Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-tar-b-l-m-beru-zh-yes-zh-ne-zhaponiya-koreya-angliya-zh-ne-a-sh-elder-ndeg-zhoo-professorly-zh-mysy-zhayly

Қазақстандықтар білім беру жүйесі және Жапония, Корея, Англия және АҚШ елдеріндегі ЖОО профессорлық жұмысы жайлы
817

06.04.2018

Қазақстандықтар білім беру жүйесі және Жапония, Корея, Англия және АҚШ елдеріндегі ЖОО профессорлық жұмысы жайлы

Роза Нуртазина, 60 жаста, туған қаласы – Астана, саясаттану ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры



Ғылыми және оқытушылық қызметі жайлы



Менің әкем 40 жыл оқытушылық қызметпен айналысқан, сондықтан мен де сабақ беріп, ғылыммен айналысқым келді.

IMG_2289.JPG

1980 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетін бітіріп, оқытушылық қызметім ауылдағы мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде басталды. Өмірімнің мақсаты — ғылымжәне оқыту болды деп те айтуға болады. Мен аспирантураға түстім, редактор болып жұмыс істедім, кейін ЖОО-да сабақ бердім, ғылыми зертханалық қызметпен айнаыса бастадым.

Университетте жұмыс жасау уақытында мен тек Астанада ғана емес, Оңтүстік Корея, Ресей Федерациясы, Түркия және Францияда жұмыс істеуге мүмкіндік алдым. Онда шетелдік әріптестерімнің шақыруымен бардым, ұлтаралық құндылықтар, Қазақстандағы жастар ортасындағы этникалық және діни толеранттылық, қоғамдық келісім және конфессияаралық диалог жайлы туындаған сұрақтар бойынша дәріс оқыдым.

Университетте жұмыс жасау уақытында мен тек Астанада ғана емес, Оңтүстік Корея, Ресей Федерациясы, Түркия және Францияда жұмыс істеуге мүмкіндік алдым


Мысалы, Сеулдегі Хангук университетіне мені «Заманауи Қазақстандағы әлеуметтік-саяси модернизация» тақырыбы бойынша дәріс курстарын қазақ тілінде оқуға шақырды, себебі онда Кореядағы студенттер қазақ тілін оқитын қазақ бөлімі бар.



Шетелдегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері



Әрине, Оңтүстік Кореядағы білім беру жүйесі бізден ерекше. Хангук университетінде әртүрлі ұлт, мәдениет және дін ұстанатын оқытушылар өте көп. Американдық ЖОО-да секілді онда да дәрісті белігілі ғалымдар, бестселлерлердің авторлары, политиктер, музыканттар, қоғамдық қайраткерлер, суретшілер және көптеген басқа да адамдар оқиды.

Фото №19.jpg

Кореядағы профессорлар, студенттер жне аспиранттар арасындағы қарым-қатынас Қазақстанға қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі қарапайым. Әр оқытушыда office hours бар, сондықтан оған кеңес алу үшін кез-келген адам келе алады. Университетте әлемнің түрлі елдерінен келген студенттер білім алады, сол себепті бұл талқылауға ерекше қызулық береді.

Кореядағы профессорлар, студенттер жне аспиранттар арасындағы қарым-қатынас Қазақстанға қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі қарапайым


Корея университеттеріндегі академиялық өмірi еуропалықтарға ұқсайды.

Мысалы, PhD докторанттарының, магистранттардың диссертация қорғауы күрделі емес, ал бізде ол тіпті жабық. Қорғау барысына тек бес оппонент және ғылыми жетекші қатысады. Бұған қоса қорғау аспиранттарға қиынырақ өтеді, көбінесе жұмыстар мақұлданбайды. Бірақ, егер оппонентер «қарсы емеспін» деп дауыс берсе, онда дәреже сол күні иеленеді.

Кореяда мақалалардың халықаралық жинақтарда жариялануы туралы талаптар жоқ, дәйексөз келтіру индексін ешкім тексермейді.



Шетелде оқытушы жұмысының талаптары жайлы



Американдық, түркиялық, кореялық ЖОО-да өз кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Мысалы, жеке меншік университеттерде бюрократия азайтулы. Егер оқытушыға аударуға, ғылыми конференцияға бару сапарына ақша керек болса, ол жай ғана деканға e-mail жазып, бірден оң жауап алады. Ешқандай кадр бөлімдері, мөрлер және қол қою жоқ.

