facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
big-som-rep-pen-m-nayshy-zh-mysyn-b-rge-steu-men-basketbol-ala-yn-satyp-al-u-turaly
logo
Big Som рэп пен мұнайшы жұмысын бірге істеу мен баскетбол алаңын сатып алңу туралы
Өмір сүру стилі

08.09.2018

Big Som рэп пен мұнайшы жұмысын бірге істеу мен баскетбол алаңын сатып алңу туралы

Cамсон Аракелян, Big Som, 40 жаста, туған жері — Ақтау, рэп орындаушы, Маңғыстау облысы баскетбол Федерациясының президенті, FIBA техникалық делегаты

IMG_5303.jpg


Барлығы қалай басталғаны туралы


Ақтауда туып өстім. Бұл 60 жылдары КСРО жастары салған көпұлтты қала. Онда ұлттар көп: қазақтар, армяндар, әзірбайжандар, шешендер, украиндер, орыстар, қырғыздар. Бұл көпұлтты мәдениет маған және менің тәрбиеме әсерін тигізді. Ешқашан музыкамен айналысқан емеспін және әлі күнге дейін ноталарды да білмеймін. Ән айтуды қазір ғана бастадым.

Бір ретте кабельді теледидардан hip-hop және рэп көрдім. Ол Chris Cross пен MC Hummer болды. Жақсы мәдени есеңгіреуде қалдым. Бұл жай музыка ғана емес, спорт, сән, дыбыс, қуат үйлесетін өмір салты екенін көрдім. Бұл мені таңғалдырды және қатты еліктегім келді. 19 жасқа дейін күн сайын бірнеше сағат бойы осы музыканы тыңдап, hip-hop және рэптың меломаны болдым. Баскетболды да жақсы көре алдым, өйткені ол рэп-музыканың жанында болды.

Өмірімде төрт жылға созылатын кезеңдер бар. Өмірде жиі жолым болады. 19 жасымда осындай сәттіліктің бірі болды. Маған ди-джей жұмысын ұсынған жігітті кездестірдім, ол: «Сенің музыканы сүйетініңді білемін. Теңіз жағалауында open air ұқсас жаңа орын ашылып жатыр — «Каспий жағалауы». Біз күзетті ұйымдастырамыз, ал демалыс күндері ди-джей қажет», — деді.

gDsN49CCzAQ.jpg

Мен жай ғана досыма көмектескім келді, нәтижесінде ең атақты ди-джейге айналдым. Халық арасынан шыққан ди-джей болдым, өзіммен бірге жүз дос әкелдім, ал олар жүз дос қыздарын әкелді. 200 адам жиналып, жаңаша ән ойнаған жерде көңіл көтеру басталады, ал қалған қала сол жерге келгісі келеді. Сол кезде Ақтауда 150 мың адам тұратын, ал біз демалыста 1000-1500 адам жинайтынбыз.

Ди-джей ретінде адамдарға қандай музыка ұнайтынын түсініп, рэп ойлап шығаруды бастадым. Бұл әлі өлең де болған жоқ. Ән аралықтарында, яғни сөздері жоқ музыка, бит ойнағанда мен өзімнің рэптарымды оқитынмын.


Рэп пен музыка туралы


Сол 1998 жылы рок тобымен таныстым. Менің өлең жолдарымнан ән шығаруға болатынын шештім. Біз жанды концерт ұйымдастырып, бұдан кейін музыканы жазу керек екенін шештім. Сол кезде музыканы өзімізге жасауға болатынын білмедік. Біз белгілі рэп орындаушылардың музыкасын алып, кесінділерді байланыстырып, өлең жасайтынбыз.

90 жылдары жастар басқаша өмір сүретін. Көптеген түрлі көшелік оқиғалар болды. Менің бірінші өлеңімнің аты дөрекі, ол қарындасым секілді қыз жайлы болатын, бірақ уақыт өте келе ол түрлі көліктерде әртүрлі балалармен жүретін болды.

Бірінші өлеңімді Абай атындағы мәдениет үйінде жаздым. Онда компьютер және жабдықтар болды. Мені ол жерге сол үйдің басшылығы шақырды, себебі олар менің кеш өткізуімді қалады. Олар кеш ұйымдастырды, бірақ олардың барлық клиенттерін мен шақырған едім.

