facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-zhigiti-malayziyada-y-o-uy-zh-ne-aza-tar-men-malayly-tardy-sasty-y-zhayynda
logo
Қазақ жiгiтi Малайзиядағы оқуы жəне қазақтар мен малайлықтардың ұқсастығы жайында

16.07.2019

Қазақ жiгiтi Малайзиядағы оқуы жəне қазақтар мен малайлықтардың ұқсастығы жайында

Қазақ жiгiтi Малайзиядағы оқуы жəне қазақтар мен малайлықтардың ұқсастығы жайында


Алғашқы әсері


Ата-анам менің Малайзияға ұшатынымды айтқан кезде, екі ұшты сезімде болдым. Себебі сол кезде 10-сыныптан бері кездесіп жүрген қызым болды және мен онымен айырылысқым келмеді. Малайзияда болғаныма бір апта өткеннен кейін, ол да осында келді.

Ата-анам мені Малайзияға оқуға жіберді.

Осында келіп, әуежайдан шыққанда, моншаның ауыз бөлмесіне түскендей сезімде болдық, себебі Малайзиядағы ауаның ылғалдылығы жоғары. Күн қатты ысып тұрды, ал әдетте күн бұлтты болады екен.


Малайзия жайында


Қазақ жiгiтi Малайзиядағы оқуы жəне қазақтар мен малайлықтардың ұқсастығы жайында

Мен оқыған Субанг Джая қаласы – студенттік қала болып табылады. Осында шығыс халықтарының тағамдарын табуға болатын Asia Café деген жақсы орын бар. Бұл үлкен дәмхана, бағалары қымбат емес және дәмді болғандықтан, осында келуді ұнататынбыз.

Куала-Лумпурға баруды жоспарласаңыз, Букит Бинтангта орналасқан қонақ үйлерге тапсырыс беруге кеңес беремін, бұл көп шопинг-орталықтары бар сауда ауданы. Осында жеті қабатты электроника үйі орналасқан.

Ал Куала-Лумпурда маған Павильон моллға бару ұнайтын — бұл Букит Бинтанг ауданындағы ірі сауда орталығы. Бұл моллдың холлын Жаңа жылға, Рождествоға, Қытай жаңа жылына әдемі безендіретіні ұнайтын.

Сонымен қатар Букит Бинтангта аяққа күшті массаж жасатуға болады. Достарымызбен осы ауданға келген кезде, міндетті түрде киноға барып, серуендейтінбіз, тамақ ішіп, соңында аяққа массаж жасауға баратынбыз.

Қазақ жiгiтi Малайзиядағы оқуы жəне қазақтар мен малайлықтардың ұқсастығы жайында

Малайзияда малай, қытай және үнді мейрамдарын атап өтетіндіктен, демалыс күндері көп. Мысалы, Қытай жаңа жылы болған кезде, бізде 10 демалыс күні болды.

Мереке күндері біз достарымызбен аралдарға баратынбыз. Жағажайда демалуды қаласаңыз, Редан аралын таңдағаныңыз жөн. Осы жердің суы мөлдір, құмы әдемі және көп адам жиналмайды. Ал белсенді көңіл көтеруді қаласаңыз, Лангкавиді таңдауға болады.

Қазақ жiгiтi Малайзиядағы оқуы жəне қазақтар мен малайлықтардың ұқсастығы жайында

Аралдарға жету үшін, әрине, ұшақпен барғаныңыз жөн, бірақ біз бюджеттік жолды таңдайтынбыз: автобуспен, кейін пароммен жететінбіз. Әдетте сағат 22:30 шығып, таңертең паромда болатынбыз, қайықты екі сағат күтіп, бір жарым сағатта аралда болатынбыз. Сапар ұзаққа созылса да, бұл тұрарлық нәрсе!


Оқу жайында


Қазақ жiгiтi Малайзиядағы оқуы жəне қазақтар мен малайлықтардың ұқсастығы жайында

Субанг Джайя қаласы Куала Лумпурдан 30 минуттық жерде орналасқан. Осында бірнеше университеттер бар, мен басты оқу орындардың бірі – Taylor's University-де оқыдым.

