facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ekpeden-bas-tartu-z-balalaryna-ekpe-saldyrtudan-bas-tart-an-analardy-gimeleri
logo
Екпеден бас тарту: өз балаларына екпе салдыртудан бас тартқан аналардың əңгiмелерi
Өмір сүру стилі

20.05.2017

Екпеден бас тарту: өз балаларына екпе салдыртудан бас тартқан аналардың əңгiмелерi

БІЗ балаларына екпе салдыртудан бас тартқан аналармен оның себептері мен сәбидің иммунитетін нығайтудың баламалы жолдары туралы әңгімелескен болатынбыз.


Арай Әділбекова, қаржыгер


Сәбиімізге екпе салудан бас тарту жайлы ұзақ ойландық және ол дүниеге келгенге дейін нақты шешім қабылдап қойдық. Бұл уақыт аралығында біз жақындарымызбен, туыстарымызбен ұзақ кеңестік, осы жөнінде ақпараттар іздедік, мамандардың кеңесіне жүгіндік. Бірде күйеуім Ресейге іссапарға барғанда оны әуежайдан қалаға жеткізіп салған такси жүргізушісімен әңгімелескен. Оның үш баласының екеуі БЦП ауруымен ауырады. Жүргізушінің айтуынша, бұл екпе салғаннан болған екен. Екпе салдыртпаған үшінші баласының дені сау болып өсіп келеді. Естіп, оқығандарымыздың бәрін ескере келе, баламызға екпе салдыртудан бас тарттық.


Өз балаларына екпе салдыратын ата-аналармен әңгімелескенде жиі жағдайда олардың мұны не үшін істейтінін нақты білмейтінін көрдік. Олардың сөзіне қарағанда бәрі солей істейтіндіктен ғана екен.


Біздің туыстарымыз бен достарымыз, балалары бар құрбыларым шешімімізге түсіністікпен қарайды. Алайда, өзге аналар өздерінің ешқашан мұндай қадамға бармайтындығын мойындайды. Ал біздің ата-аналарымызға да, өзімізге де екпе салынған.


Бізге салынған екпенің құрамы қазіргіден мүлдем басқаша


Біз сәбиімізбен ана сүтін еметін балаларға арналған жүзуге барып жүрміз. Онда менің байқағаным, екпе салынбаған балалар тыныш келеді. Салыстыру үшін жаттықтырушылардан қай балаға екпе салынғанын, қай балаға салынбағанын арнайы сұрадым.


Баланың иммунитетін нығайту үшін ерекше ештеңе жасамаймыз. Жаңа туылған сәбидің ағзасы бірегей әрі ең басынан ауруды тез жұқтырмайды деп есептеймін. Оны тек оның негативті әсерінен сақтау керек. Біз емханаға жүгіре бермейміз, тек жылына бір рет — профилактикалық тексеріске барамыз.

Әр ана өзінің баласының жағдайын сезеді, егер ол жүгіріп, көңілді жүрсе және жақсы тамақтанса, онда оны дәрігерге апарудың қажеті жоқ. Барлық аналарға бұл шешімге саналы түрде келу керектігіне кеңес беремін, әр ата-ана өз таңдауына сенімді болуы тиіс.




Гаухар Киикова, саналы ата-ана болудың әлеуметтік желілердегі және оффлайн Клубының негізін салушы, , ата-аналар, балалар мен жасөспірімдер коучі, Монтессори маманы


Gaukar+Alan+Aslan.jpg


Менің екі балам бар: Алан 4,5 жаста, Аслан екіде. Алан туғанда перзентханада екпе салдырдық. Содан кейін ешқандай екпе салдыртқан жоқпыз. Асланға дүниеге келгеннен бері екпе салғызбадық.


Екпеден бас тарту оңай шешім болған жоқ. Күйеуім екеуміз шетелден жоғары білім алған адамдар ретінде бәріне күмәнмен қарауға үйреніп қалыппыз, кез келген шешімді қабылдар алдында мұқият зерттеп, оқып, бар әдебиеттерді ақтардық. Ресми дереккөздердің бəрінде бірдей ақпарат беріледі, алайда ресми деп танылмаса да, көзіңді жұмып қарауға болмайтын басқа да дереккөздер бар. Егер ресми мәліметке сүйенер болсақ, олардың көп жері сәйкеспейді. Бұл жерде таразының екі жағында да баланың денсаулығы тұр. Бір жағынан, баланы екпе егілетін жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупіне тәуекел етесің, екінші жағынан, ресми мәліметтерге сүйенсек, өз қолыңмен өз балаңды жүздің минималды пайызына түсуіне тәуекел етесің. Бұл жерде қалай таңдау қажет? Қай қайсысының болмасын, белгілі бір зардабы бар.


12096528_10153605149490605_4244889647872381597_n (1).jpg


Аланның аллергиясы болып, екпе салуды кейінге шегере берді. Қазір ол 4,5 жаста болса да, аллергиясы әлі кеткен жоқ және әрқашан денсаулығы керемет болмайды. Әсері үлкен болмағанымен, болып тұрады. Бірде емханадан хабарласып, АбКДС (адсорбирленген көкжөтелді-дифтериялық-сіреспелік вакцина) салудың уақыты келгенін айтқанда мен аллергиясының күшейіп кеткенін хабарладым. Олар бәрібір де келіп, екпе салдырту керектігін айтты. Мен бас тартқан едім, бізді емханадан тіркеуден шығарды. Өкінішке орай, дәрігерлердің тек жоспарды ғана орындап, балалардың денсаулығына алаңдамайтыны, оған бей-жай қарайтыны жолдасым екеуміздің келешекте екпеден бас тартуымызға алып келді. Кіші баламызда мұндай мәселелер болған жоқ.


