Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-tar-a-sh-zh-ne-t-rkiyada-y-d-r-gerled-zh-mysy-men-zhala-ylary-zhayly

Қазақстандықтар АҚШ және Түркиядағы дәрігерледің жұмысы мен жалақылары жайлы
493

18.02.2018

Қазақстандықтар АҚШ және Түркиядағы дәрігерледің жұмысы мен жалақылары жайлы

Алтай Керимкулов, 36 жаста, туған жері — Тараз, КФ «UMC» Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының хирургы


1.jpeg

Мен АҚШ-тағы Питтсбург қаласындағы «Болашақ» стипендиясы бойынша медициналық тәжирибие алдым. Болашақ студенттері сияқты мен де іріктеудің барлық кезеңдерінен өтіп, қажетті емтихандарды тапсырдым. Келісімен 6 айлық тіл курстарын өттім, содан кейін жыл бойы Питсбург университетінің медициналық орталығында хирургиялық онкология мамандығы бойынша оқып, жұмыс істедім. Бұл орталық Назарбаев Университетімен тығыз қарым-қатынаста, сондықтан біз Питтсбурге шақыру алу мүмкіндігіне ие болдық және оны пайдаландық.

Тәжірибе барысында біз онкологиялық ауруларды хирургиялық емдеудің ерекшеліктерін зерттеп, Қазақстанда әлі қолданылмаған көптеген инновациялық технологияларды көрдік. Біз операцияға қатысып, жаңа дағдыларды игердік, емтихандарды тапсырдық.

Америкада денсаулық сақтау жүйесі ақылы, барлық емдеу сақтандыруға жатады, ал Қазақстанда мемлекеттік қолдау бар. Ең алдымен АҚШ-да дәрігерлер ең қиын жағдайларды қабылдағанына таң қалдым, тіпті аурудың төртінші сатысы бар науқастардан бас тартпайды. Олар үнемі ғылыми зерттеулер жүргізеді, емдеудің жаңа әдістерін табады, күрделі операцияларды жүргізеді. Оларда шын мәнінде дамыған технологиялар, ғылыми және клиникалық зерттеулер жоғары деңгейде жүргізіледі.

2.jpeg

АҚШ-да медициналық білім алу өте қиын: медициналық мектепке бару үшін көп күш салу қажет. Бірақ бұл беделді мамандық деп саналады, дәрігерлер жақсы жұмыс жағдайына ие, ал олар білім алып, жұмыс істей бастағанда, олардың жалақысы көбейтіледі. Орташа алғанда, жалпы хирург жылына 120 000 — 150 000 долларды алады. Қазақстанда медицина университеттеріндегі заманауи білім беру уақыт өте келе күрделене түсті, бірақ жас дәрігерлердің жалақысы төмен болып қалды. Дегенмен, АҚШ-да да, Қазақстанда да дәрігер ретінде жұмыс істеу қиын, бұл үлкен жауапкершілік, ауыр жұмыс.

Енді Қазақстанға оралғаннан кейін біз халықаралық әріптестерімізбен ынтымақтастықты жалғастырамыз, профессорлармен жұмыс істейміз, кездесулер ұйымдастырамыз, кеңес ала аламыз. 2016 жылы бізге Американың профессоры келді және қатерлі ісіктің төртінші сатысы бар науқастарға операция жасалды. Өткен жылы біздің клиникамыздан төрт дәрігер Америкада жаңа технологияларды үйренді. Таяу уақытта американдық әріптестерден басқа мастер-класс өткізіледі.

Бұл тәжірибе мен үшін өте пайдалы болды, енді біз елімізде жаңа технологияларды енгізгіміз келеді. Бұл қиын, бірақ біз алға жылжудамыз.


Азамат Жайлганов, 33 жаста, туған жері — Байқоңыр, Нейрохирургия Ұлттық Орталығының нейрохирургы

3.jpeg

2016 жылы мен Түркияның Стамбулдағы Acibadem hospital жарты жыл тәжірибиеден өттім. Осы клиникада нейрохирург дәрігерлерге арнай pediatric neurosurgery бағдарламасы бар, мен осы бағдарлама бойынша 2014 жылы тағылымдамадан өтуге өтініш білдірдім. Менің өтінімім екі жыл бойы қаралды, содан кейін мен өзімнің оқуға түскенім туралы жауап алдым. Өтініш беру кезінде кандидаттың балалар нейрохирургиясы саласында жұмыс тәжірибесі болғаны маңызды.