Корей университетіндегі жалақы кітап сатып алу үшін тамаққа үнемдеуді талап етпейтін лайықты сома. Рас, көбісі сізді шақырып жатқан шарттарға байланысты. Сонымен қатар, университетте оқытушылар арасында бәсекелестік өте жоғары.

Архат Абжанов, 43 жаста, туған қаласы – Алматы, PhD, Reader in Evolution and Developmental Genetics, Department of Life Sciences, Imperial College London and Researcher at Natural History Museum, London



Ғылыми және оқытушылық қызмет жайлы



Arkhat_Abzhanov_Portrait_Photo.jpg

Мен университетте 2004 жылдан бастап жұмыс атқарып келемін. Мен ес білгелі әрдайым ғылыммен айналысқым келді, ал студенттерге сабақ беру және оқыту – менің ғылыми қызметімнің бөлшегі.

Мен ес білгелі әрдайым ғылыммен айналысқым келді


Ұлыбританияға көшкенге дейін АҚШ-ғы Гарвард унииверситетінің биологиялық факультетінде жұмыс істедім. Қазір менде екі түрлі ғылыми мекемелерде жақын позиция: Лондон Империялық колледжі және жаратылыстану Мұражайы. Менің зерттеулерім омыртқалы жануарлардың бас және тұлғасын зерттеуге бағытталған бірқатар жобаларды қамтиды. Мұражайда жұмыс істейтін тобымның бір бөлігі үшөлшемді компьютерлік томографияның көмегі арқылы мұражайлық коллекциялардағы түрлі жануарлардың бас сүйегін компьютерлік өңдеумен айналысады. Империялық колледждегі зертханам омыртқалылардың бас эволюциясын және генетикалық даму механизмін зерттейді.



Шетелдегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері



Қазақстаннан 90-жылдардың басында кеткендіктен, маған британдық және қазақстандық білім беру жүйесін салыстыру қиын. Ол кезде білім беру жүйесі кеңестік болды.

Arkhat_Abzhanov_MCZ_Quanta_photo.jpg

Бірақ мен британдық және американдық білім беру жүйесін салыстыра аламын. Американдық жоғары білімнің басты өзгешелігі – пән таңдау шектеулігі. Университеттегі алғашқы екі жылда студенттер олардың шарттарына бағытталған белгілі пәндер жиынтығын алуға міндетті.

Британдық ЖОО-да белгілі білім базасына және біліктілікке кепіл беріледі


АҚШ-ғы білім беру жүйесі икемді және американдық студенттердің таңдауы әлдеқайда үлкен. Екінші жағынан, британдық ЖОО-да белгілі білім базасына және біліктілікке кепіл беріледі.

АҚШ-та да қызықты және пайдалы сабақ кестесін жасауға болады, бірақ барлығы студенттің өзіне байланысты. Ал Англияда барлығы бағдарламаның және ЖОО-ның сапасына байланысты.



Шетелде оқытушы жұмысының талаптары жайлы



Егер американдық және британдық жоғары білім жүйесін салыстыратын болсақ, онда Америкада жеке меншік оқу орындарында жұмыс істеу үшін ішкі ресурстардың арқасында ең жақсы шарттар бар. Штат деңгейінде бюджетпен бақыланатын университеттерде кәсіби өсу мүмкіндіктері әлдеқайда нашар.

Британдық ЖОО-да оқытушы құқықтарын қорғау жақсы жетілген. Мысалы, қазір бүкіл Англия университеттерінде профессорлардың ЖОО-ның өздерімен кепілденген зейнетақыны жақсарту мәселесі бойынша кең көлемді ереуілдер өтуде.



Жоспарлар жайлы



Қазіргі уақытта мен Ұлыбританияда оқытуды әрі қарай жалғастыруды жоспарлар отырмын. Өйткені, өзіңді ғалым ретінде жетілдіру мүмкіндіктері Қазақстанға қарағанда Батыста тиімдірек. Дегенмен, қазір Назарбаев университетіндегі жақсы қаржыландыру мен тамаша жағдайлар туралы жаңалықтар өте көп.

