Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-zhi-az-nd-rush-ler-z-biznes-n-alay-basta-any-men-y-shk-k-r-n-st-b-regey-zattaryn-alay-shy-aratyny-zhayly

Қазақстандық жиһаз өндірушілері өз бизнесін қалай бастағаны мен үй ішкі көріністің бірегей заттарын қалай шығаратыны жайлы
837

29.08.2017

Қазақстандық жиһаз өндірушілері өз бизнесін қалай бастағаны мен үй ішкі көріністің бірегей заттарын қалай шығаратыны жайлы

FILО компаниясы

Анастасия Леонова, 26 жас, туған қаласы — Алматы, дизайнерлік студияны орнатушы



Бүкілі қалай басталды




8836a613a99133ec7c71be07cda8ca72.JPG

Негізі жиһаз өндірісімен айналысу менің жоспарыма кірген жоқ. Мен архитекторлік дизайнер маманындығында оқыдым, көп уақыт бойы өзімді іздедім:түрлі заттармен айналыстым, сурет салдым.Бір күні бізге бір мұғалім келді, ол бізге жиһазды қалай өндіріп шығаружәне қалай идеяларды іздену керек екені туралы айтып берді. Сонда мен ішкі үй көрінісін молықтыруымен жаңып кеттім.


Жобам 2015 жылы жұмысын бастады. Мен жаңа жылды өз ісімді құрудан бастадым. Менің жұбайым маған қолдау көрсетті.



Өндіріс жайында



Шеберханада біз бірегейлі жиһаздарды әзірлейміз,сонымен қоса тұрмыстық тұрғыдағы мәселелерді шешеміз. Жарықшамдар,орыныдықтар, үйге арналған керек-жарақтар сияқты өнімдердің негізгі топтамасын да, тапсырыс бойынша жасалған жиһаздарды да өндіреміз. Сонымен қоса жаңа жыл мерекесіне арналған арнайы мерекелік сыйлықтар топтамасын шығарамыз,бұл майшамдар, телефон қойғыштары, сағат және тағы да басқа офис және үйге арналған керек-жарақтары.


db9c592ddb6060e93253a266a2210bac.jpg


Көп жағдайда тапсырыс беруші тапсырыс бергенде,оған не керек екенін түсінбейді.Ол тілеген жиһазын елестетуі мүмкін,бірақ та сипаттамасы бойынша оған жарамай қалады. Осындай жағдайда мен тапсырыс берушімен әңгімелесе бастаймын, не ұнайтынын да,адамның өзін де түсінуге тырысамын. Бұл ұзақ және қызықты процесс. Нәтижесінде клиенттердің қажеттіліктерін түсініп,өндірісінен қандай тауарларды сауда-саттыққа шығару керек екенің түсіне бастайсын. Бүкіл жұмыс барысын түсінуге өте маңызды,себебі соңында бұл барыс шеберге түсінікті болуы керек.


Ағаш материалы ретінде біз көбінесе Алматы игілігін — қарағашты қолданамыз. Бұл әдемі текстураланған мықты ағаш. Кішкентай керек-жарақты жасау үшін біз өз жолымызбен Бұрынтай ауылында орналасқан ағаш тілгішке барып, сапасын тексереміз.



Ерекшеліктері жайлы




adfde501ab948615df08485cc9691951.jpg

Осындай жиһаздарды бүкіл әлем бойынша таба алмайсындар, бұл менің авторлық жұмыстарым. Мен бұйымдарды шығарғанда адамдардан қандай сезімді туғыза алатыны туралы ойлаймын.Материалына қолын тигізгенде, пішінін көргенде не сезеді. Ең маңыздысы — бұл сезімін ояту.Сатып алушыларымыз әңгімелескенде,мен әрқашан да олардың таңдаған жиһазға байланысты өзара әрекеттестігі жайында көңіл бөлемін,сезімі жайлы сұраймын.


