Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bala-k-t-m-boyynsha-demalysta-zharty-zhyldan-az-ua-yt-bol-an-belsend-analardy-4-o-i-asy

Бала күтімі бойынша демалыста жарты жылдан аз уақыт болған белсенді аналардың 4 оқиғасы
5518

28.06.2017

Бала күтімі бойынша демалыста жарты жылдан аз уақыт болған белсенді аналардың 4 оқиғасы



Анастасия Круч, 32 жаста, туған қаласы — Көкшетау, HR-менеджер


Екі балам бар: ұлым Егор төртте және Катерина алты айлық. Бала күтімі бойынша демалыста 5 ай болдым. Жұмыс берушінің өтініші бойынша мерзімінен бұрын жұмысқа шықтым, негізі балам бір жасқа толғанша stay-at-home-mom боламын ба деп жоспарлағанмын. Үлкен ұлым балабақшаға барады, кіші қызым үйде я әкесімен, я туыстарымыздың бірімен қалады. Күзге қарай бала күтуші жалдауды жоспарлап отырмын.


Мерзімнен бұрын жұмысқа шығу аса қиын болған жоқ. Күйеуімнің жұмыс кестесі отбасына көңіл бөлуге мүмкіндік береді, менің де жұмыс уақытым ыңғайлы және үйде жұмыс істеуге мүмкіндігім бар. Дәл осы нәрсе шешуші фактор болды. Қызым түске дейін туыстарым мен жақындарымның қарауында және бұл уақытта күндізгі ұйқыда болады. Алайда, егер қандай да бір себептермен жұмысым отбасым мен балаларымның берекесіне теріс әсер ететінін сезсем, онда мен үшін бірінші орында жақындарым тұрады.


IMG_20170607_115943.jpg


Бала күтімі бойынша еңбек демалысынан жұмысқа шығудың бір жақсы жағы — аз уақыт бейімделу қажет. Әйелдерде үйде ұзақ отырғаннан өзіне деген сенімділігі жоғалып, әр түрлі мәселелер туындайтын кездері болады. Қабілет ешқайда жоғалмаса да, жалпы қабылдауы өзгереді. Бірінші демалысымда мен екі жарым жыл үйде отырдым және бұл жағдай менің басымнан өткен болатын. Бұл жолы бес айлық үзілістен соң жобаларымды жүргізе бастадым, осы жолы ешқандай қиындықсыз әрі үлкен тиімділікпен жұмыс бастадым дей аламын. Бала күтімі бойынша демалыстан жұмысқа ерте шығудың бір кемшілігі бала ана махаббатын жеткілікті түрде сезіне алмайды. Бірақ, біздің жағдайымызда әкеміз бен басқа да туыстардың жылуы мен қамқорлығы мұны толығымен өтейді.


Менің жағдайымда ең дұрысы — алғашқы күндерден бастап жолдасыңның бала өсіру мен тәрбиелеуге тең құқықты араласуына кедергі болмау. Жолдасым баланы жуындырады, киімін ауыстырады, емдейді, егер қажет болса, бұларды менен де артық орындайды. Мен мұны мойындаймын және оған алғысым зор.


Күн тәртібі — біздің барымыз. Әдетте, қызым 21:00-де, ұлым 22:00-де ұйқыға кетеді. 21:00-ден 22:00-ге дейін — күйеуім екеуміздің уақытымыз, біз кітап оқып, күніміздің қалай өткенін айтып, әңгімелесеміз. Жұмыс күндері — гаджеттермен ойын ойнаймыз. Күндіз мультфильмдер қарап, басқа да ойындар ойнаймыз. Ұлым бұған үйреніп қалған. Кішкентайым еміп жатып ұйықтап кетеді де, түнде қарны ашқанда бір рет оянады. Кейде таңғы 6:30-да бізді өзен жағасында кездестіруіңіз мүмкін. Үй жұмыстары — мен үшін аса қиын емес. Өзім үлкен отбасында өстім, үйде тоғыз баламыз, сондықтан бала күнімізден үйдегі қыздар жағы барлығын тез істейтінбіз, артық сұрақ қоймай, сапалы орындаймыз.


