facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-azamatsha-ara-andy-universitet-nen-a-sh-na-auysuy-zhayly
logo
Қазақстандық азаматша Қарағанды университетінен АҚШ-на ауысуы жайлы

01.02.2018

Қазақстандық азаматша Қарағанды университетінен АҚШ-на ауысуы жайлы

Юлия Рябова, 20 жаста, туған жері — Қарағанды, Миннесота университетінің студенті


Түратын елі: АҚШ, Миннеаполис

UMN.PNG


Оқуға түсуі жайлы


Ағам Америкада «Болашак» бағдарламасы бойынша оқыды, мен де Штаттарда оқығым келетін. Бірақ менің оқуымды ата-анамның төлейтінін ескеру қажет болғандықтан, университетке түсердің алдында оқу ақысы маңызды болды. Мен Миннесота университетіне түсуді шештім, өйткені білім сапасы да, ақысы да қолжетімді болды. Сонымен қатар, Миннесотада тұру Калифорнияда немесе Нью-Йоркте тұрудан әлдеқайда арзанырақ.

IMG-3780.JPG

Миннесота университетіне ЖОО арасындағы трансфер бағдарламасымен түстім. Ол үшін мен Қарағанды техникалық университетінде екі жыл оқып, АҚШ-на ауыстым. Трансфер үшін маған транскрипт, жақсы GPA көрсеткіші, 6,5 баллдан кем емес IELTS немесе TOEFL сертификаты, SAT емтиханын тапсыру қажет болды. Болондық жүйе осыған дейін оқыған кейбір пәндерді ескеруге мүмкіндік береді, сондықтан мен философия, тарих және тағы бірнеше сабақтарды оқымай, оқу ақысы мен оқу уақытын қысқарта алдым.

Мен семестр үшін 15 000 доллар және жылына 30 000 доллар төлеймін. Бұған қоса, кафедра оқу ақысын төмендетуге мүмкіндік беріп, мен жақсы үлгерімім үшін 12 000 доллар жеңілдік ала алдым.


Университет жайлы


кампус.jpg

Миннесота университеті өте үлкен, мұнда 30 000 шақты бакалавр, ал егер магистранттарды санайтын болсақ шамамен 50 000 студент болады. Сыныптары өте үлкен. Кампус аймағында өзіңдік жұмыстарға арналған көптеген арнайы орындар бар. Тек кітап беттерінің даусы естілетін, тыныш жерлер және арнайы топтық кездесуге, компьютермен жұмыс істеуге арналған жерлер бар.

Миннесота университетіндегі оқудың Қазақстандағы оқудан қатты айырмашылығы бар. Мамандығым бойынша программистпін, бұл жерде барлық нәрсенің автоматтандырылғаны ұнайды. Университетте, керек ақпараттың барлығын алуға болатын, біріңғай электорндық кітапхана бар.

Бізде операциялық жүйелер мен алгоритмдер деген міндетті пәндер бар. Сонымен қатар, өзіміз тандай алатын: сызба, ойын және тағы басқа сабақтар бар. Халықаралық студенттер бір семестрда кемінде 13 кредит алу керек, бұл шамамен 4 сынып. 13 кредиттан көбірек алғыңыз келсе онда олар үшін қосымша төлеу керек. Бір кездері 19 кредит алғанмын, қазір менде 14 кредит.

Lind Hall (место где учиться).jpg

IMG-3788.JPG

стадион на кампусе.jpg

Оқу жүйесінде де аздап айырмашылық бар, мұнда профессор мен студенттің қарым-қатынасына көп көңіл аударылады. Кейбір програмист-профессорлардың кодты дәріс үстінде жазатыны ұнайды, біз жүйенің қалай жұмыс істейтінің көре аламыз. Көп профессорлар университте үлкен тәжірибиемен келеді, сондықтан олар әрдайым қызықты бірдене ойлап табады, жаңа тақырып береді және бірден тәжірибие ретінде көрсетеді.

Біздерде, программистерде, көп хакатондар өткізіледі, бұл программирования бойынша 24 сағаттық жарыс. Бұл өте ауықымды шара, әртүрлі штаттардан студенттер келеді. Біз өзімізбен көрпе-жастық алып келеміз. Тапсырма алып оны 24 сағат ішінде орындаймыз. Мұндай шараларға үлкен компаниялардың өкілдері келеді, олар бізге жұмыс ұсынуы да мүмкін.

Сондай-ақ университетте студенттерге, түлектерге және жұмыскерлерге арналған GoldPass базасы бар. Мұнда біз туралы барлық мәлімет сақталады. Комапниялар база арқылы студенттердің түйіндемесін, ал студенттер бос жұмыс орындарын қарай алады.


Қала жайлы


центр города (5).jpg


Мені бірден таңқалдырған нәрсе ол қаланың ортасында көптеген офистардың бір-бірімен көпір арқылы байланысуы. Қаланың орталығын далаға шықпай-ақ аралап шығуға болады. Қалада мүсіндердің әдемі паркі, водопады бар үлкен Minnehaha falls саябағы бар. Ал қаланың жанында Америкадағы ең үлкен Mall of America сауда орталығы бар.

Minnehaha fals summer.jpg

Миннеаполисте орысша сөйлейтіндер өте көп, осында Рессейден келген құрбыммен таныстым, бірақ Қазақстандықтарды әлі кездестірмедім.

Миннеаполисте кампустың жанында баспана табу қиын емес, бірақ бағалары қымбат. Біз кампустың жанында пәтер жалдаймыз, менің бөлігім айына 560 долларды құрайды. Келесі жылы жеке бөлмеге көшемін деген жоспарым бар, оның бағасы 865 доллар.


Жұмыс жайлы


UMN mascot golden gopher.jpg

Университтете бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Оған жұмыс берушілер келіп, студенттердің түйіндемесін жинап алып кетеді. Осындай кездесулерде түрлі компания өкілдерімен танысып, сөйлесуге болады. Осындай жәрмеңкелердің бірінде түйіндемемді қалдырғаннан кейін, мені жазғы тәжірибиге шақырды.

Студенттер кампустың ішінде және сыртында жұмыс істей алады, бірақ кампустың сыртынд атек өз мамандығын бойынша істеу керексің. Сонымен қатар шетелдік студенттерге оқу кезінде аптасына тек 20 сағат, ал демалыс кезінде 40 сағат жұмыс істеуге болады. Қазір екі жұмыста істеймін. Жазғы тәжірибиеден кейін келісімімізді ұзартты. Әлі күнге дейін кампуста программист болып істеймін. Және спортзалда қосымша ақша табамын. Екі жұмыста 1000 доллар шамасында аламын. Бұл баспана мен тамағыма жетеді.

Әрине, кейде оқу мен жұмысты қатар алып жүру қиынға соғады, бірақ күн тәртібінді дұрыс құрсан үлгересін, университетте дедлайды қатаң түрле тексереді. Көп студенттер осылай тұрады.


Жоспарларым жайлы


Университеттен кейін халықаралық студенттер Штаттарда бір жыл ішінде жұмыс істей алады, бірақ мен инженерлік мамандықта оқығандықтан мен үш жыл жұмыс істей аламын. Мен осында тәжірибие жинап, ағылшын тілін жетік меңгеріп, соданкейін Қазақстанға оралып, IT компаниялардың бірінде жұмыс істегім келеді.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.