facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-berklideg-mva-universitet-ndeg-o-u-zh-ne-semeydeg-balalar-a-k-mek-zhasau-sh-n-2000-dollar-zhinau-turaly
logo
Қазақстандық Берклидегі МВА университетіндегі оқу және Семейдегі балаларға көмек жасау үшін 2000 доллар жинау туралы

06.09.2018

Қазақстандық Берклидегі МВА университетіндегі оқу және Семейдегі балаларға көмек жасау үшін 2000 доллар жинау туралы

Азат Сембаев, 28 жаста, туған жері — Семей, менеджмент бойынша басқару, кеңесші



Өзі туралы



WhatsApp Image 2018-08-25 at 00.40.53.jpeg

Семейде туылдым, бірақ ол жерде көп тұрмадым. Ата-анамызбен Алматыға көштік, кейін Астанада тұрдық. Ал 2001 жылы әкемнің жұмысы бойынша Италияға көштік. Онда мектеп бітіріп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияға оқуға бардым. Алдымен Шотландияда Foundation бағдарламасымен оқыдым, содан соң Англия университетіне ауыстым. Оқу аяқталған кезде Қазақстанға оралып, KPMG және McKinsey & Company кеңесші болып жұмыс істедім.

Жұмыс істеу барысында түрлі салаларда істеп көрдім: мұнай-газ компаниялары, білім беру мекемелері және сауықтыру индустриясы. Таяу Шығыста, Аустралияда, Ұлыбританияда жобалармен айналыстым.

Оқу аяқталған кезде Қазақстанға оралып, KPMG және McKinsey & Company кеңесші болып жұмыс істедім



МВА туралы



Бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін оқуымды жалғастыруды шешіп, МВА бағдарламасымен оқуға түстім. Маған оқыған ұнайды, оған қоса әлем жылдам өзгеруде, маған осы білімдер алдағы уақытта қажет.

WhatsApp Image 2018-08-25 at 01.11.17.jpeg

Калифорнияға оқуға түскім келді, себебі ол инновациялар мен жаңа технологиялар орталығы. Бұрын ешқашан мында болған емеспін және маған жергілікті климат ұнайды.

МВА түсу қиын, сондықтан алдын-ала дайындықты бастауға кеңес беремін. Алдымен GMAT стандартты тест тапсырып, 800 баллдан 700-ден көбірек жинау керек. Тест тапсырғаннан кейін эссе жазу керек болды. Көбісі эссені оңай деп ойлайды, бірақ бұл олай емес. Өйткені өткеніңді, жетістіктеріңді еске түсіріп, мұны түсетін бизнес-мектеппен байланыстыру қажет.

Жұмыс пен оқудан басқа мында түрлі қызықты стартаптармен, адамдармен танысу мүмкіндігі бар. Мен оқудың бір жылын бітіріп, PayPal компаниясында тағылымдамадан өттім.



PayPal туралы



PayPal кеңсесі Калифорниядағы Сан-Хосе қаласында орналасқан. Ол үлкен кампус секілді.

PayPal әлем бойынша шамамен 250 тағылымдамасы бар және оның 200 штаб-пәтерлерде өтеді. Тағылымдамадан өтушілердің көбісі программистер. Бізді қатты қинаған жоқ, қажетті ақпарат беріп, қажет болса кеңес беретін. Тағылымдама төленетіннен басқа бізге тұратын үй береді.

Егер маған компанияның СЕО-мен сөйлесу қажет болса, оған жай ғана e-mail жазып, ол маған жауап береді деген ой қалыптасты


PayPal клиенттерімен қызметкерлердің үш үлкен тобы жұмыс істейді: бірінші топ жеке тұлғалармен, екінші топ заңды тұлғалармен,Wallmart секілді ірі ойыншылармен айналысады. Ал үшінші топ — серіктестер, олар заңды тұлғалар мен сатып алушылар арасындағы делдал болып келеді. Яғни Ebay, Amazon, Facebook. Мен үшінші топта бағдарламалық менеджер болып қызмет еттім.

Компаниядағы атмосфера өте тату. Егер маған компанияның СЕО-мен сөйлесу қажет болса, оған жай ғана e-mail жазып, ол маған жауап береді деген ой қалыптасты.



Спорт пен қайырымдылық туралы



WhatsApp Image 2018-08-25 at 00.40.53 (2).jpeg

WhatsApp Image 2018-08-25 at 00.40.53 (1).jpeg

Мен жүгірумен, триатлонмен айналысамын және футбол ойнаймын. Сондай-ақ, табиғатты жақсы көремін, кемпингтік сапарларды ұнатамын, альпинист болу арманым бар. Қазір мұхиттың жанында тұрып жатқанымның арқасында парустық спортпен айналыса бастадым.

Спорт денсаулыққа пайдалы екенін түсіндім, сондықтан жүгірумен айналыстым. Жүгіруді таңдаған себебім көп саяхаттаймын, іссапарларға барамын және үнемі жаттығу залына барып, командалық спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндігім болмайды. Ал жүгіруге тек спорттық аяқ киім ғана қажет. Сонымен қатар, менде марафон жүгіру мақсатым болды және оған қол жеткіздім. Астана, Алматы және Сан-Францискода марафон жүгірдім. Қазір триатлонға өтіп, бір олимпиадалық қашықтықты жүгірдім. Желтоқсанда Ironman қашықтығының жартысын, ал келесі жылы толығымен өтуді жоспарлап отырмын.

Желтоқсанда Ironman қашықтығының жартысын, ал келесі жылы толығымен өтуді жоспарлап отырмын


WhatsApp Image 2018-08-25 at 00.42.11.jpeg

Әдетте марафон ұйымдастырушыларда қайырымдылық корларының тізімі болады. Ал Сан-Францискодағы марафонда кімге көмек көрсететініңді таңдап, қаражат жинауды ұйымдастыруға болады. Бұны білген кезде Семейдегі бір ұйымға көмек көрсетуді шештім. Біріншіден, ол менің туған қалам, жыл сайын жақындарым мен туыстарымды көру үшін келуге тырысамын. Екіншіден, аймақтарға Астана мен Алматыға қарағанда аз назар аударады. Өз таңдауымды ерекше балаларға арналған «Жарқын Болашақ» коррекциялық мектебіне тоқтаттым. Олар аутизм спектрінде ауытқулары бар балаларға көмек көрсетумен айналысады. Директормен сөйлескеннен кейін мұның қаншалықты үлкен мәселе екенін түсіндім. Қаражат жинауды ұйымдастырдым, маған достарым, туыстарым, тек Қазақстаннан емес, басқа да елдердегі таныстарым көмектесті. Біз екі мың доллардан аса қаражат жинап, орталықтың балалары басқа балалар секілді мектепке барулары үшін орта білім беретін мектепте ресурстық сынып ашуды шештік. Үш аптадан соң сынып дайын болды, осы жылдың басынан орталықтың үш баласы мектепке барып, білім алады.

Біз екі мың доллардан аса қаражат жинап, орталықтың балалары басқа балалар секілді мектепке барулары үшін орта білім беретін мектепте ресурстық сынып ашуды шештік


Сыныпқа 1500 доллар жұмсадық. Бұл айтарлықтай үлкен сома емес, бірақ балаларға білім алудың жақсы мүмкіндігі. Қалған сома орталықтың дамуы мен кеңеюіне жұмсалады.



Жоспарлар туралы



Оқудан кейін Қазақстанға оралып, менің оқуыма демеу көрсетіп отырған McKinsey & Company жұмыс істеуді жалғастырамын. Тағы өзімді кәсіпкерлікте байқап көргім келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.