Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-tar-tabi-i-kosmetikany-alay-nd-red

Қазақстандықтар табиғи косметиканы қалай өндіреді
1222

30.07.2017

Қазақстандықтар табиғи косметиканы қалай өндіреді

Қуаныш Қазғұлов 35 жаста, туған қаласы — Алматы, Cremative компаниясының негізін қалаушы


Светлана Қазғұлова 34 жаста, туған қаласы— Ташкент, Cremative компаниясының негізін қалаушы


Қуаныш. Үшінші бала дүниеге келгеннен кейін Света тері мен шаштың саулығын қайта қалпына келтіргісі келді. Біз әртүрлі компаниялардың өнімдерін, тіпті дәріханалық косметикаға дейін қолданып, шешім іздей бастадық. Оларды тестілуден өткіздік, бірақ еш нәтиже көрмедік. Сол кезде бізде өзіміздікін жасап шығаруға түбегейлі қызығушылық туындады. Алматыда біз косметиканы жасап шығаруға арналған шикізатты таптық және DIY – өзің жасап ал сайттарындағы рецептер бойынша өзіміздің бірінші өнімімізді дайындадық. Бірақ әсері қарама-қарсы болды: тері не бітеліп қалды, не құрғақ бола бастады. Біз бәрін нұсқаулық бойынша жасасақ та еш нәтиже алмағанымыз қызық болды. Сонда біз Америкалық мектептегі табиғи күтім курсынан өтуге шешім қабылдадық, ингредиенттерді шетелден әкеліп, сәтті өндірілген косметика алдық. Бастапқы кездерде барлығы бізге және біздің достарымызға тестіленді, желі өсе бастады. Қазір ол денеге, бетке және шашқа күтім жасауға арналған өнімдерден тұрады.


IMG_20170728_181528.png


Жеке пайдалануға арналған косметикадан біз тұтас компанияны құрдық.


Сол кездегі өмір кезеңдерінде біз жаңа шұғылданатын іс іздедеген едік. Маған жобалау жұмыстары ұнайды, Светлана өзінің мамандығын ауыстырғысы келді. Жеке қолдануға арналған косметикадан біз тұтас компанияны құрдық.


Құрауыштары табиғи болған сайын, олардың ағзаға тигізер пайдасы да артады.


Ең бастысы — балғындық. Біздің компания сақталу мерзімі үш-алты айды құрайтын табиғи косметика өндірумен айналысады. Өндіру кезінде біз қатты әсер ететін қосындыларды және синтетикалық зиянды құрауыштарды қолданбаймыз. Өнімнің ерекшелігі оның жоғары қарқындылығында. Ол тез әсер ететін және ұзақ уақыт сақталатын әсерге бағытталған.


Светлана. Біз бүкіл желіні жиынтық түрде қолдануды ұсынамыз: аялы тазалау, сергіту мен теріні ылғалдандыру осыдан кейін екі-төрт апта аралығында нәтижесін көресіздер.


IMG_20170728_181600.png


Қуаныш. Қазақстанда өнімді сертификаттауға дейін бизнесті жүргізу тиімді. Алғашқы кездерде біз тауарды сертификаттау туралы ойламадық, себебі ол біздің туыстарымыз және достарымыз тарапынан сатып алынып жатты. Біз этика мен жеке сендіру қағидаларына сүйене отырып, стартапты сәтті бастадық. Америкада шамамен 15000 долларды жұмсай отырып, сіз косметика өндіруді сертификатсыз бастай алмайсыз. Қазақстан нарығының молықтырылғанына қарамастан, толтырылмаған және дамымаған болып қала береді. Компаниялардың көпшілігі нәтижесін дәлелдемей жатып өнім туралы аса көп хабарлайды. Біз әйелдерге қолжетімді бағадағы сапалы косметиканы таңдау құқығын беруге тырысамыз. Біздің өнім сыйлықақылық деңгейдегі тауар өндірудің мүмкін екендігін дәлелдейді. Біздің адамдар отандық өнімді жақсы қабылдайды. Және жеке қолданудан кейін екі есе жағымды әсер алады.


