facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
dorama-anime-zh-ne-aza-sha-kontent-zhas-sp-r-mder-anday-serialdar-k-ret-n-zh-ne-olardan-ne-yrenet-n-turaly
logo
Дорама, аниме және қазақша контент: жасөспірімдер қандай сериалдар көретіні және олардан не үйренетіні туралы
Главный (каз)

26.04.2023

Дорама, аниме және қазақша контент: жасөспірімдер қандай сериалдар көретіні және олардан не үйренетіні туралы

Біз қазақстандық жасөспірімдермен әңгімелесіп, олардың қандай сериалдар көретінін, Netflix контентін не себепті жақсы көретінін және ситкомдардан қандай пайдалы нәрселер үйренуге болатынын сұрап-білдік.


Алима Каиржанова, 15 жаста, қаласы — Павлодар, @alim.ochka

Дорама, аниме және қазақша контент: жасөспірімдер қандай сериалдар көретіні және олардан не үйренетіні туралы


Өзі туралы

Мен Павлодар қаласында тоғызыншы сыныпта оқимын. Достарымды өте мұқият таңдаймын, сондықтан араласатын ортам соншалықты көп емес.

Мен TikTok аккаунтымды дамытып жүрмін. Ағылшын тілін үйренудемін. Маған ат спорты мен садақ ату ұнайды, бірақ Павлодарда мұнымен айналысуға мүмкіндік жоқ.

Сериалдар туралы

Мен де көптеген жасөспірімдер сияқты сериалдарды жақсы көремін. Көбінесе олар жастардың тап болуы мүмкін өзекті проблемаларды, қиындықтарды көрсетеді.

Мысалы, мен бір жыл бұрын «Ненасытная» сериалын көрдім. Толық болғандықтан, мектепте қиындыққа тап болған қыз туралы. Бір күні оның жағын сындырады, сөйтіп осы оқиғадан соң ол күрт арықтап кетеді. Сериал оның сырт келбеті қалай өзгеретінін көрсетеді, бірақ оның тұлғасы өзгермейді. Маған да сол кезде өз келбетім ұнамай жүрген еді, егер өзгерсем, бәрі әлдеқайда жақсы болады деп ойлайтынмын. Бірақ мұным қате екенін түсіндім.

Ұсынатын 5 үздік сериалы:

— «Блудный сын» — сериал в жанре детектива

— «Ненасытная»

— «Бесстыжие»

— «Сверхъестественное»

— «Деловое предложение».


Марлен Кеңесов, 17 жаста, қаласы — Ақтау, @mqrlenk

Дорама, аниме және қазақша контент: жасөспірімдер қандай сериалдар көретіні және олардан не үйренетіні туралы

Өзі туралы

Мен 11-сыныпта оқимын. Түрлі дүкендерге фотомодель болып жұмыс істеймін. Болашақта кәсіби модель мансабын құрғым келеді.

Менің кәріс парфюмериясын сататын Wdressroom атты жеке интернет-дүкенім бар. Сондай-ақ әртүрлі KPop тауарларын сатамын. Бұл бағытта жүргеніме жеті жылдан асты. BTS-тің үлкен жанкүйерімін.

Қазақстанның тарихы ұнайды. Психология, іскерлік әдебиеттер, детектив жанрындағы кітаптар оқуды ұнатамын. Сондай-ақ футбол ойнағанды ұнатамын. Бұрын футболмен кәсіби түрде айналысқанмын.

Сериалдар туралы

Маған кәріс дорамалары мен жапон анимелері ұнайды. Бір айда ең көбі екі-үшеуін көре аламын.

Мені қызықтыру қиын, сондықтан мен сериалдарды соңына дейін қарай бермеймін. Бірақ кейде ерекше эмоция тудыратын сериалдар да болады. Олардың арқасында мен бірдеңе үйренемін немесе шабыт аламын.

Көптеген жасөспірім сериалдарды жақсы көреді. Әсіресе Netflix-тің сериалдарын немесе кәріс дорамаларын. Жастар интернетте көп уақыт өткізеді және контентті белсенді тұтынады.

Ұсынатын 5 үздік сериалы:

— «Я знаю, но…»

— «Слабый герой»

— «Ахмет. Ұлт ұстазы»

— «Міржақып. Оян қазақ»

— «Монстр: История Джеффри Дамера».


Жанель Уәлихан, 17 жаста, Қосшы, блогер, @zzhanekaa___

Дорама, аниме және қазақша контент: жасөспірімдер қандай сериалдар көретіні және олардан не үйренетіні туралы

Өзі туралы

Мен колледжде «Ағылшын тілінің педагогы» мамандығында оқимын.

Сериалдар туралы

Мен сериалдарды жақсы көремін, бірақ оларды үнемі ұзақ көремін. Әдетте қолым бос кезде немесе уақыт өткізу керек болғанда көруге тырысамын.

Олардан көп нәрсе алуға болады. Мысалы, түрік сериалдарының арқасында мен біраз түрік сөздерін үйреніп жатырмын. Америкалық немесе ресейлік сериалдарда да солай. Ал қазақша сериалдарда үнемі әндеріне мән беремін.

Қазіргі таңда сериалдар әсіресе жасөспірімдер арасында танымал. Бұл жастардың ортасында жиі талқыланатын тақырып.

Ұсынатын 5 үздік сериалы:

— «Постучись в мою дверь»

— «Вампиры средней полосы»

— «Атака титанов»

— «Дневники вампира»

— «Первородные» и «Наследие».

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.