Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
demalys-k-nindegi-sayahat-shymkentke-zha-yn-zherdegi-baly-shy-auyl-shat-aldar-sar-yrama-gir-men-orta-asyrly-ala-orny

Демалыс күнiндегi саяхат: Шымкентке жақын жердегi балықшы ауыл, шатқалдар, сарқырама, үңгiр мен ортағасырлы қала орны
2912

26.12.2016

Демалыс күнiндегi саяхат: Шымкентке жақын жердегi балықшы ауыл, шатқалдар, сарқырама, үңгiр мен ортағасырлы қала орны

Демалыс күндері қалада отыра бергеннен, кейде табиғат аясына шығып тұрған жөн. Ал табиғат пен қызықты жерлер жағынан шымкенттіктердің жолы болыпты. Сондықтан, БІЗ демалыс күндері обасыңызбен немесе достарыңызбен шығуға болатын орындардың шағын тізімін құрастырдық.


БІРКӨЛІК ШАТҚАЛЫ

Қашықтығы: 50 км



Біркөлік шатқалы екі аңғардан тұрады – «сулы» және «құрғақ».


«Сулы» аңғарда Біркөлік өзені ағады және дәл осы жер демалушылар арасында өте танымал. Аңғарда жарға өрмелеу жарыстары өткізілетін «Айлы алаң» бар . Сонымен қоса, аңғардан құздарына ұя салған құстарды, жылғалар мен бес метрлік сарқырамасы бар шатқалдарды да көре аласыз.


«Құрғақ» аңғарда су жоқ, сондықтан оны көп адам біле бермейді. Онда жартастар және кеуіп кеткен жылғалардың тастары көп болғандықтан, жүруге қолайсыз, әсіресе, ыстық күндерде, күн қақ төбеден түсіп тұрғанда қиындықтар тудырады. Сондықтан, бұл жерге келгенде өзіңмен бірге суды көп мөлшерде әкелген жөн.




САУРАН ҚАЛАСЫНЫҢ ОРНЫ

Қашықтығы: 200 км



Ортағасырлық Сауран қаласының орны – Қазақстан мәдениетінің аса маңызды ескерткіштерінің бірі. Кәріздер – Сауран қаласының орнындағы қызықты нысан болып саналатын егістікті суаруға арналған жерасты құдықтар жүйесі. Оның ұзындығы 110 километрден асады. Көптен бері Сауран қаласының орны ескілікті жаны сүйетіндер мен қызық оқиғаларды іздеушілер көптен бері келетін тұрақты орынға айналған.




БАЛЫҚШЫ АУЫЛ

Қашықтығы: 180 км



Кез-келген адам демалып, жыл бойы балық аулауға болатын орын. Ал балықтар уылдырық шашатын кезде тек қармақпен адам басына бес килограмға дейін балық аулауға рұқсат етіледі. Балықшы ауылдың аумағында моторлы қайық пен квадроциклге мінуге болады. Сәкіде, вагон және шатырда орналасып, демалғыңыз келсе, осы ауылға барыңыз.




ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ

Қашықтығы: 80 км



Домалақ Ана кесенесі – Балабөген өзені алқабында орналасқан ХІ ғасырдың архитектуралық ескерткіші. Қазақтар үшін Домалақ Ана – ана мен мейірімнің символы, ол халық арасында парасаттылығымен, даналығымен, сонымен қатар жан тазалығымен және қасиеттілігімен танымал. Күмбезді кесенеде арасынан тек адал, таза адамдар өте алатын екі қасиетті тас бар.




АҚ МЕШІТ ҮҢГІРІ

Қашықтығы: 80 км




Ақ мешіт үңгірі тереңдігі 254 метрді құрайтын үлкен зал сияқты. Үңгірдің керемттілігі – ішінде 40 шақты ағаштан тұратын кішкене тоғайы бар. Аңыз бойынша бұл үңгір «Айдаһар үңгірі» деп аталған. Және мұнда барлық жыл мезгілінде ауа температурасы бірқалыпты.




САЙРАМ-ҰҒАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ

Қашықтығы: 70 км



Сайрам-Ұғам паркі – Оңтүстік Қазақстан облысының табиғаты көрікті жерлерінің бірі. Сайрам-Ұғам паркі Батыс Тянь-Шаннің солтүстік бөлігінде орналасқан. Парк аумағы тау етегіндегі таулы-далалы зонадан биік таулы зонаға дейін жеті табиғи зонаға бөлінген. Бұл жерде 1600-ден астам өсімдік түрі өседі, оның 250-і Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген. Сондай-ақ, мұнда сүтқоректілердің 59, құстардың 300 түрі мекендейді. Паркке келушілерге арнайы әзірленген жеті туристік бағыт ұсынылады.


Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефон нөміріне хабарласыңыз: 8 7252 560 923

Ontustik Tourism Center туристік ақпарат орталығы.