Оқуым барысында жетекшім болды, ол кісімен әлі де байланыстамыз. Мен оны әрдайым қызықтыратын сұрақтар бойынша шақыра аламын, кеңес сұрап, жетістіктер туралы сөйлесіп, жаңалықтарды талқылауға және т.б.

Клиникада жұмыс істеп жүрген науқастарды сараптап, операцияға қатысып, науқастармен жұмыс істедім. Түркиядағы жұмыс процесі бізден қатты айырмашылығы жоқ. Жалғыз айырмашылығы, мен жұмыс істейтін клиника жеке болды, сондықтан емделудің ұзақтығы және науқастарды госпитализациялау өте қысқа. Мысалы, науқасты қарап шыққаннан кейін, ол келесі күні дереу ауруханаға жатқызылады және бірнеше сағаттан кейін оған ота жасайды. Операциядан кейінгі бақылау 2-3 тәулікке созылады, содан кейін науқас жұмысына кіріседі. Барлығы өте жылдам, маған бұл тұсы қатты ұнады. Сондай-ақ, жалақының айырмашылығы бар, осы клиниканың дәрігерлері жоғары жалақы алады.

Тәжірибе барысында көптеген ауруларды диагностикалау тәжірибесі жинақталды, көп нәрселерге көзқарасым өзгерді, бұл әсіресе хирургиялық емдеуге және емдеу тактикасын таңдауға қатысты. Енді біз өткен жылдың сәуір айынан бері іске асырылған бірегей операцияларды жүргізіп жатырмыз және өте жақсы нәтижелерге қол жеткіздік.

Менің ойымша, кез келген мамандықтың дәрігерлері өз тәжірибесімен бөлісіп, көрші елдердің тәжірибесін жинақтауы керек. Қазір ештене орнында тұрмайды, бәрі алға жылжиды, сол себепті заман ағымымен жүру керек. Мен тәжірибе алмасу үшін АҚШ-на, Канадаға барғым келеді. Мен үшін өте қызықты мамандар бар, науқастарды емдеу тәжірибесі туралы білгім келеді.


Гульнар Магауина, 55 жаста, туған жері — Павлодар, КФ University Medical Республикалық диагностикалық орталықтың клиникалық жұмысының жетекшісі


4.png

Мен Америкаға барып, Ричмонд қаласында Вирджиния Достастық университетінде оқыдым. Мен АҚШ елшінің «Фулбрайт» бағдарламасы бойынша грантың жеңіп алдым. Бұл бағдарлама өз салаларында практикалық тәжірибесі бар және оның ішінде көшбасшы адамдарға арналған. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен денсаулықты сақтандыру бойынша екі жоба болды.

Америкадағы жұмысым барысында мені қызықтыратын сұрақтарды зерттедім. Ал шын мәнінде, Америкада алғашқы медициналық көмек көрсету әлдеқайда әлсіз, себебі американдық денсаулық сақтау бизнесті жүргізуге бағытталған. Бірақ еуропалық елдерде осындай көмек қатты дамыған. Мен Литва, Австрияға барып келдім. Олардың жүйелерін көргенде таңқалдым, себебі бұл елдердегі алғашқы медициналық көмек дәрігерлері қан тоқтатып, жараны кесіп, жүктіліктің ұзақтығын анықтай алады.

Қазіргі уақытта біздің еліміз денсаулық сақтау жүйесін және медициналық сақтандыруды реформалауда. Халықаралық клиникаларда жұмыс істеп жүргенде шетелдіктерді сақтандыруға тап болдым және осы жүйені түсінгім келді, шетел тәжірибесін үйренуге қызығушылық білдірдім.

Америкада жұмыс істеген кезде мен еріктілердің қаншалықты дамығанын көрдім, адамдар бір-біріне көмектесуге дайын. Америкада адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты қағидаты — жағымды болу, адамдар арасында көп сөйлесу, олар қарапайым, тәуелсіз, дамыған. Бұл өте керемет.

Мұндай тағылымдамалардың басты идеясы —көрген және үйренген нәрселерімізді Қазақстанда қолдана алу. Әрқашан дамып, қолыңыздан келгеннің бәрін жасау керек екенін түсіндім. Қазір біз өте ауқымды жобаны жүзеге асырып жатырмыз: біз Назарбаев Университетінің студенттері мен оқытушыларына қызмет көрсететін Республикалық диагностикалық орталықта бөлім аштық.