Алдағы уақытта біз балаларға тек ең қауіпті деген жұқпалы аурулардан сақтайтын екпелерді салдыруды жоспарлап отырмыз, бірақ бұл баланың өзіндік иммунитеті қалыптасқаннан кейін, екпенің оның денсаулығына теріс әсері болмайтындай уақытта, 5-6 жастан кейін болады. Өкінішке орай, мен біздің емханаларға сенбеймін. Менің негативті тәжірибем бар және мұндай жағдаймен тек бір рет қана ұшырасқан жоқпын.


Ата-анамыз біздің шешімімізге таң қалған жоқ. Оларды көндіруге дәлел болмады. Бірақ, біздің балаларымыз болғандықтан, біз олар үшін толықтай жауапкершілік арқалаймыз, тіпті отбасында біреу қарсы болса да, барлық шешімдерді ата-ана өздері қабылдауы керек. Біз өзімізге осындай жауапкершілікті алдық, қазір екпе туралы әңгімелеспейміз.


Aya_Gaukhar_5+Aslan - Copy.jpg


Біз өз шешімімізге тұрақтадық және ештеңе де оны өзгерте алмайды


Бұл талқыға салатын нәрсе емес деп ойлаймын. Тәуекел екі жерде де бар, тек ата-ана қай тәуекелдің ақталатынын өзі шешуі тиіс.


Біз балаларымыздың денсаулығына дүниеге келген кезінен бастап мұқият қараймыз. Комаровский жүйесін қолдаймыз. Ол жүйе емес, жай ғана кез келген балаға арналған қалыпты орта. Бала күнінен балаларды салқындау суға түсіреміз, терезелерді ұзақ жауып қоймаймыз. Екі балам да үйде шешініп жүреді, еденде кілем жоқ, жел өтуден қорықпаймыз. Осындай өмір салтына үйренген соң саулығымыз арта түсті. Сондай-ақ, біз тұмауды емдемейміз, тек мұрынды тазалап, сұйықты көп ішкіземіз. Біздің өмірімізде анбиотиктер де жоқ. Ондай жағдайға жеткізбейміз, балалардың иммундық жүйесі өзі қарсы тұрады, ал біз бактериялардың таралу факторларын жоюдың барлық амалдарын қарастырамыз.


12118647_10153605151745605_5867057767634436740_n.jpg


Менің екі балам бар, бірі перзентханада екпе алды. Мен айырмашылықты байқадым, денсаулығы бойынша ол әлсіздеу, оның аллергиясы бар. Кенжемізде де аллергия бар, бірақ онда азырақ байқалады. Екпенің рөлі бұл жерде анық көрінеді деп ойлаймын. Алан дүниеге келгенге дейін сәйкес шешім қабылдамағанымызға өкінемін.


Екпе салдырмау оң әсер береді. Жоғарыда айтқанымдай, біз тұмауды және басқа да кез келген ауруды оңай жеңеміз. Қышыма мен қызылшамен де ауырдық. Бәрі де жеңіл өтті. Басқа балаларға қарағанда көп ауырмаймыз, жұқпалы аурудан соң бактериалдық қиындықтар болмайды. Мұның барлығы денсаулыққа әсер етеді деп ойлаймын, себебі екпеден бөлек, балаларда қалыпты сау орта бар.




Вера Ишимова, аудармашы


_DSC5463.JPG


Менің екі ұлым бар. Бірі 10 жасқа толады, ал екіншісы бір жарым жаста. Үлкен ұлымызға екпе салдырдық, ал кенжемізге екпе салдыртпаймыз деп шештік.


Алғашқы жылы баланың ағзасы қоршаған ортаға бейімделіп, нығая түседі деп есептеймін


Сондықтан, туғаннан бастап баланың ағзасына ауыртпашылық түсірмеген жөн. Үлкен ұлымыз дүниеге келген соң екпе салуға қарсылар мен оны құптайтындарды, ғаламтордағы мақалаларды оқыдым, дәрігерлермен кеңестім. Нәтижесінде, барлық артықшылықтар мен кемшіліктерін таразылап, екінші балама екпе салдырмаймын деп шештім. Оның үстіне үлкеніміздің сәтсіз тәжірибесі болды. Екпеден кейін ол көп ауыра беретін болды, онымен көп қиналдық.


_DSC5436.JPG


Барлық туыстар мен достарым аналардың шешімін әрдайым дұрыс деп есептейді, сондықтан да барлығы менің шешіміме түсіністік танытты. Ал, ата-әжелеріміз қазір заман өзгергенін, олардың тәжірибесіне сай істеуге болмайтынын түсінеді.


Иммунитетті нығайту үшін баламен уақытылы балалар гимнастикасымен айналысамыз, массаж жасап, бөлмені желдетіп тұрамыз. Мен көптеген өзге аналар сияқты баланы көп өбектемеймін.


Үлкен ұлыма екпе салынғандықтан, екпе салынбаған балалардың тыныш болатынын байқадым. Балаға ерте кезден екпе салу — ол үшін үлкен күйзеліс. Сондықтан, бұл оның болашақтағы жүріс-тұрысында көрінеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.