Өзі жайлы
Мен мықты және әлсіз жақтары бар қарапайым адаммын.
Өмірді бағалаймын. Барлығы уақытшы екенін түсінемін. Сондықтан өзінен кейін дұрыс із қалдыру керек деп ойлаймын.
Адамдарды жақсы көремін, әсіресе балаларды. Барлық тірі нәрсе маңызды. Егер үстел сынып қалса, оны түзеуге болады. Ал егер адам сынса, оны түзету қиын.
Адалдық пен парасаттылықты бағалаймын. Бұрын мейірімді болу маңызды деп санайтынмын. Бірақ жақсылық әрдайым пайда әкелмейтіндігін түсіндім. Кейде адамға тым артық жақсылық жасағанда оған керісінше жаман болады.
Маған ұмтылатын адамдар ұнайды. Өз өмірін жақсартып, жаңа дағдыларға ие болып, неғұрлым тиімді болғысы келетіндер.
Маған ұмтылатын адамдар ұнайды
Арман мен мақсатсыз өмір — қызықсыз. Мақсаттарым мен армандарым мені шабыттандырады. Соларға байланысты болашаққа жоспар құрып, қадамдар жасаймын. Мақсаттардың деңгейі өмірдегі жетістіктің деңгейін анықтайды. Мақсат неғұрлым терең болса, соғұрлым көп нәрсеге қол жеткіземіз.
Өмірдегі адамдар жайлы
Мені өте жақсы адамдар қоршап жүр. Шынайы, жақсы, мен сияқты биікке ұмтылатындар.
Жетекшінің рөлі әрдайым жанында болатын команданы құруға мүмкіндік береді. Менің қызметкерлерім маған ұқсайды, команда — менің айнам.
Қызметкерлерді менің серіктестерім ретінде үйретемін. Біздің топта Дана есімді қыз бар. Ол бізбен 15 жастан бірге істейді. 11 сыныпта басқарма басшысы атанды. 17 жасында қол астында 15 қызметкер, жүргізушісі бар көлігі болды. Қазір ол 18-де, оны холдингтің жеке компаниясында басшы ретінде тағайындадым.
Айналаңдағы орта — адам баласы бақытының ең маңызды бөлігі
Айналаңдағы орта — адам баласы бақытының ең маңызды бөлігі. Айналаңда саған ұнайтын, сен бағалайтын, риза болатын адамдар болуы — ерекше сезім. Сен ұйықыдан тұра салып, сені жақсы көретін, әрі саған ыңғайлы ортаға түсесің.
Өмірлік қағидалар жайлы
Мүмкін емес ештеңе жоқ. Адам кез-келген қалаған нәрсесіне қол жеткізе алады.
Өз-өзіңмен шынайы болу керек. Әйтпесе ол сені әрдайым тежеп тұрады.
Бумеранг заңына сенемін: не берсең, соны аласың. Агрессия берсең, жауап ретінде соны қайтып аласың. Егер мейірім берсең — жақсы қарым-қатынас аласың.
Сөздерді таңдауда абайлау керек деп есептеймін. Ойланбай айтылған сөзбен адамды ренжітіп алуға болады.
Өмір қиындықтарды жеңуден тұрады. Егер мен қиындықты шешуге болатынын түсінсем, алаңдамаймын. Ал егер ол қазір шешуді талап етсе, сабырмен уақыт тауып шешемін. Дұрыс қарым-қатынас дұрыс шешім береді.
Қызметі жайлы
Қазақстанда тудым, бірақ 20 жыл Рессейде тұрдым. Мәскеуде «Вокруг света» журналының баспа үйіндегі жобаға жетекшілік еттім. Рессейдегі Қазақстан елшісі Жансейіт Түймебаевпен таныстым. Кейін ол білім министрі болып, мені Қазақстанға шақырды. 26 жасымда Астанаға көшіп, «Болашақ» бағдарламасының вице-президенті, кейін президенті болдым.
Дұрыс білім беру мен көзқарастың қалай өмірді өзгертетінін түсіндім
Осы мекемедегі қызмет кезінде дұрыс білім беру мен көзқарастың қалай өмірді өзгертетінін түсіндім. Сондықтан білім саласы менің қызметімнің басты бағытына айналды.
Білім — өте маңызды. Қазір Қазақстандағы үлкен білім беру холдингі — «Синергия» университетін басқарамын. Біздің басты екі бағытымыз бар. Біріншісі — классикалық білім беру: колледж, бакалавриат, магистратура, MBA және қашықтықтан оқыту. Екінші бағыт — бизнес-мектеп. Біз елде үлкен ивенттерді ұйымдастырып, үздік спикерлерді шақырамыз. Бұдан бөлек бірқатар басқа бизнес-жобаларды жүргізіп, стартаптарға инвестиция беремін.
Бір мезгілде оқитын және жұмыс істейтін адамдар үлкен табысқа жетеді
Біз алғаш рет интернет әлі дамымаған кезде қашықтықтан білім беру технологияларын ілгерілетуді бастадық. Мен үшін бұл бағытты басқалардан бұрын дамытуды бастау, салада көшбасшы болу маңызды болды. Басты ресурс уақыт болатын сәт келетінін түсіндім. Және университетте төрт жыл оқуға тиімсіз болады. Бір мезгілде оқитын және жұмыс істейтін адамдар үлкен табысқа жетеді. Менің командамда он жеті жастағы балалар жұмыс істеді, олар «Синергияда» білім алып, үш жыл ішінде долларлық миллионер болып, жарты әлемді аралап шықты.
Биыл университетке он жыл. Біз қашықтықтан білім беру бойынша көшбасшымыз, бізде ең жақсы контент, ең көп студенттер.
Мен жаңа дүние ойлап табуды жақсы көремін. Сондықтан менің өмірлік ісім — адам өмірін өзгертетін білім берумен байланысты қызмет.