IMG_20170502_180047.jpg


Өзіңе жұмыс істеуге де, толыққанды өмір сүруге де мүмкіндік беру керектігін түсінемін, бұл нағыз жолыңның болғаны. Мені сәбиімнің дені сау әрі тыныш екені қуантады. Бала тоқ, құрғақ және ыстықтамаса бізден тек оған қарайлап, ойыншықтарын ауыстырып тұру ғана талап етіледі. Күйеуім маған үй жұмыстарын істеуге көмектесетіні жағынан жолым болды, туыстарымыз да көмектесіп тұрады. Сондықтан, қазір superwoman болудың сәнде екеніне қарамастан, әркімнің өмірлік жағдайы әр түрлі екенін түсіну керек.


Мен нәтиженің адамымын, жұмысты бақылағаннан рахат алатындардың қатарынан емеспін, кәсіби өмірде әрқашан прогресті бақылап, одан рахат ала аламыз. Full-time ана күн сайын өте еленбейтін жұмысты қайталап істей береді. Ана әйел болып қалуы үшін оған өз еңбегінің нәтижесі ретінде кем дегенде дәмді тағам үшін, жинақылық пен балалар үшін алғыс алып отыруы қажет. Сонда ғана жеке өз басымда бәріне: балалармен ұзақ қыдыруға, күйеуімнің және өзімнің күтіміме, күйеуімді әрқашан күлімдеп қарсы алып, онымен ұзақ шәй ішуге, әңгімелесуге күш табылады. Ана бақытты болса — бәрі де бақытты.




Салтанат Амирханова, 36 жаста,туған қаласы — Шалқар, Altamente итальяндық аяқ киім мен аксессуарлар дүкенінің тең иеленушісі



Бала күтімі бойынша демалысқа шықпас бұрын Астанадағы Aesthetic groupp компаниясында жұмыс істейтінмін, TEOSYAL медициналық препараттарының дистрибьюторы болдым.


Күйеуім екеуміз үш ұл тәрбиелеп отырмыз, кіші ұлым үш жаста. Демалыстан шыққанда кішкентайым алты айлық болатын. Жағдайды өзгерткім келгендіктен, жұмысқа шықтым.


Салтанат.jpg


Сол кезде үлкен ұлдарым жеті және төрт жаста болатын. Үйде бөтен біреудің жүргенін қаламайтындықтан, көмекші алмадық. Алайда, бір кезде бұлай жалғаса беруге болмайтынын түсініп, басқа сүйікті ісіммен айналыспасам, толыққанды бақытты бола алмайтынымды түсіндім. Сондықтан, бір сәтті жағдай мені бүгінгі күні үйімде жұмыс істеп жүрген тамаша қызға жолықтырды, ол үй шаруасына да, балаларға қарауға да көмектеседі.


Бұл шешім маған қиын болды, алайда соңы жақсы аяқталды. Әйел өз өмірінің барлық аспектісінде бақытты болса, онда бәрі өздігінен реттеледі. Оның үстіне керемет күйеуім бар, ол үнемі мені қолдап отырады.


Жақсы ана болып және жұмыста да алға басу үшін балалармен көп араласып, әңгімелесу керек, оларды үйірмелерге өзің апаруың қажет. Бұл олармен уақыт өткізудің қосымша мүмкіндігі. Көлікте олармен сөйлесуге тура келеді: тілін табу қажет, белгілі бір нәрселерді неліктен істеуге болмайтынын жақсылап түсіндіру керек. Күніне бірнеше рет оларды қалай жақсы көретініңді айтқан жөн. Сіз оларды жақсы көретініңізді білгенмен, олар білмейді, сондықтан олар мұны естуі тиіс. Үнемі балалардың пікірін сұрап отыру керек, өзіңіз үлгі көрсетіп, мейірімділік пен сыйластыққа үйреткеніңіз дұрыс. Әлбетте, жұмыс істейтін ана жұмысын жұмыс орнында тастап кеткені жөн.



