facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-tar-z-balalaryna-anday-erekshe-es-mder-bered
logo
Қазақтар өз балаларына қандай ерекше есімдер береді
Таңғажайып Қазақстан

24.03.2017

Қазақтар өз балаларына қандай ерекше есімдер береді


быр шал.jpg

Төрт кемпір, бір шал — қазақтың біртуар ақыны, композитор Кенен Әзірбаевтың қызы, 5-сыныпқа келгенде атасы «Төрт кемпір, бір шалдың» «төртін», «Кененнің» «кенін» алып, Төрткен деп қысқартып қойыпты.


акпантокпае.jpg


Ақпантоқпантұрарқожа — осыдан бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өзінің 20 әріптен тұратын ұзақ есімі арқылы ғаламтор жұлдызына айналған еді.

ертуган.jpg


Ертуған — өмірге ер жүрек, батыр болып келген деген мағынаны білдіреді. Төлеген Тоқтаровпен бірге Мәскеуді қорғауға қатысқан қазақ, оған арналған жазушы Сәдібек Түгелдің «Ертуған» повесі де бар. Повесть авторының өзі де жиеніне дәл осы есімді берген, сондай-ақ дзюдодан үлкен жетістіктерге жетіп жүрген Ертуған Төреханов, боксшы Ертуған Зейнуллиновтың есімдері белгілі.


айкаракоз.jpg


Айқаракөз — «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов қызына өз тобының репертуарындағы дәл осы әннің атын берген екен.



лашын.jpg


Лашын — сұңқар тұқымдас жартқыш құс, қазақта қыран мен сұңқарды ер-азаматтарға теліп айтса, қыздарды лашынға теңейді. Ақиық ақын Мұқағалидің жарының аты Лашын екені баршаға мәлім.


сауык.jpg

Сауық — арабшадан аударғанда ойын-күлкі, сайран, даңқ деген мағынаны білдіреді. Қазақ радиосының сандуғашы атанған Сауық Жақанованың есімін күллі қазақ біледі.


мейырлен.jpg


Мейірлен — мейірімді дегенді білдіреді, «Орда» тобының әншісі Ерболат Беделхан қызының атын осылай қойған.


ханбиби.jpg


Ханбибі — ханның жары деген мағынаны білдіреді, мәртебелі есім. Әдетте, ақсүйек тұқымында дүниеге келген қыз балаға қойылады. Қазақ поэзиясында ерекше орны бар Ханбибі Есенқарақызын білмейтін қазақ жоқ шығар.


эсманур.jpg


Эсманұр — араб тілінен аударғанда «биік сәуле» деген мағынаны білдіреді екен. Белгілі тележүргізуші Қазбек Қасым қызына дәл осындай есім берген.


шамшыкалдаяк.jpg


Еліміздегі белгілі композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі өз балаларының атын Шәмшіқалдаяқ, Бекзатсаттархан, Мұхтаршахан, Иманғалитасмағамбет қойған.


азиада.jpg


Сонымен қатар елімізде балаларына саяси немесе күнделікті жанұядағы оқиғалар мен спорттық сайыстарға байланысты есім берген қазақ отбасылары баршылық. Мысалы, Азиада атын қыз балаға да, ұлға да берген, ал ұлдарға Саммитхан, Саммитбек, Нұрсаммит, Дипломбек сияқты есімдер қойылған.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.