Барлық адамдар секілді мен де өз шығармашылығыма теріс қарадым. Менің ойымша, ол ескірген және қызық емес. Алайда әрбір кеште кезек жиналатын.

Ішімдік немесе ақша ұсынып, менің өлеңіме тапсырыс берген қыздар да кездесті. Адамдарға ұнайтынын түсініп, ай сайын өлең жаза бастадым. Олар кассеталарға тарады, ғаламтор ол кезде жоқ еді. Осылайша адамдар үшін басқалар айтпайтын жаңа нәрсе әкелген рэп орындаушы болдым.

Сондай-ақ, азаматтық істер бойынша заңгер болып жұмыс істедім, яғни қорғаушы. Ол кезде сотты хатшылар, яғни сот алқасына іс қағаздарды жүргізуге көмектесетін 25 жастағы қыздарға байланыс мүмкіндігі арқылы жеңуге болатын. Олардың барлығы менің кештерімде көңіл көтеретін. Алғашқы жарты жыл бойы бір істі де жеңілген емеспін. Сонда компаниямызда мансабы көтерілген жас жұлдызға айналдым. Бұл жағдай музыканың қаншалықты көмектесе алатынын көрсетті.

Бұл жағдай музыканың қаншалықты көмектесе алатынын көрсетті


Өлеңдерім неғұрлым көп болса, соғұрлым танымал бола бастадым. Кештер ұйымдастырып, жеке ән айтып, концерттер бере бастадым. Мұның барлығы Ақтаудан тыс жерге шықты.

Бастапқы кезде жай ғана Самсон ретінде шығып тұрдым. Кейін жас балалар бірнеше топтың бірлестігін жасауды ұсынды. Жасым 20 болса да, компаниямызда ең үлкені болдым. Олар атауларын менімен байланыстыруды қалайтындарын айтты, өйткені мен үлкенімін. Мені қысқаша Som деп атайтын. Бұл баскетболдан келді, өйткені ойында «Самсон» деп атау тым ұзақ. Біз Som Clan деп аталдық. Қазақстанның батысы бойынша көбірек гастрольдік сапарларға шығуды бастадық. Қазақстанда бізді аса таныған жоқ. Бірақ ғаламтор пайда болған кезде бізге Ресейден үлкен лебіздер келе бастады.

Форумдардың бірінде мен «Каста» тобы ТМД елдеріндегі ғаламторда танымал топтардан жинақ жасағылары келетінін көрдім. Сол уақыттағы Ресей аумағында Hip-hop деңгейі мен бағытын түсіне отырып, жинақ үшін керемет өлең қажет екені айқын болды. «Маған ақшаны көрсет» өлеңін жасап, поштаға жібердік. Бізге Влади хабарласып, жақсы екенін айтып, тағы сондай өлең жазуды сұрады.

CD шығатын жинаққа кіргеннен кейін бізге бас айналдырарлық сәттілік келді. Бізді көптеген продюсерлік орталықтар байқап, екі фестивальде ән айтуды ұсынды: Adidas Streetball Challnge және белгілі халықаралық «Кофемолка» фестивалі.

ddpMNAT0KBE.jpg

Бұл екінші кезең болды — 2002-2003 жылдар. Мәскеуге барғанда бізді 30 адамнан тұратын жанкүйерлер тобы қарсы алды. Біз таңғалдық. Күндіз ән айттық, бірақ көрермендер көп болды, ал концерттен кейін маған бірден үш продюсер және фестиваль ұйымдастырушылары келді. Олар: «Жігіттер, сендер керемет шулатып жатсыңдар! Келісім-шартқа отырайық», — деп айтты. Бірақ мен сәл күте тұруларын сұрадым, өйткені кешке «Каста» тобы келеді және олардың да бізге ұсыныстары бар. Дәл солай болып шықты.

Сол кезде «Каста» олардың Respect Production лейблы секілді ресейлік hip-hop бойынша ең танымал топ болды. Мен келісім-шартқа қол қойдым. Альбом осы лейблмен шықты.

