Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
esepteg-shter-alay-paydalanu-kerek-ashan-zh-ne-nel-kten-auystyru-kerek

Есептегіштер: қалай пайдалану керек, қашан және неліктен ауыстыру керек
1541

25.10.2017

Есептегіштер: қалай пайдалану керек, қашан және неліктен ауыстыру керек

Есепке алу немесе есептегіш құралдар – бұл электр, су, жылу немесе газдың шығындары туралы ақпаратты сақтау және көрсету, жинақтау өлшеу құралдары.Электр, жылу, газ және суды беру коммуналдық кәсіпорынмен шарт негізінде жүргізіледі. Қамтудың басты талаптары шартта белгіленген, сондықтан қолайсыздықтарды болдырмас үшін шарттың мазмұнымен мұқият танысу қажет.


Есептегіштердің көрсеткіштері бойынша берілген энергиямен қамту ұйымының саны және абонент қабылдаған энергия анықталады. Ал олардың болмағаны жағдайда энергияның шығыны басқа тәсілмен есептеледі.


Электр энергиясын пайдалану ережелеріне сәйкес электр энергиясын барлық тұтынушылардың тұтыну есептегіштері болуы тиіс. Көбінесе кәдімгі активті энергия есептегіштерін,ал кәсіпорындар аквтивті және реактивті энергия есептегіштері орнатылады.


Суға және газға есептегіштер ерікті түрде орнатылады, алайда, есептегіш бойынша сіз су мен газдың тек нақты шығындалған кубтары үшін төлеуге мүмкіндік береді де, сізді коммуналдық қызметтерды асыра төлеуден сақтайды.


Егер шартта өзгеше жазылмаса,есептеуіштерді орнату тұрмыстық кәсіпорындармен жүзеге асады.


Тұтынушы ретіндегі сіздің құқықтарыңыз

— жасалған шарттарға сәйкес электр және жылу энергиясын алуға
— энергия шығаратын, энергия беретін және энергиямен қамтитын ұйымдардан жасалған шарттардың талаптарына сәйкес сапасыз электр және жылу энергиясын жеткізбеумен немесе жеткізумен тигізілген нақты шығынды өтеуді талап етуге
— шарттарды орындаумен және жасаумен байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге.

Тұтынушы ретінде сіздің міндеттерініз


— тұтынушылардың меншігінде болған электр және энергетикалық қондырғылардың тиісті техникалық жағдайын қолдау
— электр және жылу шартымен анықталған энергия тұтыну тәртіптерін сақтау
— стандартты жиілігін қолдауға бағытталған нормативтік талаптарды орындауға, уақытылы төлеуге
— тиісті ұйымдарының жұмыскерлерін және мемлекеттік органның қызметкерлеріне алу аспаптарына жол беруге.

Қандай жағдайларда электр энергиясын ішінара ағытуы мүмкін


— шартпен белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін төлем болмаған жағдайда
— электр тұтынудың шартта белгіленген тәртібін бұзған жағдайда
— апатты оқиғалар жағдайында.

Қандай жағдайларда электр энергиясын толығымен ағытуы мүмкін


— энергия беру ұйымдарының желісіне электр энергиясын қабылдағыштарды өздігінен жалғағанда
— есепке алу құралдарынан басқа электр энергиясын қабылдағыштарды жалғау
— тұтынушының кінәсы бойынша энергия беру ұйымдары немесе) энергия апасының көрсеткіштерінің төмендеуі
— есепке алу құралдарына тиісті ұйымдарының өкілдерін жібермеу.

Егер жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты электр энергиясын ағыту қажет болса сізді бұл туралы үш жұмыс күні бұрын хабардар етуге міндетті.


Электр есептегішті тексеру мен алмастыру не үшін қажет


Есептегішті тексеру оның пайдалануға жарамдылығын анықтау үшін жүргізіледі, сондай-ақ ол нормаларға сәйкестігін тексеру үшін қажет.


Егер есептегіште бәрі дұрыс болса, оған пломба салады және осыдан кейін сіз оны пайдалануды жалғастырасыз. Егер есептегіш жұмысында пайдалануға жарамсыз теп танылса, форма бойынша қолдануға жарамсыздығы туралы хабарлама беріледі.


Электр есептегіштерді тексеруді қаншалықты жиі жүргізуге болады


Есептегіштерді тексеру — бұл есепке алу құралының жарамдылығына өзіндік сараптама. Тексеру себептері: жоспарлы тексеру мерзімдерінің келуінен немесе шартқа қатысушылардың бірінде күмән болған жағдайда.


Тексеру интервалы төмендегілерден кем емес уақытты құрауы тиіс:


— үш фазалы есептегіштер үшін 6 жыл

— бір фазалы есептегіштер үшін 16 жыл

— 0,5 дәлдікті класты есептегіштер үшін 4 жыл.

Бұл маңызды


— есептегіштерді міндетті түрде оңай қол жетімді орынға қою

— энергияны ұсыну шартымен мұқият танысуға.


Есептегіштің көрсеткіштерін тұрақты түрде беруге. Сіз ұйымдардың байланыс телефондарын біліп, мәліметтерді өзіңіз бере аласыз. Бұл шара сізді артық төлеуден сақтайды.


Дереккөзі: egov.kz