facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bas-a-zha-tan-kelgenderd-g-meler-nazym-isaeva-astana-a-k-sh-p-kel-p-8-ay-zhala-ysyz-zh-mys-stegen-zhayynda
logo
«Басқа жақтан келгендердің әңгімелері»: Назым Исаева Астанаға көшіп келіп, 8 ай жалақысыз жұмыс істегені жайында
Өмір сүру стилі

05.01.2019

«Басқа жақтан келгендердің әңгімелері»: Назым Исаева Астанаға көшіп келіп, 8 ай жалақысыз жұмыс істегені жайында

Назым Исаева, 42 жаста, туған қаласы — Семей, founder & CEO IMB company, @imb.kz

20170727-DSC_0098.jpg


Семей — Астана


Мен Семей облысындағы кішкентай ауылдың тумасымын. Төрт жасымнан бастап дәрігер боламын деп шештім. Медициналық академияны қалада бітіріп, ауданға жұмыс істеуге кеттім. Еліміздегі денсаулық сақтау саласы енді дами бастады және мен өз алдыма министр боламын деген мақсат қойдым. Себебі бұл салада өзгертетін мәселелер көп екенін көрдім. Ауданда науқастарды емдеуге қажетті құралдар, материалдар болған жоқ. Мен бәрін өзгертуді қаладым, сол себепті мен Астанаға кеттім.

1999 жылы 1 қыркүйегінде мен қалаға келдім. Алғашында тамаша әсер алдым. Барлығы да кинодағыдай – шабадан, вокзал және үміті мол жас қыз. Маған бейтаныс қалада болғаным ұнайтын. Менде алдағы әрекеттерімнің нақты жоспары болды.


Қиындықтар жайында


Сол кезде Астанада тек екі перзентхана болатын. Сол себепті менің акушер-гинеколог мамандығым үшін жұмыс табылмады. Сол кезде жұмысқа таныстар арқылы орналастыратын, мен көпке дейін жұмыс таба алмадым. Нәтижесінде жұмыс істеуге дағдыланып, Астанада қалу үшін тағылымдамадан өтуге келістім. Мен босандырып алу мен пациенттерді күту қызметтерін атқардым. Сегіз ай бойы мен ешбір жалақысыз, ақшасыз жұмыс істедім. Алғашында ата-анам көмектесетін.

Тұратын жерім болмағасын, ақшамды жолға жұмсамау үшін мен клиникада қонатынмын. Маған ұжымда болған ұнады, маған деген қарым-қатынастары жақсы болды. Барлығы мені ота жасататын акушер-гинеколог болады деп ойлады. Алайда маған жұмыс істеуді ұсынған жоқ.

Қиын кезеңдер болды, бірнеше рет көшеде қонуыма тура келді. Біз құрбым екеуміз таң атқанша дейін даладағы орындықта отырғанымызды өмір бойы есімізге сақтадық.

Астанада пәтер жалдап тұру қиынға соғатын. «Из рук в руки» газеті шығатын, таңғы тоғызға дейін бос пәтерлер болған жоқ. Біз таң атпастан редакцияға барып, сағат алтыда барлық хабарландырулар бойынша хабарласып үлгеру үшін газеттің алғашқы санын күтетінбіз.


Астана жайында


20170727-DSC_0108.jpg

Мен жас маман ретінде келдім, қызықты дәрігерлер мен психологтармен танысып жүрдім. Сол кезде кездейсоқ адамдар болмайтын. Басқа жақтан келген барлық адамдар істерін жаңадан бастаған өршіл азаматтар еді.

Сол кезде кездейсоқ адамдар болмайтын


Мекемелер аз болатын, сол себепті барлығы бір-бірін танитын. Сол кезде ұйытқы болып қаланған адамдар қазіргі кезде Қазақстанның негізгі позицияларында тұр. Әрбіреуіміз елорданың дамуына үлес қосқымыз келіп, нәтижесінде барлығымыз мақсатымызға жеттік. Мен олардың жетістіктеріне қуанамын, әрі жұмыс істеу оңай болды, себебі біз барлығымыз бір-бірімізді танимыз және бір-бірімізге сенеміз.