Біз «Кофемолка» фестиваліне де бардық, келген бетте қазылар алқасын кездестірдік, олар біздің өлеңдерімізді жатқа білетіндерін және фестивальді кім ұтуы мүмкін жайлы сұрақтар туындамау керек екенін айтты. Бас жүлдеге ие болдық.

Сол кезде hip-hop табысты болған жоқ, сондықтан мен он жыл бойы мұнайшы болып қызмет еттім. Вахта бойынша жұмыс істеп, концерттерге де барып тұрдым. Музыкада 2-3 жыл бойы үзіліс жасап отырдым.

Кезекті үзілістерден кейін бизнесті бастап, студия аштым және қайтадан музыкалық мансабымды бастадым. Skif-пен орындаушы ретінде жұмыс істедім. Жанымда серіктес пайда болды. 2008 жылы екеуміз Doma Doma студиясын ашып, жарты жыл бойы материал жаздық. 7292 Aktau Doma Doma танымал өлеңі күлкілі болды және тек ақтаулықтарға арналды. Біз жай ғана ақтаулықтар ғана түсінетін өлең жазғымыз келді.

IMG_5439.jpg

Сол кезде мен тағы баскетбол федерациясының директоры болып тағайындалып, Маңғыстау облысында баскетбол Федерациясын аштым. Жұмыс алға жылжыды, сонда баскетбол федерациясы маған алғыс білдіріп, Қазақстан баскетбол құрамасымен менеджерлердің бірі ретінде чемпионатқа жіберді.


Танымал өлеңдер туралы


7292 Aktau Doma Doma өлеңін құрамамен сапарға барар алдын шығардық. Мен Жаңа Зеландияға ұшып, тек бір айдан кейін қайтып келдім. Келіп, көліктен шыққан кезде оның барлық жерде ойнап жатқанын естідім. Сол кезде не болғанын түсіндім. Ақтауда бұл өлең барлық жерде болды, ал кейін ол қалғандарына да ұнады. Содан соң біз Қытайда, Лондонда, Санкт-Петербургте, үлкен қалаларда ән айттық, сонда адамдар бұл өлеңді ақтаулық өлең ретінде емес, ал жалпы қазақстандық ретінде қабылдай бастады, әсіресе шетелде. Өлең «Ақтау» сөзінің бейресми әнұраны немесе синониміне айналды.

Сәттілік келген кезде бір гастрольге көптеп барып жүрдік, бірақ тар бағытта. Белгілі бір шыңдарды бағындырдым және мұнай саласына оралып, ақша табу қажет болды. Алайда кетер алдын бөтен аумаққа кіргім келді: продюсерсіз, музыкалық білімсіз поп-музыка саласына кіруді қаладым. Мен поп саласы болып саналатын, бірақ рэп оқылатын өлең жазғым келді. Сол кезде «Жалғыз» өлеңімен жұмыс жасай бастадым.

Луина, жаңа бастаған және жылдам дамып жатқан әнші, өзінің 13 жасында менің концерттеріме келетін. Оған адамдар рэп бөлігін түсіну үшін жақсы қайырма керек екенін түсіндірдім. Оны осы қайырманы орындаушы ретінде көрдім. Жұмысты бастадық, бізге Son Рascal көмектесіп отырды. Нәтижесінде шыққан өлең маған ең бағалы өлеңдердің біріне айналды. Ойымдағы нәрсені іске асыра алдым — үздік өлеңдердің қатарына қосылдым. 2012 жылы Луинамен, Карандашпен, L`One және ST өлең жасадым. Бұл үшінші кезең болды. Бұдан кейін гастрольдік сапарларға барып, бизнес пен баскетболға оралдым.


Баскетбол туралы


IMG_3475.jpg

Баскетболды көшеде ойнай бастадым. Алайда кейін Қазақстан Жоғары Лигасында Kaspiy баскетбол клубының құрамасында екі мезгіл ойнап үлгердім.

