facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
expo-2017-ona-taryna-arnal-an-batys-aza-stan-boyynsha-7-turist-k-ba-dar
logo
EXPO-2017 қонақтарына арналған Батыс Қазақстан бойынша 7 туристік бағдар
Таңғажайып Қазақстан

17.03.2017

EXPO-2017 қонақтарына арналған Батыс Қазақстан бойынша 7 туристік бағдар

Біз сіздерге жергілікті туроператорлар мен «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы әзірлеген ЕХРО-2017 қонақтарына арналған 7 туристік бағдарды таныстырғымыз келеді. Турлар біздің бай тарихымыз, өзіндік мәдениетіміз бен еліміздің батыс бөлігінің керемет табиғатымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.



Маңғыстау облысы



мангистау(1).jpg

Дереккөз: amavi.kz


«Маңғыстау контрасттары»

Жол бағыты: Ақтау қ. — қала бойынша «Қазақстанның теңіз қақпасы» сити туры — 4 күндік «Маңғыстау контрасттары» туры – Ақтау қ.


Тур бағытына енгізілген туристік нысандар:

Ақтау қаласы, қаланың өткені, бүгіні мен келешегімен, мемориалды ескерткіштері, архитектурасы, көрікті жерлерімен танысу.

Облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастыру.

Желкенді катамаранға отырып теңізге шығу немесе қалалық жағажайда демалу, Маңғыстаудың мемориалды ескерткіштерімен, Саура табиғи ескерткіші, Маңғыстау мешіті – Шақпақата, «Көгез» этноауылы, Шерқала тауы, Тұзбайыр, Бозжыра соры, Қарынжарық ойпатымен танысу.


Ұзақтығы: 6 күн, 5 түн


Көлік: жол талғамайтын көлік


Туроператор: «Турист» ЖШС, 8 7292 430 000, 310 171, 435 520




«Маңғыстау — жұмбақтары мен құпиялары»


Жол бағыты: Ақтау қ. әуежайы — қала бойынша «Қазақстанның теңіз қақпасы» сити туры — «Маңғыстау — жұмбақтары мен құпиялары» туры — Ақтау қ. — Ақтау қ. әуежайы


Тур бағытына енгізілген туристік нысандар:

Облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастыру.

Желкенді катамаранға отырып теңізге шығу немесе қалалық жағажайда демалу, Ақтау қаласына, Қарақия ойысы, Шетпе (базар) ауылы, Қаратау таулары (түрлі түсті балшық каньондары), Бекет ата жер асты мешіті, Бозжыра алқабына экскурсия жасау.

Ұзақтығы: 5 күн, 4 түн


Көлік: жол талғамайтын көлік


Туроператор: «Турист» ЖШС, 8 7292 430 000, 310 171, 435 520




«Маңғыстау – өткені мен бүгіні»

Жол бағыты: Ақтау қ. әуежайы — қала бойынша «Қазақстанның теңіз қақпасы» сити туры — «Хиуа тракты жолымен» туры — «Түпқараған – өткені мен бүгіні» — Ақтау қ. әуежайы


Тур бағытына енгізілген туристік нысандар:

Желкенді катамаранға отырып теңізге шығу немесе қалалық жағажайда демалу, Ақтау қаласына, Қарақия ойысы, Ұлы Жібек Жолының керуен жолы, ескі қаланың орны, Шерқала таулары мен Түпқараған шығанағына экскурсия жасау.


Ұзақтығы: 3 күн, 2 түн


Көлік: жайлы автобус


Туроператор: «Турист» ЖШС, 8 7292 430 000, 310 171, 435 520




«Керуен жолымен»


Жол бағыты: Ақтау қ. әуежайы — Қарақия ойысы — Қызылқала —Шерқала таулары — «Көгез» этноауылы – Шуманай алқабы – Айрақты – Айрақты таулары - Ақтау қ. әуежайы.


Тур бағытына енгізілген туристік нысандар:

Қарақия ойысы, ежелгі Қызылқала қаласының археологиялық орны, Ақмыш оазисі, Шерқала таулары, «Көгез» этноауылы, Айрақты таулары.


Ұзақтығы: 2 күн, 1 түн


Көлік: жол талғамайтын көлік немесе ПАЗ маркалы жоғары автобустың эконом нұсқасы


Туроператор: «Турист» ЖШС, 8 7292 430 000, 310 171, 435 520



Атырау облысы



атырау(2).jpg

Дереккөз: tr-kazakhstan.kz


Old and New Atyrau


Жол бағыты: Атырау қ. әуежайы — «Тұнық өзен жағасындағы қала» экскурсиясы — «Хан Ордалы Сарайшык» мемориалды кешені — Атырау қ. — Атырау қ. әуежайы


Тур бағытына енгізілген туристік нысандар:

Атырау қаласы бойынша экскурсия, қаланың ескі бөлігін, ескерткіштер, Еуропа мен Азияны жалғайтын Жайық өзенін тамашалау. Географиялық белгілердің жанына суретке түсу үшін өзеннің «Еуропа» мен «Азия» жағына тоқтау, Гиннес рекордтар кітабына енген әлемдегі ең үзын жаяу жүргіншілер көпірінің, ескерткіштердің жанында суретке түсу. Облыстық тарихи-өлкетану музейіне, Жайық өзеніне серуен катерімен, «Хан Ордалы Сарайшық» мемориалды кешеніне экскурсия жасау.


Ұзақтығы: 2 күн


Көлік: автокөлік


Туроператор: «Альфада-Фест» ЖШС, «Планета-КЗ» ЖШС, 8 7122 304 747



Батыс Қазақстан облысы



«Шалқар көлі — Жайық өңірінің маржаны»



Жол бағыты: Астана қ. — ЭКСПО-2017 — Шалқар көлі— Жайық өңірінің маржаны (Сары-өмір ауылы)


Тур бағытына енгізілген туристік нысандар:

ЭКСПО-2017 көрме кешеніне, Шалқар көліне, Сайтас, Сасай тауларына экскурсия жасау.


Ұзақтығы: 5 күн, 4 түн


Көлік: автокөлік, жаяу


Туроператор: БҚО «Ақжайық» туризм ассоциациясы» ҚБ, «Панорама» турфирмасы, 8 7112 535 115, 240 404, 535 066, 8 705 267 6765, 8 701 180 3250




«Бөкей хандығына саяхат»

Жол бағыты: Астана қ. — ЭКСПО-2017 — Орал қ. — Чапаево а. — Жаңақала а. — Орда а. — Орал қ.


Тур бағытына енгізілген туристік нысандар:

ЭКСПО-2017 көрме кешені, Жәңгір хан, Орда ауылымен, Бөкей Ордасының 200 жылдық тарихымен, Дина Нұрпейісова, Құрманғазы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы өмірімен танысу. Орда, Жаңақала, Чапаево ауылдарының тарихи және елеулі орындары. Бөкей даласының климаты, географиялық орнымен танысу, Нарын құмы, Орда ауылындағы қарағай орманына экскурсия жасау.


Ұзақтығы: 5 күн, 4 түн


Көлік: автокөлік, жаяу


Туроператор: БҚО «Ақжайық» туризм ассоциациясы» ҚБ, «Sayat» этно-туристік орталығы, 8 707 818 30 44


Бұл ақпаратты ҚР Даму және инвестициялар Министрлігінің баспасөз қызметі ұсынды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.