facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
burabayda-y-m-r-nes-men-erekshelenet-n-turaly
logo
Бурабайдағы өмір несімен ерекшеленетіні туралы

22.05.2018

Бурабайдағы өмір несімен ерекшеленетіні туралы

Нуртазия Ильясова, 65 жаста, туған жері — Теміртау


Бурабайға үш жыл бұрын көшіп келдік. Менің күйеуім Щучинсктің тумасы, достарымызға жиі келіп тұратынбыз, олар әрдайым бізді көшіп келіңдер деп шақыратын. Ол жерде үй сатылып жатқан еді, бізге хабарласып, қарауға ұсыныс жасады. Біз балаларымызбен ақылдасып, тұратын жерімізді ауыстыруға шешім қабылдадық.

Ауылдағы өмірге үйрену біз үшін оңай болды


Теміртауда тұрған кезде бізде өз саяжайымыз болатын, ол жерде барлығын өз қолымызбен өсіретінбіз. Бұл жерде де орналаса бастадық. Орманға жақын жерде тұрамыз, бізді керемет табиғат қоршайды. Осы жерге келіп, көзілдірік киюді қойдым, денсаулығым да жақсарды. Балаларымыз Теміртау мен Астанада тұруларын жалғастырып жатыр, бірақ қонаққа келіп тұрады, немерелерімізді де жаз мезгілінде демалысқа әкеледі.

Бурабайда тұрғындар саны көп емес, барлық дүкендер жақын жерде, екі мектеп бар. Адамдар негізінен дүкендерде жұмыс істейді, біреулер құрылыспен айналысады. Бурабайдағы үлкен өндірістерді жауып тастаған, сол себепті жастар табыс табу үшін басқа қалаларға кетеді.

67d5069b-70d6-482a-94d6-0902938b7113.jpg

Бурабайда әрдайым бірдеңе құрылып, жаңа нәрсе ашылып жатады. Маусым айынан бастап бұл жерде бәрі жанданады, көптеген астаналықтар мен ресейліктер келіп, демалады. Бұл жерде әдемі ғимараттар болмаса да, таза табиғат, ауа және су бар.

Немерелеріміз келген кезде біз барлық отбасымызбен көлге барамыз. Күйеуім саңырауқұлақ теруді ұнатады. Негізінен бар уақытымызды бақшада өткіземіз, орманға серуендеуге жиі барып тұрамыз. Аумығымызда демалатын адамдарға арнап үш үй салдық. Бізде демалған адамдар кейін қайтып демалуға келеді.

Қыс пен күз мезгілінде бұл жер ерекше әдемі болады. Ал қазір мамырда қарағай ағаштары жарқын түске боялып, одан да сұлуланады. Бұл табиғатты жақсы көремін және осы жерге немқұрайлы қарай алмаймын.



Нелля Попова, 22 жаста, туған жері — Щучинск


Мен «Афродита» үйлену салонында жұмыс істеймін — бұл менің анамның бастамасы.

fe77fbc9-a3bd-45a3-89cb-d331e91494af.jpg

Біздің қалада Даңқ Аллеясы бар, жазда балмұздақтар мен тәтті мақта дүкеншелері орнатылады. Ол жер менің жұмысымнан бес минут жерде орналасқан. Сондықтан жазда дүкеншелерге дейін серуендеп, тәтті мақта сатып алып, күнге қарағанды ұнатамын. Сонымен қатар, бізде танымал Free Time бар — бұл қолжетімді баға мен тәтті тағам бар жер, бонус ретінде әрдайым өз танысыңызды кездестіре аласыз.

Курортты және курортсыз мезгілдер қатты сезіледі


Жазда қала ұзақ үйқыдан оянған секілді жаңдана бастайды. Бұл уақытта қала да, Бурабай да адамдарға, күлкіге және қуанышқа толы болады. Барлық жерде орман иісімен араласқан кәуап иісі сезіледі. Жазғы үйшіктердің саны көп емес, себебі олар тек жылы күндері сұранысқа ие. Бірақ үйшіктердің аздығы саны көп қонақүйлердің орнын толтырады. Туристер — оларды жақсы көремін, олар біздің қалаға басқаша қарайды және әрбір турист біз көңіл бөлмейтін нәрселерге қарайды.