Астана одан сайын кеңейіп, тартымды болып дамып жатыр. Мен таныстырылымдарда Астананың халқы 253 000 адам ғана деп жазғанымыз есімде. Бұрын қала Шұбар жерімен аяқталатын, сол жердегі әдемі үйде тұрғым келетін. Қазірде мен Шұбар жерінде үйлерді құлатып, орнына «Лазурный квартал» салынған жерде тұрамын. Менің Астанада тұрып жатқаныма 19 жыл болды, бірақ әлі күнге дейін қала ішінде навигатормен жүремін.

Осы жерде маған азаматтық қоғам дамуының негізінде тұру мүмкіндігі берілді. Мен арқашан өзімді Астанамен байланыстырамын, себебі елорданың дамуына өз үлесімді қостым деп ойлаймын. Менің жұмысым, мансабым, жетістіктерім, сәтсіздіктерім осы қаламен байланысты.

Осы жерде маған азаматтық қоғам дамуының негізінде тұру мүмкіндігі берілді



Астанадағы жұмыс жайында


20170727-DSC_0128.jpg

Перзентханадан кеткеннен кейін мен жұмыс іздей бастадым. Газеттен «Демеуге» медициналық қызметкер қажет деген хабарландыруды оқыдым. Осылайша мен өзімнің Роза Абзаловна тәлімгеріммен таныстым. Ол менің тұлға ретінде және маман ретінде жетіліп дамуыма үлкен ықпал етті. Сол кезде «Демеу» амбулаториясы алдыңғы қатарда болып, еліміздегі алғашқы әлеуметтік жобаларды қозғайтын.

Мен ақпараттық технологиялар бойынша Америкалық халықаралық денсаулық сақтау одағының жобасына қатыстым. Қазақстаннан екі ақпараттық үйлестірушіні таңдады, мен Астанадан шыққан өкіл болатынмын. Осылайша денсаулық сақтау саласына қатысты жобаларды ұйымдастыру бойынша мансабым басталды. Мен дәрігерлер үшін алғашқы ақпараттық жинақ құрдым. Дәрігерлер үшін интернетте және медициналық қормен қалай жұмыс істеу керек екенін үйрететін курстар өткіздім.

2002 жылы мені директор қызметіне тағайындаған үкіметтік емес ұйым аштық. Біз ЮНИСЕФ, Сорос халықаралық ұйымдардан әлеуметтік жобаларды жүргіздік.

Мен Астанада қарқынды түрде дами бастадым. Біздің жобалар ерте жүкті болудың, ЖИТС-ның, нашақорлықтың алдын алу мәселелерін қозғады. Біз әумесерлік мінез-құлықты балалармен, қиын жасөспірімдермен жұмыс істедік. Мен тұрмыстық зорлық, гендерлік тепе-теңдік бойынша заң жобаларын жетілдіруге қатыстым. Біз «мүмкіндігі шектеулі адам» деген түсінікті енгізумен айналыстық.

Сол кезде Ақпарат министрлігі мен басқа ұйымдармен жұмыс істеу оңай болған жоқ. Таң атқаннан кезекке тұрып, кездесулерге жазылып, кабинеттер арасымен жүгіріп журуге тура келді.

20170727-DSC_0103.jpg

Кейін 2014 жылы мені Денсаулық сақтау министрлігіне, медициналық көмекті ұйымдастыру бөліміне шақырды. Сол кезде денсаулық сақтау саласының қаржыландыруы өсті. Жаңа инновациялық жобаларды құру мәселесі тұрды. Біз Ұлттық медициналық холдингі клиникаларын салдық.

Мен Кардиохирургиялық орталықты дамытудың негізінде тұрдым. Біз шетелдік қонақтарды қарсы алып, оларды қала мен медициналық жобалармен таныстырдық. Мен жүрекке қанша трансплантация мен ота жасалатыны жайында стратегия жаздым. Бізде өршіл жоспарларымыз көп болды. Оған қоса инновациялық жобаларды іске асыру үшін көптеген нюанстар мен ұйымдастырушылық сәттерден өту керек болды. Мәселен, біз жасанды сол жақ қарынша мен жүректі трансплантациялау бойынша жобаны алғашқы болып ұйымдастырдық.