Негізгі стиль — бұл минимализм, еш артықшылықсыз,тек таза,табиғи материал. Мен жобаларымда көбінесе металды, ағашты, акрил және тасты қолданамын. Бүкіл материалдарымды қарамалап колмен сезу өте жағымды. Мен қажетсіз артық әшекейлері мен бұйымдары бар заттарды ұнатпаймын. Әшекейлеу ұсақ бұйымдардан тұрады: қалампырдан,бұрыштардан, бояулардан,түстерден.


Біз — шағын студиямыз,тек жеке тапсырыстармен айналысамыз, бірақ та Қазақстанда ірі жиһаз компаниялары бар.Адамдар қазіргі кезде жиірек Қазақстанда жасалған тауарларды сатып алғысы келеді. Дегенмен өкінішке орай өндірушілер тауар сапасы жайында сирек ойланады. Алғаш рет біз Angel-in-Us кофеханалар жүйелеріне арналған жиһаз шығардық,бұл ағымдық өндіріс болды.


4587510021375095d39e326e02de2c0d.jpg


Осы жылы біз шетел нарығына шықтық. Нью-Йоркте өтетін көрмеге алты жарықшамды жібердік.




Mabelle компаниясы

Руслан Молдашев, 44 жас, туған қаласы — Алматы, дәстүрлі ағаш шеберлігі техникасын қолданып айрықша дизайнерлік жиһаздардың жасаушысы мен өндірушісі



Бәрі қалай басталды




стол.jpg

Белгілі бір сәтте біз өмірдің жасандысынан шаршай бастадық.Табиғи материалдардарға ұқсас синтетикалық материалдар,осы бүкіл фенол мен пластиктар, қағаз шаңы мен жоңқаларынан жасалған жиһаз — қымбат материалдарды арзан түрде көшіру. Әлем суперпайдакүнімдік,жеңіл және арзан болып кетті,дәл пластикалық тәрелке тәрізді. Сол себептен сұрақ туындады — біз жағдайды өзгерту үшін не істей аламыз,қандай үлес қоса алмыз? Біз кертартпа адам емеспіз, сондықтан кішкене болса да, айналадағы әлемді өзгертуін шештік — оны жарығырақ,әдемірек ету және сенімділігін арту.


Біз жиһаз жасау шешіміне келдік. Өзінің жеке энергетикасына ие болатын,бізді қоршаған ортаны қалыптастыратын, нағыз, сапалы жиһаз жасау. Бұл 2015 жылдың мамыр айында болды. Біз өзімідің мақсатымызды айқын тұжырымдай алғанда, жұмыс барысы шапшаң қозғала бастады. Үйдің қасында қолайлы жұмыс жерін таптық. Алғашқы жабдықтарды,құрал-саймандарды сатып алдық та басымызбен өндіріске батып кеттік. Жеткізушілерді іздестірдік, оларды сынап,тексеріп ең үздігін таңдадық. Сонымен қатар техникаларды меңгердік,тәжірибелік білімімізді көбейттік.


диван2.jpg


Mabelle атауын өзіміз шығардық, француз тілінен бұл «менің сұлуым» деп ауадарылады,сонымен қоса орыс тіліндегі жиһаз ( мебель) сөзімен ұйқас. Компаниямызда біз екеуміз – мен және менің жұбайым,Жанна Канапьянова. Екеуміз дизайн мәселесін,безендіру түрлерін, технологиялық жерлерін бірге талқылаймыз.



Өндіріс жайында



Өндіру барысы идеядан басталады,бұл идеяны біз тапсырыс берушімен келістіреміз. Эскиз бен сызбаларды бекітуден кейінматериалдармен жұмысты бастаймыз. Кесу,сүргілеу, жону, жинау бояу – осының барлығын біз бүкіл қажеттті құрал-саймандармен жабдықталған өзіміздің цехімізде жасаймыз.