Кейін музыкалық танымалдылығым пайда болғанда баскетбол федерациясының вице-президенті Ақтауда болып, маған федерацияны басқаруға ұсыныс жасады. Бірақ мен бастапқы кезде қарсылық білдірдім, өзімді демеуші ретінде ұсындым, алайда ол кейін мені көндірді және адамдармен сөйлесе білетінімді айтты. Қазір федерацияға басшылық етіп отырғаныма он жыл болды. Мақсаттарымның бірі Kaspiy клубын басқару болды және екі жыл бұрын мен клуб директоры болдым. Өткен жылы оның меңгерушісі атандым. Баскетболдық клубтар жекешелендіріледі, қазір осы клубтың иесі болуды іске асырып отырмын.

Баскетбол маған көп нәрсе берді: достарды, серіктестерді және маған қолдау көрсететін адамдарды. Баскетбол арқылы бизнес серіктестерімді де тауып отырдым. Алаңда бірге ойнап, бірден адамның өмірде қандай екенін көруге болады: қастық жасай ала ма, қол ұшын беруге дайын ба, жеке тұлға ма.


Маңызды жобалар туралы


G0018484.JPG

Мені танымал еткен екі жоба бар. Бірі — Aktau Open Fest, 2016 жылы 100 мың адам жинаған музыка және спорт фестивалі. 30 мың адам бір сахнаның алдында рэп тыңдау үшін жиналатынын елестете алмадым.

30 мың адам бір сахнаның алдында рэп тыңдау үшін жиналатынын елестете алмадым


Екінші жоба — баскетбол және мәдени менеджмент саласындағы халықаралық мансап. Мен Орталық Азияда FIBA техникалық делегат жұмысына лицензия алған жалғыз адаммын. Бұл жылы Үндістан, Ливан Олимпиадаларына біліктілігімен баскетбол құрамаларының матчтарын ұйымдастырдым. Қыркүйекте Филиппинде ұйымдастырамын. Мен толығымен FIBA тарапынан event ұйымдастырдым. Мен үшін бұл музыкадан бас тартқан мақсат болды.

94bfd8ae-72e3-48ad-b6da-cf523a077a82.jpg


Қағидалар туралы


Шетел компанияларында жұмыс істедім және он жылдан кейін сол жалақымен, дәл сол орында отырамын және барлығы жақсы болады деп елестететінмін, бірақ өмірмен қанағат бола аламын ба. Жасым 38 болды. Тек өзіме ұнайтын нәрсені жасайтынымды түсіндім. Бұл талап етілетін еді, ал «кабинетке» мен әрқашан орала аламын. Қазір жасым 40 және тек өзіме ұнайтын жобалармен айналысамын. Кез келген жұмыс күйзеліс пен күнделікті жұмысты білдіреді, өзгешелік нәтижесі мен қанағат болуында. Қазіргі жұмысым шығармашылықты көрсетіп, армандарды мақсатқа айналдыруға көмектеседі.

Қазіргі жұмысым шығармашылықты көрсетіп, армандарды мақсатқа айналдыруға көмектеседі


Бала кезімде АҚШ-дай теңіз жағалауында керемет баскетбол алаңы болса деп армандайтынмын. Біз оны құрастырдық. Маған «Самрұқ» көмек көрсетті. Қазір бұл алаң — Ақтаудағы жастар қосалқы мәдениет қозғалысының орталығы. Шабыттану үшін Ресей мен Латвиядағы достарымызға барып тұрамыз.


Жоспарлар туралы


Қазір қайтадан музыкамен жұмыс жасауды бастадым. Келесі мақсаттарым музыкалық бағытта болулары тиіс. Менің ойымша, жылдың соңына дейін бірдеңе шығарамын.

Алматыда баттл-рэппен байланысты тағы бір жоба бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Қазақстанда оны лайықты деңгейге көтеріп, Ресеймен бәсекелескіміз келеді. 19 тамызда алғашқы түсірілімді өткіздік. Жобада серіктес ретінде қатысып, балаларға қолдау көрсетемін.

Бұл hip-hop мәдениетінің дамуы үшін жасай алатыным. Ол барлығына арналмаған жоба болу мүмкін, бірақ ол лайықты болады. Қатысу үшін рэп орындаушылар өздерін жария ету керек. Өзім де ғаламтор арқылы рэп орындаушыдан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі жолды өттім. Егер жақсы жасасаң, сені байқап, шақырады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.