Осында ҰБТ тапсырғаннан кейін, 2010 жылы келдім. Мен Химиялық инженерияға түсуді жоспарладым, бірақ студенттерді шетелге жіберетін компания құжаттарымды шатастырып алды, сол себепті мен бизнес факультетіне түстім. Осында келген кезде, оқудың бірінші айы өтіп жатты, сол себепті мен бизнесті оқуды жалғастыруды шештім.

Сол кезде мені жатақхананың жаңадан ашылған ғимаратына бес қытайлық жігітпен орналастырды. Бәрімізге ортақ ас бөлмесі, дәретхана мен душ және бөлек бөлмелеріміз болды.

Жатақхананың бірінші қабаттарында көп кофеханалар, дүкендер, тіпті Apple store болды – студенттер үшін шағын жеңілдіктер ұсынылды.

Бір жылдан кейін біз достарымызбен жатақханадан шығып, пәтерді жалдап тұрдық. Бірнеше адам тұрып жалдаған кезде, тиімді болады.

Университетімізде үш оқу бөлімі болды. Олар қонақ үй ісі, бизнес және инженерия мамандықтары бойынша бөлінді. Сонымен қатар бізде заманауи төрт қабатты кітапхана болды.

Бастапқы кезде ағылшын тіліне қатысты қиындықтар болды, себебі мен тілді ауызекі деңгейінде ғана білдім. Оған қоса жергілікті адамдарда қатты акцент болды, сол себепті олардың айтқандарын түсіну қиынға соғатын. Бірақ уақыт өте мен дағдыландым, тіпті өзімде де ерекше акцент пайда болды.

Қазақ жiгiтi Малайзиядағы оқуы жəне қазақтар мен малайлықтардың ұқсастығы жайында

Оқу қиынға соққан жоқ, тек ерінбей оқып, ағылшын тілін білу керек болатын. Университетке түсу үшін IELTS емтиханын тапсырдым және оқуға түсу үшін жинаған 5,5 баллым жеткілікті болды. Сонымен қатар мен бірінші жылы 30%, келесі семестрлерде 10% жеңілдікке ие болдым. Бұл жақсы аттестатқа байланысты.

2010 жылы университетімізге жүзге жуық қазақтар келді, бірақ жартысы оқу жүктемесіне шыдамай кетіп қалды. Сол кезде Қазақстандықтар қауымдастығы құрылды және еліміздің Елшісі барлығымызды жинап, Конституция күніне орай іс-шара ұйымдастырды. Нәтижесінде біз университетімізде өзіміздің қауымдастығымызды құрдық. Сауық кештер, іс-шаралар, сапарлар ұйымдастыратынбыз — оқудың бірінші жылы осылай өтті.


Адамдары жайында


Малайзияда малай, қытай және үнді халықтары көп.

Біз қытайлықтармен және үндістермен мүлдем ұқсамаймыз.

Ал байырғы малайлықтар мұсылман болып табылады және менталитеті бойынша қазақтарға ұқсайды. Олар да адамгершілікке ие, тәрбиелі және салт-дәстүрлерді құрметтейді.

Малайлықтар мейірімді, ақкөңіл, отаншыл және тарихтары жайында көп айтады.


Тамақ жайында


Қазақ жiгiтi Малайзиядағы оқуы жəне қазақтар мен малайлықтардың ұқсастығы жайында

Мен тамақты таңдап жеймін және көкөністерді ұнатпаймын, сол себепті мен ұнататын тамақты таңдау қиын болды. Барлық тағамдар әрқашан ащы болады. Маған үнді тамағы, әсіресе наны ұнады.

Дəстүрлі малай тамағынан насилемакты жеп көрдім. Ол шағын пирамида пішінімен банан жапырағында беріледі. Оны ашсаңыз, ішінде күріш және оның үстіне қабат-қабат топингтер салынғанын көресіз.

Әйгілі дуриан жемісін жеп көруге батылым бармады, себебі иісі жиіркенішті. Бірақ ең дәмді жеміс болып саналатын мангустинді жеп көрдім.

Қазақ жiгiтi Малайзиядағы оқуы жəне қазақтар мен малайлықтардың ұқсастығы жайында

Taylor's университетіндегі оқуы және Малайзия елiндегi өмір жайында бөліскен — Марлен Нұрашев.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.