Адамдар кафелерде, қонақүйлерде және дүкендерде жұмыс істейді, кафе бізде жеткілікті, сол себепті олар ең таңдаулы жұмыс орындары болып саналады.




Айман Нуржанова, 36 жаста, туған жері — Бурабай


Бурабайда туып өстім, ол жерде балалық және жастық шағым өтті. Мектептен кейін оқуға кеттім, қазір Астанада тұрамын, тұрмыстамын, балаларды тәрбиелеп жатырмын. Бірақ әр жазды Бурабайда, ата-анамызда өткізуге тырысамыз. Ол жердің ауасы Астананың ауасына қарағанда шипалы. Бізде аурухана, екі мектеп, екі дәріхана, қонақ үйлер, кафе бар, жақында жаңа қазандық құрастырды, жылу трассаларын өткізді, жеке сектор, қалайтын адамдар өз есебіне жылуға қосыла алады. Жаңа су қоймасынан су құбырын өткізді. Бурабайда да, Щучинскте де білікті медицина қызметкерлері жеткіліксіз. Жақсы маманға көріну үшін адамдарға Көкшетауға және Астанаға баруға тура келеді. Балалардың бос уақытын өткізетін секциялар мен шеңберлер жағы төмен дамыған.

Курортты мезгілде Бурабай тұрғындарының көп бөлігі жұмыспен айналысады: кейбіреулері үйшіктер, пәтерлер, коттедждерді жалға береді, кейбіреулері қайық, квадроцикл, велосипедтерді жалға береді. Енді кейбіреулері балмұздақ, жүгері сатумен айналысады, жалпы айтқанда, қолдарынан келгендерін жасайды. Табыс табу үшін Астана және Қазақстанның басқа аймақтарынан көптеген жұмыскерлер келеді. Бурабайдағы курортты мезгіл өте қысқа, оған қоса соңғы уақытта жаз өте суық. Ол шілде айының аяғында басталып, тамыздың басына дейін жалғасады — бұл ауа-райы қолайлы болған кезде, кейін туристер толқыны тез азаяды. Бурабайда адамдар бай тұрмайды, жұмыс орындары аз, көбісіне жаз мезгілі — кішкене болса да, өз материалдық жағдайын жақсартатын мүмкіндік. Біреулер балаларын мектепке жинап, жөндеу жұмыстарын жүргізсе, екіншілері демалысқа барып келеді.

Таңертең ерте тұрып, тауларда, көлде, орманда велосипедпен, жаяу жүріп, өз демалыстарын белсенді өткізіп, өз арттарынан қоқыс қалдырмай, тіпті басқа біреудің қоқысын жинап кететін туристерге қараған өте жағымды. Қазір ең үлкен кемшілік — қоқыс, ол барлық жерде. Пластик бөтелкелер тіпті тау шыңдарында жатады, бұл қуантарлық жайт емес. Курортсыз кезде Бурабайдағы өмір тоқтап қалады. Тыныштық, өмір баяу және бейбіт түрде өтеді.

Ауылдың жанында жергілікті тұрғындар жқһұмыс істейтін шипажайлар мен қонақүйлер орналасқан. Әкімшілік мекемелер жұмыс орнымен және тамақтанатын жермен қамтамасыздандырады. Бурабайда жұмыс орнын табу қиын, себебі ауыл кішкентай және жұмыс орындары жеткіліксіз. Көбісі Щучинскте жұмыс істейді.

Бурабайды жақсы көремін, ол жер менің тамырым, энергиямды толықтыратын қайнар көзім


Ал Бурабайдың жұлдызды аспанын айтсаңыздаршы! Түнде көшеге шыққанды ұнатамын, басымды көкке көтерем — ол жерде миллиондаған жұлдыздар мен ғарыш!

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.