вид1.jpg


Mabelle барлық тауарлары — өзіндік жекебасты дизайны, ол бірнеше негізгі көрсеткіштерге сүйенеді – ол көркемдік, сенімділік және жайлылық.


Өзінің шикізаттық базасының жоқтығы,өзінің химиялық өнімдерінің жоқтығы себебінен Қазақстанда бизнесті жүргізу қиын.Шыңдап айтқанда, материалдардың 99%-ы – импорттік. Сонымен қоса тағы да бір маңызды мәселе - қолайлы пайызбен несие алу қиыншылығы.


Біздің отандастарының көздерінде біз жиі таңқалуын көреміз. Бір жағынан бізідң өніміміз сондай қызығушылықты оятатыны бізге жағымды әсер береді,сонда да екінші жағынан біз сапасы төмен тауарларға үйреніп қалдық. 2016 жылы біз «Мебель и Интерьер» көрмесіне қатыстық,сол кезде көптеген көрме қонақтары бізді шетел компаниясының өкілі деп ойлаған екен.


DSC08465.JPG


Бізге біздің жақын достарымыз көмектеседі, олар бізге де,біздің жобамызға да сенеді,бізді ұсынысқа салып және бізбен бірге қызметтесетін таныстарымыз бен серіктестеріміз көмектеседі.



Ерекшеліктері жайлы




_DSC6268.JPG

Біз сериялық заттардың көшірмелерін жасамаймыз, бұл біз үшін қызықсыз — жүре-жүре тапталған жолмен жүргені тәріздес. Біздің жұмысымыздың негізгі басымдылығы — эксклюзив және сапа,тапсырыс берушінің тілегіне сәйкес дизайн, қолмен жасалған жұмыс , үлгіден тыс әшекейлеу түрлері. Нәтижесінде тапсырыс беруші қолына бірегей, даналы затты алады,және ол үй көрінісінде көп жыл бойы өз жеке орнын тауып,жайлылық пен көркемдікпен қуанышқа бөлейді. Ал біз қайта қайта біреудің өміріне жайлылық бөлігін қондырамыз.


Бізге ағаш оның жылулығы мен қайталанбас текстурасы үшін, оның жиһаз жасаған кездегі таусылмас мүмкіндігі үшін ұнайды. Біздің көзөарасымыз бойынша үйде тұратын жиһаз сенімді, жайлы, экологиялық және ,әрине, әдемі болуы керек. Біз әрқашан жаңа пішіндерді іздестергенімізбен басқа өндірушілерден ерешеленеміз, біздің өндірісіміз оңтайлы,түрлі міндеттерге тез уақытта қосылып кетеміз, әлемдік үрдістерін бақылаймыз,заманауи формаларын дәстүрлі формалармен қиыстыруға тырысамыз.




BONA компаниясы

Даниил Киселев,21 жас,туған қаласы- Қапшағай, студент,Bona компаниясын орнатушы

Роман Цой, 21 жас,туған қаласы- Қапшағай, студент,Bona компаниясын орнатушы



Бәрі қалай басталды



Тоғызыншы сыныпта 4 жақын дос ретінде өз бизнесімізді ашуын шештік,бірақ бұл қандай бизнес болатының көз алдымызға елестете алмадық. Тоқтамайтын ойлар мен жоспарлар біздің басымыздан кетпей жүрді,сонда да біз неден бастау керек екенін білген жоқпыз. Біз достармен бірге отырғанда басыма «bon appetit» идеясы келді,нәтижесінде BONA атауы пайда болды.


IMG-20170825-WA0016.jpg


Сол кезде Роман «Бизнес молодость» жобасы жайында бірінші естіді — бұл тілеушілерді Ресейдегі бизнеске үйрететін кәсіпкерлердің ең ірі қоғамдастығы. Бірнеше айдан кейін біз «лофт» стиліндегі паллеттен жиһаз өндіру бойынша франшиза сатып алу шешіміне келдік.