Анна Сапронова-Эркуш, 32 жаста, туған қаласы — Южно-Сахалинск, Boscaini Company ЖШС негізін салушысы әрі директоры, графикалық дизайн және оперативті полиграфия



Бір балам бар, екі жас тоғыз ай. Демалыста тек екі апта болдым. Кейін бірнеше сағатқа жұмысқа барып жүрдім. Негізгі жұмысты түнде істейтінмін. Кеңседе тек мақсат, міндеттер белгілеп, шешу жолдарын анықтайтынмын. Үйде тапсырыстарды тексеріп, түзететінмін, ал қалғанын жұмыстағылар өздері тындырып қоятын. Сол кезде менде жылжымайтын мүлік агенттігі бар болатын. Ұжымды өзі басқара алатын атқарушы директор де болды. Кейін дизайн мен полиграфия саласына артықышылықтар берілді.


Демалыстан жұмысқа ерте шығуға тура келді, өйткені бизнспен айналысу ұзақ жоғалып кеткенді жақтырмайды. Көптеген үдерістер автоматтандырылмаған болатын. Бизнес жас болғандықтан, мен болмасам құлдырайтын еді.


1.jpg


Жұмысқа шығып, баланы қалдыру оңай болған жоқ. Бұл алғашқы аналық тәжірибем. Астанаға басқа қаладан көшіп келгенбіз. Күйеуім — шарт бойынша Қазақстанға жұмысқа шақырылған шетелдік азамат. Соған сәйкес тек өзімізге ғана сенуге тура келді. Үлкен елде тек сен, күйеуің және балаң болған оңай емес. Жаныңда қолдайтын адам жоқ. Бірнеше айға келген енем көп көмегін көрсетті. одан кейінгі уақытта бізге екі жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан керемет бала күтуші көмектесіп келеді. Балам екеуі бір-біріне бір көргеннен-ақ ғашық болды. Мен онымен кездестірген тағдырыма ризамын, балам қазір балабақшаға үйреніп келеді.


Жұмысқа ерте шығудың артықшылығы — жеке және кәсіби өсуде кедергінің болмауы. Көптеген аналар тұлғалық құлдырауға ұшырайды, өзіне қарамай, шаршап, көңілі түседі. Менің жағдайымда мен кәсіби қабілетімнің «ұйқысын» жойдым. Керісінше, олар дами бастады. Бала идеяларды жүзеге асыруда қосымша күш берген сияқты. Мысалы, қазір «балалар полиграфиясы» бағытын дайындап жатырмыз.


IMG_5899.jpg


Бала туылғаннан кейін ақылымыз арта түседі. Міндеттерді нақты қоя білеміз. Басында балам түнімен ұйықтаған жоқ, өзі белсенді әрі эмоционалды бала. қазір тәулігіне төрт сағат ұйықтау мен үшін қалыпты нәрсеге айналды. Бір уақытта бірнеше жұмыс істеу де қалыпты болып келеді. Егер дұрыс міндеттер қоя білсең., баламен бірге өткізетін уақыт та табылады дегім келеді. Менің принципім — жұмыс жағы тек 17:00-ге дейін, алайда ауытқулар да болады: ірі жобаларды жүзеге асырғанда кеңседе кешігуге тура келеді. Алайда — «ешқашан» деймін. 18:00-ден кейін — ешқандай іскерлік кездесу болмайды. Кеңсеге келіп, түске дейін үлгеруге тырысамын.


Қыдырмаймын, кеште құрбылармен кездеспеймін, іскерлік кешкі аста да отырмаймын. Алайда достарым менің принциптерімді білетіндіктен, үйге, кеңсеге келіп кетеді. Менің принципім — жұмыста да, үйде де үндестіктің болуы. Күн сайын — нақты жоспар, кештен бері ойыңнан кетпейтін бағдарлама. Мен аз ұйықтап, өзімді жақсы сезіне білуді үйрендім.


