facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bolasha-sh-k-rta-yly-ba-darlama-boyynsha-shetel-zho-ar-y-o-u-ornyna-alay-t-suge-bolady
logo
«Болашақ» шәкіртақылы бағдарлама бойынша шетел жоғарғы оқу орнына қалай түсуге болады

30.09.2017

«Болашақ» шәкіртақылы бағдарлама бойынша шетел жоғарғы оқу орнына қалай түсуге болады

«Болашақ» халықаралық стипендиясы — азаматтардың шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасы Президентімен тағайындалатын стипендия.


«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері кім бола алады?


Бағдарламаға:

— магистр, доктор дәрежесін алуға

— резидентурада оқуға

— тағылымдамадан өтуге үміттенетін Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады.


Құжаттарды қабылдау 2017 жылғы 29 мамырдан 15 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады. Бірақ жоғары сұраныс себебінен осы жылы қабылдау 16 қазанға дейін созылған.


«Болашақ» халықаралық стипендиясы әрбір дәреже бойынша бір рет тағайындалатынын ескеру маңызды болып табылады.«Болашақ» бағдарламасының аясында халықаралық стипендияны тағайындауға жыл сайын үлестеме белгіленеді.


«Болашақ» бағдарламасы бойынша түсу тәртібі


I кезең. Түсу үшін санаттарды анықтау

«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында ҚР азаматтары магистратура, резидентура, докторантура немесе тағылымдамадан өту бағдарламалары бойынша түсе алады.


Аталған білім бағдарламаларына:

— магистр дәрежесін алу үшін мемлекеттік қызметшілер

— магистр дәрежесін алу үшін ғылыми немесе педагог қызметкерлер

— магистр дәрежесін алу үшін мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер

— магистр дәрежесін алу үшін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері

— магистратураға, резидентураға, доктарантураға, тағылымдаға өз бетімен түскендер

— жалпы конкурс санатына қатысушылар түсе алады.


II кезең. Қажетті құжаттарды дайындау

Құжаттарды тапсыру мерзімдері туралы ақпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында жарияланады. Қабылдау мерзімдері алдын ала жарияланады, сондықтан барлық құжаттарды жинап, оларды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға ұсыну мүмкіндігіңіз бар.


Оқуға түсуге үміткерлерге төменде көрсетілген құжаттар пакетін дайындау қажет:

үміткер саулнамасы

— мемлекеттік қызметшілер, ғылыми немесе педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері санаттары бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін Жұмыс органымен бекітілетін нысанға сәйкес жұмыс орнын сақтау шартымен маманды даярлауға жұмыс берушінің өтінімі

— уәждемелік хат

— ұсыным хат

— Жұмыс органымен бекітілетін үміткердің толтырылған саулнамасы

— жеке куәліктің және төлқұжаттың түпнұсқалары мен көшірмелері

— бакалавр немесе маман дипломы және оның қосымшасы

— 082-у нысандағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама

— еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналар туралы үзінділер

— бар болған жағдайда, шет тілі мен мемлекеттік тіл бойынша емтиханды тапсыру туралы сертификат

сондай-ақ, санатына қарай жоғарыда сипатталған құжаттардың негізгі тізіміне мынадай құжаттар қоса берілсін:

  • докторантура бағдарламасы бойынша өз бетімен түсетіндер үшін:

— бағдарлама, мамандық және оқу кезеңін көрсетумен академиялық оқуға шартсыз қабылдау туралы құжат (талап етілетін деңгейге дейін шет тілін білу деңгейін арттыру бойынша талаптар мен қаржы талаптарын қоспағанда) мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармамен бірге

— осы дәрежені алу үшін шетелдік жетекші жоғары оқу орнымен келісілген және шетелдік жетекші жоғары оқу орнымен белгіленген мерзімдерден аспайтын жеке оқу жоспары

  • тағылымдамаға түсетіндер үшін:

— тағылымдамадан өту мерзімдерін, мамандығын және құнын (есептеулерді түсіндірумен) көрсетумен тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруын растайтын құжат (талап етілетін деңгейге дейін шет тілін білу деңгейін арттыру бойынша талаптар және қаржы талаптарын қоспағанда), мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармамен бірге

— қабылдаушы және жіберуші тараптар талаптарына сәйкес жасалған және олармен бекітілген тағылымдамадан өту бағдарламасы

  • өз бетімен түсетіндер үшін:

— бағдарлама, мамандық және оқу кезеңін көрсетумен академиялық оқуға шартсыз қабылдау туралы құжат (қаржы талаптарын қоспағанда) мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармамен бірге.


III кезең. Оқу үшін мамандықты және оқу орнын таңдау

Оқу үшін мамандықты және оқу орнын таңдау үшін мыналар қажет:

— стипендия тағайындалуы үшін басым мамандықтар тізімінде мамандықты табу, онда әр мамандыққа қарама-қарсы оң шеткі бағанда оқу мүмкін болатын оқу елдері көрсетілген

— мамандықты және оқу елін анықтағаннан кейін Жетекші жоғары оқу орындарының тізімінен оқу орнын таңдау.


IV кезең. Конкурстық іріктеуді жүргізу

Келесі кезең конкурстық іріктеуді жүргізу болып табылады. Конкурстық іріктеу 6 турдан тұрады.


Бірінші тур келесі кезеңерден тұрады:

— уәждемелік және ұсыным хаттар

— мемлекеттік тілді білуге тестілеу

— шет тілін білуге тестілеу

— кешенді тестілеу

— тәуелсіз сараптамалық комиссиямен әңгімелесу

— республикалық комиссия отырысы.


Алматы мен Астана қалаларында өткізілетін шет тілін білуге тестілеуді қоспағанда, барлық кезеңдер Астана қаласында өткізіледі. Конкурстық іріктеудің қалған 5 туры Астана қаласында өтеді. Әр үміткерге тестілеу күні туралы емтиханға 5-6 күн бұрын жеке хабарлайды. Конкурстық іріктеуді жүргізуге жауапты. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері әр кезеңнен кейін 15 күн ішінде үміткерлерді нәтижелер жөнінде хабардар етеді.


«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері болдыңыз.

Республикалық комиссия «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдаған күннен бастап 90 күнтізбелік күн ішінде стипендия иегері оқуға шартты жасайды. Шарт оқуды ұйымдастыру/тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру бойынша барлық шығындарды төлеумен байланысты ақшаны аудару үшін негіз болып табылады.


Дереккөзі: egov.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.