Бұл біз соқтығысқан бірінші қиыншылық болды. Тауарды сатып алу үшін ақша салдық, Ресейден бізді үйреткен шебер келді. Нәтижесінде бізге қажетсіз көп сөз ғана айтты. Біз үшін бұл жағдай жағымсыз болса да,жұмысымыз басталды. Біз уәждеме алдық.



Өндіріс жайында



Біз паллеттен жасалған жиһаз өндірісін жүргіздік. Сол кезде Алматыда «лофт» дегені не екенін ешкім білмеді,сол себептен бәсекелестер аз болды. Бізде алғашқы жұмыс жеріміз жабдықталмаған және бос болды. Біз тек қана бір шарқайрақты сатып алдық,ал екіншісі үйден әкелдік.Осылай қалған бүкіл жұмысты өз қолымызбен орындай бастадық. Таңертеннен бастап кешке дейін жұмыс істедік. Ақшамызды қолға алып өзімізді бизнесмен болып сездік.


Кейін,өз қолмен жасалынатын өндіріс өте көп уақытымызды алатынын түсіндік. Шеберді іздей бастағанда,ешкім бізбен жұмыс істегісі келмеді,себебі біздің тұжырымдамамыз бен мақсатты аудиториямызды ешкім түсінген жоқ.


IMG-20170825-WA0017.jpg


Бізді дизайнерлік жиһаз қызықтыратының біз жарты жыл өткен соң түсіндік. Бірақ баста «стимпанк» стиліне ауыстық,құбырлардан жиһаз жасадық. Сонда да бұнын бәрі өткінші болды. Уақыт өтіп бара жатты,біз инстаграммда метал кескіні мен ағаштан жасалған жиһаздарды ресей аккаунтарында көп көріп жүрдік.Қайта буынып-түйініп,дәл осымен айналысуға шештік. Дәнекерлеушіні,ағаш шеберін тауып алдық.Кейін Thefurnish.kz ірі жиһаз дүкенімен шартқа отырдық,олар бізге тапсырыс жасады.Сол кезде біз жеңіліп қалдық:еркін жүріп, қарамай кеттік. Жиһаз сапасы шартқа сәйкес болмады. Осы жағдайдан кейін біз Романмен екеуміз қалып,Алматыға көшуге шешім қабылдадық.Себебі тасымалдау,бақылау сияқты мәселелер үлкен ықпалын тигізді.


Тағы бір кедергіміз — бұл басқару білімінің жоқтығы. Қыркүйекте өндірісті қайта жүргізуге жоспарлаймыз. Енді бізде қажетті біліміміз бар. Жиһаз өндірушілерін,ағаш шеберлік цехтерін нарыққа мықты тауарды жіберу үшін бірігу мақсатымен іздеп жүрміз.



Ерекшеліктері жайлы



Басқа компаниялардан ерекшелігіміз ол - пісіру тігісін бүркеу,osmо,biofa жоғары сапалы лак және бояу жабынуын қолданып,экологиялық рұқсаттық пен жиһаз эргономиясын ескеру сияқты ұсақ жағдайларға үлкен назар аударамыз ,және де ең маңыздысы – әрқашан да клиентімізге жәрдем көрсетеміз.Себебі біздің міндетіміз – идеяларымызды іске асыру.


Ұсақ жағдайлардың мықтылығы олардың мөлшерінде. Олар тауар мен компания туралы соңғы ой-пікір қалыптастырады.


IMG-20170825-WA0014.jpg


Табыс көп болған сайын, қиыншылық та көп болады,бірақ олар біздің мықтылығымызды асыратының түсіндік.Осыдан бұрын біз бизнесте ,әсіресе жиһаз өндірісінің ерешелігінде түк түсінбейтінбіз.Енді өткен жолымыз арқасында көп нәрсені ұқтық.


Дизайнерлер бізге өздерінің ойларымен келеді, ал біз ойларын өмірге әкелеміз. Біздің ұстанымыз қарапайымдылық, жасампаздық және минимализмде негізделген.