facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
expo-2017-kez-nde-astanada-tet-n-9-zhar-yn-shara-ktk-zho-ary-liga-kubog-operaliya-zh-ne-cirque-du-soleil
logo
EXPO-2017 кезінде Астанада өтетін 9 жарқын шара: КТК жоғары лига кубогі, «Опералия» және Cirque du soleil 
Қайда барған тиімді

29.03.2017

EXPO-2017 кезінде Астанада өтетін 9 жарқын шара: КТК жоғары лига кубогі, «Опералия» және Cirque du soleil 

Уффици Галереясының көрмесі


уфица.jpg

Дереккөз: weatlas.com


«Еуропаның ескі музейлерінің бірі Уффици Галереясы Астанада «ХХ ғасырдың флорентийлік сәні» экспозициясын ұсынады. Галерея өкілдері қазақстандық туристерге арналған жәдігерлерді бейімдеуге және кеңейтуге құлықты.


Уффици Галереясы — бір жерге бай топтама жинақталған Еуропадағы музей. Бүгінде Уффици Галереясында теңдессіз көркем байлық бар: ортағасырлық кенептен заманауи кескіндеме кенепке дейін, антикалық мүсіндер, миниатюралар, гобелендер».


Ақпарат Астананың Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының баспасөз қызметімен ұсынылған.




Turkvision ән байқауы


«Turkvision — түркі елдері мен аймақтары, басқа да елдердің түркі ұлттарының өкілдері қатыса алатын жыл сайынғы заманауи эстрадалық әндер байқауы. Бұл байқау Астанада алғаш рет өткізілмек. Түркия мен Орталық Азияда байқау үшін әншілер іріктеуі жүріп жатыр».


Ақпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметімен ұсынылған.




Cirque du soleil қойылымдары


16 маусым —10 қыркүйек


дюссалей.jpg

Дереккөз: cdn.royalalberthall.com


«Шоу EXPO-2017 үшін арнайы құрылған. Барлығы 71 шоу болады, яғни үш ай бойы үн сайын болып тұрады. Қойылым бағдарламасымен цирк тобы ұзақ уақыт дайындалған. Құрушылардың мақсаты цирктің жан-жақтылығын, «Болашақ энергиясы» көрме тақырыбын және Қазақстанның бай салт-дәстүрі мен мәдениетін біріктіру болды. Бір бағдарламаның құны шамамен 4000 тг құрайды — бұл әлемдегі ең арзан билет құнының бірі. Цирк шатырына 2000 адам сыяды».


Ақпарат EXPO-2017 Ұлттық компаниясының баспасөз қызметімен ұсынылған.




Энрико Диндоның концерті


24 маусым


энрико.jpg

Дереккөз: hrt.hr


«Энрико Диндо ҚР Мемлекетік Академиялық симфониялық оркестрімен бірге ән салады. Музыкант бүкіл әлемге «ешкімде жоқ қабілетке ие виолончелист» деген атпен танымал. Энрико Диндо Даниэль Гатти, Пааво Ярви, Риккардо Шайи, Альдо Чеккато, Джанандреа Нозеда, Валерий Гергиев, Риккардо Мути, сондай-ақ Мстислав Ростроповичпен ән шырқаған».


Ақпарат EXPO-2017 Ұлттық компаниясының баспасөз қызметімен ұсынылған.




«Кусс Квартет» пен Миша Майскийдің біріккен концерті


25 маусым


«Берлинде негізі қаланған «Кусс Квартет» классикалық шығармалар мен қызықты музыкалық бағдарламасының айрықша интерпретациясымен ерекшеленеді. «Кусс Квартет» — таңдаулы концерт алаңдарының жиі қонағы. Олардың халықаралық карьерасында Нью-Йорктегі Карнеги-холда, Амстердамдағы Консертгебауда, Лондондағы Вигмор холда, Берлин филомониясында ән айтқан. Миша Майскийді классикалық музыка орындаушыларының ұлыларының бірі деп атайды. Ол әлемдегі жалғыз жиырмасыншы ғасырдың екі мэтросының — Ростропович пен Григорий Пятигорскийдің шәкірті».


Ақпарат EXPO-2017 Ұлттық компаниясының баспасөз қызметімен ұсынылған.




КТК (КВН) Жоғары лигасының жазғы кубогі


1 шілде


квн.jpg

Дереккөз: i.ytimg.com


«КТК тарихында алғаш рет Қазақстан астанасында үлкен Александр Масляков соңғы жылдардың Жоғары лига чемпиондарының арасында ойын өткізеді. Астанада кубок үшін «Азия MIX», «Сборная Камызякского края», «Город Пятигорск» командалары ойнайды, сондай-ақ осы ойында аңызға айналған «KAZAХИ» тобы қайта жаңғыратын болады. Чемпион-командалардан бөлек, беделді қазылар алқасы да келеді.


Ақпарат Астананың Мәдениет, мұрағат және құжаттар басқармасының баспасөз қызметімен ұсынылған.




«Цинь Шихуанди императордың Терракоттан жасалған әскерінің мәдени ескерткіштері» көрмесі


5 — 8 шілде


«Терракоттан жасалған мүсіндер Қытайды біріктіріп, біздің эрамызға дейінгі 210 — 209 жылдары Ұлы қорғанның барлық буындарын қосқан Цинь әулетінің бірінші императоры — Цинь Шихуандимен бірге жерленген. Оның ойынша мүсіндер ана дүниеде онымен бірге жүруі керек болған, ана дүниеде де өмірдегідей өзінің билік менмендігін қанағаттандыру үшін қажет деп есептеген. Сарбаздардың пішіні — жеке-жеке қолмен әрі түрлі әдіспен дайындалғандықтан, нағыз өнер туындылары. Әрбір жеке мүсінде өзінің керемет кескіні мен бет-әлпеті бар».


Ақпарат Астананың Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының баспасөз қызметімен ұсынылған.




Игорь Бутман мен Мәскеу джаз оркестрінің концерті


15 шілде


бутман.jpg

Дереккөз: mmdm.ru


«Музыкалық кеш ТМД-дағы музыканттардың ең жарқын өнер көрсетуі болады. Олар шектеулі және тек АҚШ-та ғана концерттер береді. Бүгінде Игорь Бутман — әлемдегі алдыңғы қатарлы әрі қымбат джаз әртістерінің бірі, сонымен қатар Мәскеу джаз оркестрінің еш ауыспайтын жетекшісі».


Ақпарат Астананың Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының баспасөз қызметімен ұсынылған.




«Опералия» опералық әншілер байқауы


24 — 29 шілде


астана опера.jpg

Дереккөз: amuzteatr.ru


«Опера сахнасының королі» Пласидо Доминго Астанаға әлемдегі ең таңдаулы вокалистер байқауын өткізу үшін келеді. Альваро Доминго, «Опералияның» вице-президенті, делегациямен бірге астаналық театрға барып, «Астана Операда» мұндай деңгейдегі байқауды өткізуге барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Алғаш рет атақты Гранд-операның сахнасында өткен байқаудың негізі 1993 жылы Парижде қаланған. Содан бері «Опералия» жыл сайын әртүрлі елдердің таңдаулы алаңдарында өткізіледі. Солардың ішінде — аңызға айналған миландық «Ла Скала», лондондық «Ковент-Гарден», Мадридтегі Патшалық театр, Верондағы Филармонико Театры және осылай жалғаса береді».


Ақпарат «Астана Опера» баспасөз қызметімен ұсынылған.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.