IMG_4201.JPG


Отбасымда қатты жақсы көремін. Күйеуім мені қолдайды, түсінеді. Үйімізде кикілжің, түсінбестік болған емес. Демалыста — ойын-сауық кешендеріне, дүкендерге барамыз. Бос уақытты бірге өткізуге тырысамыз. Өмірде жақсы көретін нәрсемен ғана айналысамын. Мен бақыттымын. Бұл маған күш береді.



Татьяна Зарянова, 36 жаста, туған қаласы — Астана, Uventas Kazakhstan заңдық компаниясының басшысы әрі жетекшісі, Kazital Invest итальяндық шарап пен азық-түлік жеткізу бойынша компаниясы



Екі балам бар. Үлкен қызым Алиса 12,5 жаста, кішісі София 2,5 жаста. Перзентханада толғақ арасында жұмыстағыларға сағат 11:00-ге дейін нұсқау беріп жаттым, ал 13:00-ге күйеуім жұмыстағы қыз-жігіттерге торт әкеліп, қызымыздың дүниеге келгенін тойлаған. Қызыма 3 күн толғанда мен сот процестеріне қатыстым, кеңседе кездесу өткіздім. Толық жұмыс күніне 6 айға толғанда шықтым. Балам бір жасқа дейін емді, түскі аста үйге барып жүрдім.


Жұмысқа ерте шықтым, себебі бұрынғы міндеттерді тоқтатуға болмайды. Сот істері жыл бойы жалғасуы мүмкін. Итальян шарабын әкелу мен саудасы да тоқтаған емес. Жобаларымызда керемет қызметкерлер жұмыс істейтіні сөзсіз. олар әрдайым мені қолдады. Алайда, тек мен ғана өткізе алатын кездесулер мен істер бар. Көптеген кәсіпкерлердің қызметін үйлестіріп жүрген компания жетекшісі бола тұра, мен 100% өзі реттелетін жұмысқа сенбеймін.


IMG-20170623-WA0008.jpg


Анамның көрсеткен қолдауы үлкен көмек болды. Бір жыл жарым ішінде София дүниеге келгенше ол мемқызметтен кетті. София да сенім артатын адамымыз бар кезде дүниеге келді деп ойлаймын. Күйеуім екеуміздің жанымыз жайлы болды. Бір жылдан соң Софияға бала күтуші алдық. Күзде балабақшаға барады.


IMG-20170623-WA0011.jpg


Жұмысқа ерте шығу қиын болды. Мен алғашқы қызымда да солай шешкенмін. Онымен уақыт өткізіп, оған қамқор болып, алайда өз қаржылық жағдайымыз бен кәсіби қабілетімізді жоғалтамыз деп ойладым. Әлем де қарыштап даму үстінде. Демалыста өткен күндер баланың есінде де қалмайды. Үш жасқа дейін баламен отыру келесі болашағына керекті білімді, жан-жақты анасының қажеттігінен көрінеді.


Мұндай жұмыста уақытты бағалап, қажетсіз кездесулерді шеттетесің. Демалысты асыға күтесің, отбасыңмен, балаларыңмен уақыт өткізесің. Балаларға анасының өзін-өзі дамытпағнынан эмоция жетіспей жатады. Кіші қызым 100% қамқорлыққа ие. Балалар да біздің бірге өткізген уақытымызды бағалайды. Өз уақытың мен жақындарыңның уақытын бағалау — балаларыңа үйрету керек жақсы қасиет.


IMG-20170623-WA0012.jpg


Жұмыстан 18:00-де келемін. Ұйқыға 23:00-ден кеш жатпаймын. Сенбі және жексенбі күндері қала сыртында, саяжайда демаламыз. Бұл ауысуға мүмкіндік береді. Осындай режимнің арқасында мен кешкі ас әзірлеп, балалармен сөйлесіп, демаламын. Жұмыс пен демалыстың арақатынасын сақтау керек деп ойлаймын. Әйтпесе, тиімділік төмендеп, өзіңді нашар сезінесің, шаршайсың, позитивті болу қиынға соғады.


Басты беттегі фотосурет дереккөзі