Әр кезеңдердің өз қиындықтары болды. Ең аз желіні дайындау үшін біз Америкадан әр түрлі 350 ингредиенттерді алып келдік, рецептурасын қарастырдық, жеткізіп беру туралы келістік, өз сайтымызды құрдық‑ осының барлығын екеуміз бірге игердік.



Алғашқы тестілік жыл өтіп, біз бәсекеге қабілетті бола бастадық. Біздің болашаққа қояр жоспарларымыз үлкен. Интернет‑дүкенді қолдай отырып, біз Қазақстанның барлық қалаларына жеткізіп беруді дамытқымыз келеді, сауда орталықтарында орындар ашқымыз келеді, Ресей және Қытаймен ынтымақтастық туралы ойлап отырмыз.




Александр Корнев, 32 жаста, туған қаласы — Алматы, Evita Complex компаниясының негізін қалаушы


Маған косметика өндіру қызықты болды. Мен ғылыми әлеммен тығыз байланыста болдым, Ежелгі Мысырда өндірілген косметика туралы ақпарат берген ғалым‑биохимиктермен араластым. Көптеген тәжірибелер жүргізген соң мен оның негізінде қазіргі заманғы 100 % органикалық косметиканы жасай алдым. Біз өзіміздің өніміміздің құрамын Мысыр елінде өндірілген өнімге ұқсаттық және онымен бүкіл әлеммен бөлісуге бел будық.


Қазақстандық нарықта табиғи косметика өте аз және осы біздің оны өндіруімізге түрткі болды


Қазақстандық нарықта табиғи косметика өте аз және осы біздің оны өндіруімізге құруға түрткі болды. Біздің косметика 98- 100% табиғи өсімдік құрауыштарынан тұрады. Біз АҚШ, Германия және Францияның сертификаттау талаптарын растаймыз. Шикізаттарды сатып алу бойынша біз Еуропадағы косметикалық өнімдерді құратын тек әлемдік брендтермен жұмыс жасаймыз.


IMG_20170728_181723.png


Бізде косметика өндіретін екі желі бар: бір бекітілген формула бойынша жаппай өндірілетін common, сондай‑ақ әрбір клиент үшін жеке өндірілетін «эксклюзивті жол». Бастапқыда өнімдік желі бет және дененің жалпы күтіміне арналған құралдардан тұратын: кремдер, пилингтер мен лосьондар. Сертификаттау талаптарына сәйкес келетін сусабынды өндіру кезінде оның бағасы артады. Сондықтан шаш күтімі бойынша құралдар аздаған адамдар арасында ғана өзекті.


2016 жылы бізге Made in KZ ең жақсы өнімдерінің бірі ретінде ELLE сыйлығын берді


Қазақстанда бизнесті жүргізудің негізгі күрделілігі косметиканы тарату, сауда нүктелерімен өзара байланыс орнату болып табылады. Қазір біз жайма сөрелерде ұсынылмаймыз, біз тек жеке клиенттік қорымыз бар интернет‑дүкен бойынша жұмыс істейміз. Ол бір күні біздің косметиканы пайдаланып көріп, қазіргі күнге дейін пайдаланып келе жатқан адамдар. Біздің қазақстандық өнім екендігіміз туралы адамдардың әсеріне қауіптенулер болды, себебі осы уақытқа дейін осыған ұқсастар жасалмаған. Алайда адамдар оң пікір қалдырды, жергілікті өндіріске деген қызығушылықтан өнімді алып отыр, көпшілігіне ол ұнады. 2016 жылы бізге Made in KZ ең жақсы өнімдерінің бірі ретінде ELLE сыйлығын берді. Сонымен қатар біз барлық өнімді шетелге таратамыз. Бірақ оның қиындығы ол қазақтың табиғи өнімдері сияқты суық камерада алты айдан артық сақталмауында.


Біздің косметика сұранысқа ие және біздің кеңейгіміз келеді. Өндірістік қуатты арттыру және өнімді жетілдіруде ұдайы жұмыс істеудеміз.