Оған қоса инновациялық жобаларды іске асыру үшін көптеген нюанстар мен ұйымдастырушылық сәттерден өту керек болды


Эмоционалды түрде жабырқап, жұмыстан кетуді қалаған сәттерім де болды. Өміріме өзгеріс енгізіп, жеке өміріме көңіл бөлу керек екенін сезіндім. Құндылықтарды қайта бағалау кезеңі болды. Директорлар кеңесі мені Лонданға ағылшын тілін үйрену оқуына жіберді. Бұл әрекет Ұлттық кардиохирургиялық орталықтың дамуына қосқан үлесім үшін жасалды.

Бір жылдан кейін мені «Медикерге» медициналық директор қызметіне шақырды. Қазақстанның клиникаларын жалпы стратегияға біріктіру қажеті болды. Одан кейін мен Президент Іс басқармасы орталығының медициналық технологиялар мен ақпараттық жүйелер орталығының вице-президенті болып жұмыс істедім. Біз менеджмент, стратегиялар, қызметкерлердің soft skills дамыту бойынша білім беру шараларын өткіздік.

Бір жарым жыл бұрын мен өз компаниямды аштым, біздің мақсат — аймақтардағы медициналық ұйымдар мен фармацевтикалық компанияларға көмектесу. Бізде технологиялар енгізілген, енді ақырындап қызмет көрсетуді жақсартқымыз келеді. Біз жас дәрігерлерден білім алуы үшін шеберлік кластарға мамандарды шақырамыз. Мен ішкі медициналық туризмді дамытумен айналысамын. Пациенттер біздің де клиникаларымызға келгендерін қалаймын.

Сонымен қатар мен Қазақстандағы панасыз қалған жануарлар қоғамының өкілімін. Біз еліміздің барлық зооқорғаушыларын біріктіру үшін жұмыс істейміз.


Астана не бергені жайында


20170727-DSC_0119.jpg

Біз Астанамен бірге өстік. Осында келген кезде, туыстарым, таныстарым болған жоқ еді. Маған ешкім көмектескен жоқ, табысқа өз күшімен жетуіме тура келді. Өзімді таныту үшін басқалардан екі есе көп еңбектенуге тура келді. Мен әрбір жерде жанымның бір бөлшегін қалдыратынмын. Кардиохирургия мен министрлікте жұмыс істемей жүргеніме біраз жыл болса да, мен әрқашан олармен бірге боламын.

Мен әрбір жерде жанымның бір бөлшегін қалдыратынмын


Мен үшін Астана – бұл тәжірибе, достар, армандардың орындалуы мен маман ретінде өзімнің жетілуім. Мен осында көптеген қызықты адамдарды, өз істерінің білікті мамандарын кездестіргеніме бақыттымын.

Кейбір кезде мен есер мінезді арманшыл адам болған сияқтымын, әлі күнге дейін сондаймын. Осында менде күнде жаңа жоспарлар пайда болады. Мен денсаулық сақтау саласына пайдамды тигізу үшін компаниямды максималды түрде дамытқым келеді.

Мен Астанада байсалдылық күйін таба білуге үйрендім. Құрбылармен кездескім келсе де, жұмысымда көптеген әртүрлі жобалар болды. Кейін мен жеке өміріме де, жұмысыма да уақыт таба білдім. Сол кезде таныстарым маған таң қалатын.

Мен өз Отанымды жақсы көремін, медицинаны ұнатамын және медициналық қызметкерлерді әрқашан қолдаймын. Мен медицина қызметкерлері лайықты түрде табыс тапса екен деймін, еңбек жағдайларын жақсартып, клиниканы басқару бойынша заманауи әдістерді енгізгім келеді. Медицина қызметкерінің еңбегін жеңілдету үшін барлық жағдайды жасағым келеді. Астана – өмірімнің үлкен бөлігі.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.