facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bolgariyada-y-aza-tar-ara-te-z-zha-alauynda-m-r-s-r-p-sofiyada-biznest-damytu-turaly
logo
Болгариядағы қазақтар Қара теңіз жағалауында өмір сүріп, Софияда бизнесті дамыту туралы
Басты бет

28.08.2018

Болгариядағы қазақтар Қара теңіз жағалауында өмір сүріп, Софияда бизнесті дамыту туралы

Айгерим Чолева, 37 жаста, туғанжері — Алматы, кофехана — отбасылық бизнесі


Болгарияға 2012 жылы көштім, себебі болгар жігітіне күйеуге шықтым. Алматыда танысып, үйлендік. Көшіп жатқан кезімізде жұбайымның Алматыда тұрып жатқанына он жыл болды және біздің жарнамалық агенттігіміз болды. Ісіміз өзімізге ұнамады, сондықтан күйеуімнің Отанына көшуді шештік. Сонымен қатар, мен балаларымның еуропалық білім алғандарын қаладым.

WhatsApp Image 2018-08-14 at 23.39.54.jpeg

Софияға көшіп, айтарлықтай қиындықтарды кездестірген жоқпын, себебі бұған дейін бірнеше рет Болгарияға келдім және болгар тілін де жақсы білдім. Бірақ алғашқы жарты жыл бойы өзімді турист емес, осы елдің тұрғыны екенімді сезіне алмадым. Тұратын үй іздеп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, орналастық. Өмір ритміне үйренгеннен кейін бұрынғы өмірімнен бірдеңе жетіспейтінін түсіндім. Болгарияда өмір тыныш әрі ырғақты, мұнда ешкім және ешқайда асықпайды. Бұл жерде Алматыға тән қарбалас пен асығыс жоқ.

Мұндай өмір қарқынымен өмір сүруге үйренбегенімді түсіндім, маған Қазақстанда болған қозғалыс жетіспеді. Бірақ уақыт өте келе бұған үйрендік.

Софияда бизнес аштық — сапалы кофе ұсынатын шағын кофехана. Мұнда бәсекелестік өте үлкен, әрбір жерде кофе сатады. Бірақ болгарлар кофені сүйіп ішеді. Бизнесті де ашу қиын емес. Көшеде қымбат көліктерді жиі кездестіруге болатынын, ал кейбір мейрамхана немесе дәмханада бос үстелге отыру үшін кезекте тұру қажет екенін байқадым.

Софияда бизнес аштық — сапалы кофе ұсынатын шағын кофехана


Жалға алу жұмыстарына қатысты мұнда мамандардың тапшылығы бар. Егер сіз жақсы маман және өз ісіңіздің білгірі болсаңыз, онда жақсы еңбекақы төленетін жұмыс табуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл жерде шетел мамандары көп.

Болгариядағы табыс деңгейі аса үлкен емес. Бірақ, менің ойымша, егер қашықтықта жұмыс істейтін мүмкіндігіңіз болса, онда Болгарияны өмір сүретін жер ретінде таңдауға болады. Өйткені Болгария қымбат емес ел, сондай-ақ, ЕО мүшесі.

Сонымен бірге мұнда әлі де коммунистік биліктің іздері қалды. Әсіресе бұны мемлекеттік мекемелерге түскен кезде сезінесің. Тағы мұнда кеңес стиліндегі тірегендер көптеп кездеседі.

Болгарияда жыл бойы қымбат емес жемістер мен көкөністер қолжетімді. Болгар ас үйі ерекше, бірақ дәмді және негізінен олар шошқа етінен тағамдар дайындайды. Алайда мұнда түрік ет дүкеншелері бар, онда кез келген уақытта бұзау мен қой етін сатып ала аламын.

Қазақстанмен салыстырғанда мұнда коммуналдық қызметтердің бағасы жоғарылау, әсіресе бұл жылытуға байланысты. Орталық жылыту бүкіл жерде жоқ, сондықтан әркім үйлерін мүмкіндігінше жылытады: кейбіреулері қуатпен, басқалары кондиционермен, тіпті пеш жағады, бірақ ең қолайлысы газ — жылы, ыңғайлы әрі экология жағынан таза.

