Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
d-st-rl-atyrauly-otbasyny-9-belg-s

Дәстүрлі атыраулық отбасының 9 белгісі
1944

26.12.2016

Дәстүрлі атыраулық отбасының 9 белгісі

БІЗ Атырау тұрғындарымен атыраулық отбасылардың ерекшеліктері жайында әңгімелескен болатынбыз.



— атыраулық отбасылар туралы, басқа аймақтағыларға қарағанда көп «орыстанбаған», қазақша сөйлейді және салт-дәстүрлерді берік ұстануға тырысады деп айтып жатады. Тіпті, отбасындағы балалар орыс тілінде білім алса да, ата-анасы оларды үйде міндетті түрде таза қазақша сөйлеуге әденттендіреді.


— мұндағы ерлер мен әйелдердің сипатынан көшпенділердің болмысы анық байқалады: еркіндікті сүйетін рух пен кейбір мінез «жабайылығы». Сондықтан да олар дөрекілігі үшін жиі ұрыс естиді. Әйткенмен, атыраулықтарды мейірімді әрі бауырмал адамдар деп айтады.


— атыраулықтар тойда талантты адамдарға ақшалай қолдау көрсетуге тырысады, қонақтар өз өнерін ортаға салған әншілер мен бишілерге деген сый-сияпатын аямайды. Ал егерде кішкентай бала өнер көрсетсе, онда той иелері мен қонақтар бір шаттанып қалады. Соңында әртістер тойдан үйілген ақшамен қайтады.


— атыраулық отбасылар дәлдік бойынша еш ерекшеленбейді. Егер тойға шақыру қағазында «сағат 17:00-де басталады» деп жазылса, қонақтар 3-4 сағатқа кешігіп келеді. Ал одан бұрын мейрамхана бос тұрады.


— атыраулық отбасылар өте қонақжай болып келеді, үнемі достар мен туыстарды «шәй ішуге» шақырады, ал дастарқан тағамға толып тұрады. Тәттілерді қоспағанда, міндетті түрде ыстық тағам мен бірнеше салат болады.


— атыраулық әкелер көліктеріне жиі қызыл лента тағып қояды. Олар көз тиюден жақсы қорғайды деп есептелінеді. Сондай-ақ, мұндай ленталарды жас көшеттер мен жаңа үйлерден, «тіл-көзден» сақтайтын барлық нәрседен көруге болады.


— атыраулық отбасында әке бәрінен жоғары тұрады. Отағасына әрдайым үстелден құрметті орын беріледі және әкемен сөз таластыруға болмайды.


— Атырауда үй ханымдары қонақты ешқашан үзім нан жегізбей, аш күйінде немесе құр қол жібермейді.


— дәстүрлі атыраулық отбасында келін тойдан кейін, ең алдымен, өз күйеуінің отбасына сіңісуі тиіс. Ол тек күйеуінің рұқсатымен ғана болмаса, туған үйіне беталды бара бермейді. Келін өзінің жаңа отбасына жағуға тырысып, олардың салтын мұқият үйреніп, оны сақтауы қажет.



Материалды дайындауға көмектескен Рскелдиева Әселге, Талпакова Гүлжан Ізімқызына және Орынбасарова Зинат Қабдешқызына алғыс білдіреміз.