facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
buenos-ayresta-y-tango-bish-ler-astana-zh-ne-aza-tama-yn-nel-kten-tatpa-andary-turaly
logo
Буэнос-Айрестағы танго бишілері астана және қазақ тамағын неліктен татпағандары туралы

12.05.2018

Буэнос-Айрестағы танго бишілері астана және қазақ тамағын неліктен татпағандары туралы

Sabrina Veliz (Сабрина Велиз), 42 жаста, туған жері — Буэнос-Айрес

Ruben Veliz (Рубен Велиз), 45 жаста, туған жері — Буэнос-Айрес



Астана туралы



DSC_2112.JPG


Қазақстанда алғашқы ретпіз, шынымызды айтсақ, осында келгенге дейін бұл мемлекет туралы аз естідік. Бірақ біз танго бойынша Мәскеу фестивальдеріне жиі қатысып, ол жерде Қазақстанның адамдарымен танысатынбыз. Қала туралы ештеңе білмейміз, себебі қалаға енді келдік. Бірақ, адамдар туралы айтсақ, олар өте сүйкімді және мейірімді.

Біз Буэнос-Айрестенбіз, Астана мен Буэнос-Айрес — әртүрлі қалалар. Мысалы, Буэнос-Айреста ыстық, ал Астанада, біздің байқауымызша, желді.

Өз шығармашылығымызбен басқа адамдармен бөлісуге әрқашан дайынбыз. Біз үшін жаңа мемлекеттер мен қалаларды зеттеу маңызды. Сол себепті осында концертті өткізу үшін бір-екі күнге келдік.

Қазақ ас үйінің дәмін татқан жоқпыз, себебі, саяхаттау кезінде тәуекелге бармай, сахнаға шығу алдында ауырып қалмас үшін аргентиналық асханаға жақын тағамдарды жеуге тырысамыз.

DSC_2130.JPG

Таңертең ерте кетеміз, себебі басқа қалаларда концерттеріміз бар. Португалияға билер фестиваліне барайын деп жатырмыз. Бірақ, келесі жолы Астананы толығырақ білуге мүмкіндігіміз болады деп сенеміз. Біз көріп үлгерген жалғыз нәрсе — аэропорт.

Сонымен қатар, екі күн бойы Алматыда болдық. Ол жерде концерт пен танго сабақтарын өткіздік. Бәрі керемет өтті.



Танго туралы



Тангомен 20 жылдан бері айналысамыз. Онымен Буэнос-Айресте, әртүрлі би шоуларында жұмыс істей тұра айналыстық. Кейін бірге билей бастап, біраз уақыттан кейін жұп болдық. Тангоға дейін Аргентинаның халық билерін орындадық.

DSC_2152.JPG

Қуанышқа орай, әлем бойынша саяхаттап, түрлі билер фестивальдеріне қатысуға мүмкіндігіміз бар. Әрдайым қызымызбен бірге саяхаттаймыз. Қазір басқа мемлекетке қызымызсыз баруды елестете алмаймыз. Оған дейін ұлымызды бірге алатынбыз, бірақ қазір оның жасы 20 және ол Буэнос-Айресте оқиды.

Жарты жыл бойы түрлі мемлекеттерге саяхаттап, жұмыс істейміз, келесі жарты жылды Буэнос-Айресте өткізіп, демаламыз. Әрбір тур екі ай ауқымында болады, кейін екі-үш бойы үйде демалып, қайтадан турға жиналамыз. Көптеген мемлекеттерде болдық, тіпті есептеу де қиын. Бірақ, жыл сайын барып тұратын мемлекеттер бар, мысалы, Швейцария. 12 жыл бойы сонда жұмыс істейміз, олар тангоны жақсы көреді. Сонымен қатар танго Италияда, Мәскеуде, Ресейдің кейбір қалаларында, Германияда, Түркияда, атап сайтсақ Стамбулда атақты.

DSC_2138.JPG

Біз Астана және Алматы театрларында концерттерді өткіздік. Қазақстандағы бишілер қоғамдастығы мен ұйымдастырушыларға қолдау көрсеткіміз келеді. Түрлі қалаларда жиі кездесіп тұратын фестиваль ұйымдастырушы таныстарымыз бар. Қазақстанға келесі жолы қашан келетінімізді білмейміз. Бұл графикке және ұйымдастырушылардың бізді келесі жолы қайта шақырғысы келетіндеріне байланысты.

Астанада 800 адам келген концертті өткіздік. Алматыда театр кішкентай болды, сондықтан бізді тек 300 адам бағалады. Көрермендер бізді жылы қарсы алды, олардың энергиясын сезіндік. Барлығы тұрып, қол шапалақтады. 1,5 сағатқа созылған концертке 8 адам қатысты: 4 музыкант, фортепиано, скрипка, контрабас, бандонеонде ойнаушылар және екі биші жұптары.

DSC_2119.JPG

Репертуарымызды әрдайым жетілдіреміз, себебі қимылдарды келтіріп, музыканы ыңғайлауға, хореографияны қоюға көп уақыт кетеді. Сахнаға шығу алдында міндетті түрде музыканы сезініп, қимылдар мен қойылымды қайталау керек, бишілер арасында байланыс сезінілуі керек.

Танго қимылдарын жасыңызға байланысты келтіріп, терең кәрілікке дейін билеуге болады, сол себепті сахнада әлі қанша болатанымызды білмейміз. Уақыт көрсетеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.