Мен үшін Болгариядағы өмір жайлы әрі тыныш. Мұндағы климат жағымды, табиғаты әдемі, жасыл өсімдіктер, саябақтар, минералды көздер көп. Жылдың көп бөлігі жылы. Алматымен салыстырғанда ауа тазалау, бірақ болгарлардың өздері ауа сапасына көңілдері толмайды. Тағы бұл жерде Қара теңіз бар. Софиядан шығысқа 400 шақырым жерде теңіз ауасымен рахаттана аласың. Әрине, барлық жерде артықшылықтар мен кемшіліктер бар, бірақ мен үшін Болгарияның артықшылықтары көбірек.

Әр демалыста бір қалаға экскурсияға немесе табиғатқа, тіпті жақын шетелге барып келуге болады


Болгария — шағын мемлекет, бірақ тарихы бай. Әрбір қалада тарихи ескерткіштер бар. Әр демалыста бір қалаға экскурсияға немесе табиғатқа, тіпті жақын шетелге барып келуге болады. Көлікпен тек Болгарияны ғана емес, бүкіл Еуропаны шарлап шығуға болады.

Болгарлар өз салт-дәстүрлерін қастерлейтіндері жағымды таңғалдырды, оның ішінде жастар да бар. Әрбір адам «Хоро» ұлттық биін билей алады және бүкіл жерде ұлттық би сабақтары бар, көбісі ұлттық өлеңдерді біледі және айтады.

WhatsApp Image 2018-08-14 at 23.39.56 (1).jpeg

Болгарияда орысша сөйлейтін адамдар көп, әсіресе Қара теңіз жағалауында. Кейбір теңіз шипажай қалаларында, әсіресе жаз мезгілінде, орыс тілі болгар тілінен гөрі жиі естіледі. Орысша сөйлейтін көп адамдар теңіз шипажайларында жазғы үйлерді сатып алады. Көптеген болгарлар үшін, олардың Қазақстанды білетіндеріне қарамастан, егер бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының бірі болып, орысша сөйлесекбарлығымыз шартты түрде орыспыз.

Көшеде егде жастағы қол ұстасқан жұпты немесе қоғамдық орында сүйісіп жатқан жастарды көру — қалыпты жағдай, ешкім бұл үшін сені ұятқа қалдырмайды


Болгарлар шыдамды, байсалды, сыпайы және балаларды жақсы көреді. Олар бір-біріне деген сезімдерін еркін білдіреді. Көшеде егде жастағы қол ұстасқан жұпты немесе қоғамдық орында сүйісіп жатқан жастарды көру — қалыпты жағдай, ешкім бұл үшін сені ұятқа қалдырмайды. Мұнда үлкен немесе ересек адамға құрметпен табыну жоқ. Мұнда жас шамасын сыйлайды, бірақ бұл жасы бойынша кіші болгар үлкенді сөссіз тыңдап, кеңесіне құлақ асады деген сөз емес. Тіпті керісінше, жас үлкенді үйретуі мүмкін.

Болгарияда маған қарым-қатынас жетіспейді. Әрине, мұнда бірнеше құрбым бар. Кейде отандастарымыз жиналады, бірақ бұл өте сирек болады. Өкінішке қарай, әлі достарымның арасында болгарлар жоқ, тек күйемнің ортақ достары. Мүмкін, бір компанияда жұмыс істегенімде әріптестерім арасында достарым пайда болар еді.

Әрине, маған қазы, кәуап және үйдің қаймағы жетіспейді.

Отаныма, өкінішке қарай, сирек келіп тұрамын. Соңғы рет Қазақстанда бес жыл бұрын болдым. Бірақ туыстарым бізге демалуға келіп тұрады. Жақын болашақта Қазақстанға барамын деп үміттенемін.



Альмира Рамазанова, 21 жаста, туғанжері — Астана, студент


Мектеп бітірген кезде оқуға түсуім бойынша шешім қабылдау керек болды. Бұл менің атам мен апамның Болгарияға көшулерімен сәйкес болып шықты, өйткені ол мемлекет олардың жастарындағы адамдар үшін өмір сүруге қолайлы. Жасым 17 болды, Болгарияға жақындарыммен көшу ең қолайлы орын болады деп ойладым, осылайша Бургасқа көштік.

