Елімнің Қазақстан секілді ырғақпен дамығанын қалар едім. 30 жыл бұрын осы жерде қарапайым қала болғаны, ал енді бұл керемет елорда екені таңғалдырады. Бұл құрметке лайық.

Жанар. Астанаға 2006 жылы келдім, кейін Англияға кетіп, 2010 жылы Назарбаев Университетіне жұмыс істеу үшін оралдым.Астана менің мықтылығымды сынаған қала. Астана — жас, өршіл қала. Маған Астанада елордалық жылтыр жоқ екендігі ұнайды. Өйткені мұнда бүкіл аймақтардан әртүрлі санаттағы адамдар жиналған. Бұл жерде өзіңді толығымен дамыта аласың. Астана қатыгез емес, ал егер Нью-Йорк немесе әлемнің басқа да ірі қаласына барсаңыз, қала сізді жеп қояды. Астана өзінің жастығына байланысты ондай емес. Астана — дос секілді мейірімді, аяғыңа нық тұруға көмектесетін қала.

Патрик Highvill ТК қарама-қарсы орналасқан саябақты ұнатады. Осы саябақта көп уақытты бірге өткіздік. Осы жазда ол жерде пикник жасап, тамақтанып, ұйықтап алдық.

Астана — дос секілді мейірімді аяғыңа нық тұруға көмектесетін қала


Патрик. Сонымен қатар маған Баянауыл ұнайды. Ол жер әдемі, ал табиғаты Жапонияны еске түсіреді.

Зейнет жасымда Алматыда тұрғым келеді. Бұл қаланы және тауларды алты ай қыс болмайтыны үшін жақсы көремін. Табағанның жанында тоқтадық, ол жерден қуана-қуана жер үй сатып алар едім.



Отбасы туралы



Жанар. Бірге саяхаттап, рок-н-ролл билегенді ұнатамыз, бұл қолымыздан жақсы келеді. Мен жүзуді ұнатамын, ал Патрик велосипед тебуді жақсы көреді.

20181010-WED_0039.jpg

Жұмыстан келген кезде кешкі ас уақытында өткен күніміз жайлы әңгімелесеміз.

Бір дәстүріміз бар — ұйықтар алдында міндетті түрде екі минут құшақтасып жатамыз.

Әрқашан тамақты жақсы жасаймын деп ойлайтынмын, бірақ Патрикпен өмір сүре бастағанда оның менің тамақ әзірлеуіме көңілі толмады. Өйткені ол әрдайым мен дайындаған тағамды жегісі келмеді. Еуропалық тағам дайындай аламын, бірақ бұл менікі емес, кеңес ас үйін, борщты ұнатамын, ал Патрик болса ұнатпайды. Француздар сорпаны тек қыста жейді, ал жазда мүлдем жемейді. Қазір бейімделіп, француз ас үйінің рецепттері бойынша тамақ әзірлеуге тырысамын.

Патрик. Жақсы дайындалған бесбармақты және Баянауылдың қымызын ұнатамын. Тағы маған жылқы етнен дайыгдалған стейк ұнайды.

Жанар. Патриктің анасының үйін жақсы көремін, ол керемет үлкен франциялық орманнан он метр жердегі тауда орналасқан. Патриктің анасы көзқарасы жас қыздай ғажап әйел. Мен үшін Франция — бұл Патрик.

Патрик. Қазақ және француз отбасыларының ең үлкен ерекшелігі — қазақ отбасындағы ата-аналар балаларына көп және ұзақ уақыт бойы көмектеседі. Францияда, егер жұмыс істей бастасаң онда дербес болып саналасың. Әрине, біз белгілі мөлшерде көмек көрсетеміз, мектеп, университет кезіндегі шығындарды өтейміз, бірақ ары қарай бала өздігінен даму керек. Ал Қазақстандағы адамдар балалары үшін көп нәрсеге барады. Францияда жылжымайтын мүлік қымбат. Сондықтан бізде қаржы пайда болған кезде ғана үйленеді. Ал Қазақстанда өздерінде ештеңе болмағандығына қарамастан ерте үйлене береді, өйткені олар ата-аналары ақшалай көмектесетініне сенімді.

20181010-WED_0059.jpg

Жанар. Француз мәдениеті қазақ мәдениетінен гөрі сақтампаз, қатаң және тәртіпті. Патрикке қарап «номадизмнің» не екенін түсіндім. Біз материалдық заттарға берілмейміз. Ал француздар тапқан ақшаларына сыйластықпен қарайды және сатып алған нәрселерін күтіп, бағалайды. Алайда француздар буржуазияға және оның көріністеріне теріс қарайды.

Франция жоғары сән мемлекеті, молекулярлық ас үйдің отаны болғандығына қарамастан, онда мазмұн барлық өмір көріністерінде формамен салыстырғанда басымырақ. Ал Қазақстанда, өкінішке қарай, көптеген салаларда форма мазмұннан басым. Мені ер адамның көңілін аударғысы келетін әйел бұған бет әрлеуі және киім арқылы қол жеткізетіні ызаландырады. Ал Францияда барлығы басқаша, онда әйел өз мазмұнын киіммен толықтырады. Тіпті егде жастағы әйелдер сәнді және қызықты болып көрінеді, бұл киімге мұқият қарайтындықтан емес, жай ғана олар өзін қалай көрсету керек екенін біледі.



Бүгінгі күндегі рухтың жағдайы



Жанар. Керемет. Позитивтімін, маған үш күн бойы ештеңе ойламай, жұмыссыз жазу жеткілікті, сол кезде қайтадан бірдеңе жасауға ниетім пайда болады.

Патрик. Мен бақыттымын. Бақыт үшін барлығы бар: әдемі жұбайым, ұнататын жұмысым және күн сайын жаңа нәрсені тану мүмкіндігі. Жалғыз кемшілік, анамды сағынамын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.