Жумайбай Бакенов, 51 жаста, туған қаласы – Екібастұз, PhD докторы, инженерлік ғылымдарының докторы (Жапония), Назарбаев Университетінің инженерия мектебінің профессоры, энергетика және жаңа материалдар туралы ғылым орталығының директоры



Ғылыми және оқытушылық қызмет жайлы



12 жасымнан химик болуды қаладым. Менде ҚазМУ-дағы химия факультетінде таныс профессор болды, олардың айналысқан нәрселері маған ұнайтын. Бірақ мен ЖООаяқтаған кезде бәрі басқаша болатын, оқытушылар үшін ең жақсы уақыт болған жоқ, алайда мен дәл химия факультетінде жұмыс істеуге өзімді дайындадым.

WhatsApp Image 2018-04-02 at 10.50.06.jpeg

1993 жылдан бастап оқытушылық қызметімді бастадым, ал 1999 жылы Жапонияға жүмыс істеуге кеттім. Біздің химия факультетіне біліктілікті арттыру курстарына шақыру келді, ол кезде мен не ағылшын, не жапон тілін білмейтінмін, бірақ Токиялық техникалық университетке жұмыс істеуге кеттім.

Алғашқы бірнеше ай қиын болды, бірақ жарты жылдан кейін біз бірінші жобамызды алдық, содан кейін мен жұмысқа белсене кірісіп кеттім. Жапонияда мен магистранттар мен аспиранттарға біздің курстардың арнайы тақырыптары бойынша сабақ бердім.

Ол жерде бірнеше жыл жұмыс істедім, сосын ҚБТУде, кейін қайтадан Жапонияда, Канадада, ал 2011 жылы мен Қазақстанға қайтып келіп Назарбаев Университетінің Инженерия мектебінің ең бірінші оқытушысы болдым.



Шетелдегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері



Қазір Азиядағы білім беру қолданбалы түрде, белгілі бағыттарға даярлауға бағытталған. ЖОО-ның автономиясының деңгейі жоғары, минималды талаптар бар – білім беру стандарттары, оларды сақтау керек, ал қалғанынан университет бос. Қазақстанда ұлттық университеттер де академиялық дербестікке ауысып жатыр, ал Назарбаев университетінде бұл жүйе о бастан жұмыс істеп келеді.

Қазір Азиядағы білім беру қолданбалы түрде, белгілі бағыттарға даярлауға бағытталған


Сонымен қатар, Жапонияның Қазақстаннан айырмашылығы, ондағы консалтингтік жұмыстың сұранысқа ие болуы. Осындай қызметте жақсы табыс табуға болады, бұл ғылыми қызметкерлердің неізгі табыс көзі болып табылады. Қазақстанда бұл іспен ешкім айналыспайды, жаңа технологиялардың дамуына ешкім қызығушылық танытып жатқан емес. Дегенмен, компаниялардың өздері жаңа әзірлеуді енгізуге және көбірек ақша табуға мүдделі болу керек.



Шетелде оқытушы жұмысының талаптары жайлы



Жапониядағы оқытушылық қызмет Қазақстаннан ерекшеленеді. Жапондық ЖООғы профессорлардың жүктемелері мүлдем басқа: аптасына 20-30 сағат емес, аптасына тек 1-2 дәріс. Сондықтан да профессорлардың зерттеулермен айналысатын, жеке меншік компаниялардың және үкіметтің жобаларын іске асыруға уақыттары бар.

Профессорлардың зерттеулермен айналысатын, жеке меншік компаниялардың және үкіметтің жобаларын іске асыруға уақыттары бар


Жапонияда кезекті жобаны іске асыру уақытында біз студенттерді жиі қатыстыратынбыз. Оларға нақты жобалар бойынша курстар мен зертханалар жасадық, осылайша олар оқитын, біздің бірлескен зерттеулердің нәтижесін пайдаланатын.



Жоспарлар жайлы



Біз Қытайдағы бірлескен зертханамызбен белсенді түрде жұмыс істейміз, мен мезгілмен сонда барып, семинарлар өткіземін. Қазір біз қытайда жаңа жоба алдық, оған студенттерді көбірек қатыстырайын деп жатырмыз, сондықтан да ол жаққа бұдан да жиі баратын боламын.