WhatsApp Image 2018-08-14 at 23.40.40.jpeg

Бастапқы кезде тек бейімделумен қиындықтар туындады. Дүкенге келіп, ағылшын тілінде бірдеңе сұрауым мүмкін болды, бірақ адамдар мені түсінбеді. Пәтерден жай ғана далаға шығуға қорықтым, өйткені менде қорғансыздық сезімі болды. Уақыт өте келе оңайырақ болды.

Мені күз және қыс мезгілінде қаланың бос болып қалуы таңғалдырды. Астанада өскен адам үшін бұл үйреншікті емес нәрсе. Бірақ теңіз жағасында өмір сүріп, күн сайын бұл сұлулықты көрген кезде мұның бағалы екенін түсінесің.

Болгария Еуропа орталығы болмаса да, оның бір бөлігі және ондағы өмір мен Қазақстандағы өмір өзшеленеді. Қазақстанда алтында шомылып жатырмыз деп пікір айта алмаймын, бірақ онда біздікіне қарағанда барлығы бір саты төмен. Мәселен, Болгариядағы азық-түлік бағалары бірдей, кейде арзандау болады.

WhatsApp Image 2018-08-14 at 23.40.40 (1).jpeg

Болгария вегетерианшыларға, теңіз өнімдерін, жаңа піскен жемістер мен көкөністерді жақсы көретін адамдар үшін жұмақ. Барлық жемістер бақшада өседі, ал балықты кез келген базарда сатып алуға болады.

Адамдардың шетелдіктерге деген көзқарастары сүйсіндіреді. Болгариядағы адамдар ықыласты. Бір рет құрбым төлқұжатын түсіріп алды, біз полицияға жүгінген кезде оны біреу тауып алып, әкелгенін айтты. Осы жағынан біздің де адамдар болгарларға ұқсағандарын қалар едім.

Болгариядағы адамдар ықыласты


Үйге кез келген қолайлы жағдайда келуге тырысатынмын: жазда мұнымен қиындық туындамайды, ал қыста қиындау. Болгариядан кейін Чехияға оқуға бардым, онда Еуропаның көптеген елдеріне баратын мүмкіндігім пайда болды. Олардың арасында қайта-қайта оралғым келетін елдер бар. Бірақ, бұған қарамастан менде ешқашан Қазақстаннан тыс жерде қалатын ойым болған жоқ.



Айсулу Бекбауова, 22 жаста, туған жері — Орал, білім бакалавры, халықаралық тасымалдау магистрі


Болгария елінің тарихи астанасы — Софияда жеті ай бойы тұрдым.

WhatsApp Image 2018-08-14 at 23.40.16.jpeg

Басқару мен менеджмент бойынша ESFAM — Жоғары Франкофон Мектебіне магистратураға түсіп, ол жерде француз тілінде оқыдым.

Көшкен кезде қиындықтар болған жоқ. Бәрінен гөрі мені болгарлар ғажап жолмен сақтап қала алған түрлі дәуірдегі тарихи ғимараттар таңғалдырды. Мәселен, София орталығында «Сердика» метросына кірген бетте ХІ ғасырда салынған Света Петка Самарджийсктің Шіркеуі орналасқан.

Болгариядағы өмір баяу ырғақпен өтеді. Софияда өмір сүрген барлық уақыт бойы ашулы немесе өмірге өкпелі адамдарды көрген емеспін.

Қазақтар мен болгарлардың еш ұқсастықтары жоқ деп айтуға болады, біздің халық тыныш әрі бейбіт.

WhatsApp Image 2018-08-14 at 23.40.18.jpeg

Болгарияның адамдары ақкөңіл және бауырмал, бірақ мұнда шылым шегетін адамдар көп.

Бұл жерде үйдегі жайлылық пен дәстүрлі тағамдарымыз жетіспеді. Қысты күні үйдің іші салқын, жылытудың орнына кондиционер болды. Үйдегі ауа температурасы даладағыдай болды, ал электр қуаты қымбат.

Еуропада тәжірибе жинап, ары қарай Қазақстанда тұруды жоспарлап жатырмын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.