Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ekstremaldy-demalysty-s-yush-lerge-arnal-an-aza-standa-y-5-tau-turlary

Экстремалды демалысты сүюшілерге арналған Қазақстандағы 5 тау турлары
706

07.10.2017

Экстремалды демалысты сүюшілерге арналған Қазақстандағы 5 тау турлары

Үлкен Алматы шыңы

Ауданы: Үлкен Алматы мекені, Көлді шатқалы, Өтетін шатқалы

Көрікті жерлері: Үлкен Алматы көлі, Ғарыш станциясы, Аю-Сай аңғарының сарқырамалары

Көрінісі:Комсомол шыңы, Советттер шыңы, Титов шыңы, Алматы қаласы

Мезгіл: жыл бойы

Биіктігі: 1600 – 3680 метр

Сапар ұзақтығы: бағытқа байланысты4 сағаттан бастап 2 күнге дейін

Шыңына көтерілу уақыты: 5 – 6 сағат

Қатысушылар саны: 10 адамға дейін


Үлкен Алматы шыңы Алматының кез-келген жерінен жақсы көрінеді. Шыңның етегінде «Алмаарасан» шипажайы, Үлкен Алматы көлі, Обсерватория мен Ғарыш станциясы орналасқан.Ең қолайлы бағыт оңтүстік жотасынан өтеді,бірақ қиын жолдарды ұнататындар үшін одан да аса экстремалды бағыттар бар.


Толық мәлімет сілтеме бойынша сайтта берілген.


Байланыс: 8 701 645 95 16




Советов шыңы


пик советов.jpg


Ауданы: Үлкен Алматы мекені, Көлді шатқалы

Көрікті жерлері: Үлкен Алматы көлі, Шоқыр шатқалы, Қызыл Сай шатқалы

Көрінісі: Көлді шыңы, Алматы шыңы, Легостаев шыңы, Алматы Алағыр шыңы, Жас Ұлан шыңы, Талғар шыңы

Мезгіл: сәуір – қазан / мамыр – маусым

Биіктігі: 2500 – 4317 метр

Сапар ұзақтығы: 1 – 2 күн


Советов шыңы (Академик Сатпаев шыңы) – Үлкен Алматы көлінің оңтүстігінде орналасқан. Оның биіктігі 4317 метр,осындай айбынды биіктік сапар қатысушыларында жерсіндіруін шақырту мүмкін. Қалауыңыз бойынша сіз шыңға көтерілудің үш түрінің біреуін тандай аласыз: қонбай,таңға қарай шығып, бір күнде көтерілу;шатырда қонып, көтерілу; екі күн ұзақтығымен солтүстік бауырайы бойымен көтерілу.


Толық мәлімет сілтеме бойынша сайтта берілген.


Байланыс: 8 701 645 95 16



Гидпен бірге Абай шыңына көтерілу


Ауданы: Кіші Алматы шатқалы, Богданович мұздығы

Көрікті жерлері: Шымбұлақ, Тұйық Су Қақпасы, Альпинград, Богданович мұздығы, Шайтан шатқалы

Көрінісі: Комсомол шыңы, Аманкелді шыңы, Алматы қаласы, Чкалов шыңы, Богданович мұздығы

Мезгіл: жыл бойы

Биіктігі: 1600 – 4010 метр

Сапар ұзақтығы: 1 – 2 күн

Қатысушылар саны: 5 адамға дейін


Абай шыңы – биіктігі 4010 метр үшбасты шың. Бағыты созылыңқы, бірақ техника жағынан қарағанда күрделі емес. Бастапқы альпинистік машықтануды,тасты тау бедеріне арналған арнайы жабдықталуымен жұмыс істеуді қажет етеді. Шыңнан Богданович пен Тұйық Су мұздықтарына, Медео мен Шымбұлаққа керемет көрініс ашылады. Бағыт бойымен топпен бірге 2 гид жүреді.


Толық мәлімет сілтеме бойынша сайтта берілген.


Байланыс: 8 701 645 95 16




Мәрмәр қабырға шыңы


Гид: Андрей Гундарев

Ұзақтығы: 16 күн


Биіктігі 6400 метр Мәрмәр қабырға шыңы Меридионалды үстіртінде ,Тянь-Шаньнің ең ортасында орналасқан. Бағыт жайпақ қарлы бауырайынан және қираған жартастар бойымен өтеді және арнайы дайындықты қажет етпейді. Осы шың – 6000 метрден жоғары шыңға алғаш рет көтерілейін деп жүрген адамдар үшін нағыз дұрыс таңдау.


Бағдарламаға Орталық Тянь-Шаньға Қарқара базалық лагеріне өтуі, Бас Қарқара шыңына жерсіндірулік көтерілу, Баянкөл базалық лагеріне тікұшақты ұшып өту,Мәрмәр қабырға шыңына көтерілуі кіреді.


Байланыс: 8 701 645 95 16



Хан Тәңірі шыңы


хан тенгри.jpg


Гид: Андрей Гундарев

Ұзақтығы: 24 күн


Қазақстан, Қырғыстан және Қытай шекараларының қиысқан жерінде орналасқан Орталық Тянь-Шань бүкіләлемдік альпинизмнің ең танымал жерлерінің бірі болып саналады, ал Хан Тәңірі шыңы – Тянь-шаньнің асыл қазынасы. Биіктігі – 7010 метр. Әрине, осындай бик тауларға көтерілу арнайы физикалық дайындықты қажет етеді,бірақ тіпті жай ғана осы ауданға келіп, Қазақстанның ең биік нүктесіне – айбарлы Хан Тәңірі шыңына қарау – сіздің есіңізде мәңгі ұмытылмас әсер қалдырады.


Бағдарламаға Орталық Тянь-Шаньға Қарқара базалық лагеріне өтуі, жайлы шатырларда жайғасу, ас Қарқара шыңына жерсіндірулік көтерілу,Солүстік Иныльчек базалық лагеріне чартерлі тікұшақпен ұшып өту, Хан Тәңірі шыңына көтерілу кіреді.


Байланыс: 8 777 227 23 03