Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-anday-medicinaly-yzmet-pen-d-r-lerd-teg-n-alu-a-bolady

Қазақстанда қандай медициналық қызмет пен дәрілерді тегін алуға болады
2483

08.12.2016

Қазақстанда қандай медициналық қызмет пен дәрілерді тегін алуға болады

Медициналық көмек

Қазақстанда әр азамат тегін медициналық көмек ала алады. Бұл тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) деп аталады.

Тегін медициналық көмек ҚР азаматтары мен оралмандарына ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды

ТМККК-ге:

abc-medicina.com

— жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация

— амбулаторлық-емханалық көмек

— алғашқы көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, шұғыл айғақтар бойынша – жолдамаға қарамастан, стационарлық медициналық көмек

— қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту

— халық санаты үшін паллиативтік көмек пен мейіргер күтімі

— сот-медициналық сараптамасы

— ЖИТС жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету

— шұғыл, төтенше жағдайларда ауруларға медициналық көмек көрсету

— медициналық тексеруден өткізудің түрлері: жақ сүйек-бет маңайы патологиясымен туған балаларға ортодонттық көмек

— экстракорпоральді ұрықтандыру

— жұқтыру қаупі бар балаларды «Б» және «С» вирустық гепатитіне тексеру

— жүкті әйел мен тісі жіті ауырсынғанемделушілерге көрсетілетін ортодонттық көмектен басқа, 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек

— 18 жасқа дейінгі балаларға физиотерапевтік көмек жатады.

Медициналық дәрілер

Сондай-ақ, ҚР азаматы ТМККК шеңберінде тегін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуге құқылы

Дәрілерді тегін және жеңілдікпен алуға болады. Дәрілерді беру учаскелік дәрігердің немесе бейінді маман: гематолог, эндокринолог, пульмонологтың рецепті бойынша, жеке басын куәландыратын құжатты (туу туралы куәлік) немесе оның көшірмесін көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Тегін алуға болатын дәрілер тек белгілі бір дәріханаларда беріледі. Астанада — «Гиппократ» дәріханалар желісі.

Барлық жаңа туған нәрестелер медициналық дәрі қобдишасымен қамтамасыз етіледі.

Анасының жағдайына байланысты сәби дүниеге келгеннен кейін бір жыл бойы ана сүтін алмастырушы тағам беріледі. Сондай-ақ, бұл ана сүтін алмастырушы тағам күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент-аналарға беріледі.

echimdetok.ru

0 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға дәрі-дәрмектер мына аурулар кезінде беріледі: жіті фарингит, бронхит, тонзиллит, жеңіл дәрежедегі пневмония, темір тапшылығы анемиясы, рахит.

Мына аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрған ересектерге тегін дәрілер беріледі:

— аритмия

— пневмония

— бронх демікпесі

— қант диабеті

— қантсыз диабет

— аорто-коронарлық шунттау және стенттеуден кейінгі, жүректің жармақшалары протезделген науқастар

— Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА)

— артериалық гипертензия

— созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ)

— өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы
— асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруы

— Крон ауруы және бейспецификалы ойық жаралы колит

— онкология

— ағзалар мен тіндерді ауыстырғаннан кейінгі жағдай

— ревматоидтық артрит

— ювенильдық артрит

— остеоартроз

— гипотиреоз, гипопаратиреоз, иреотоксикоз

— акромегалия

— В және С вирустық гепатиті

— кистозды фиброз (Муковисцидоз)

— реналдық анемия мен созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі

— аутоиммундық аурулар, оның ішінде миастения және иммун тапшылығы жағдайы

— шашыранды склероз

— онкология.