facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-azamat-n-yu-yorkte-policey-bolyp-zh-mys-steu-zh-ne-k-s-p-oy-bokspen-aynalysuy-zhayly
logo
Қазақстандық азамат Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істеуі және кәсіпқой бокспен айналысуы жайлы

16.03.2018

Қазақстандық азамат Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істеуі және кәсіпқой бокспен айналысуы жайлы

Димаш Ниязов, 28 жаста, туған жері — Шымкент, полицей қызметкері

Тұратын елі: АҚШ, Нью-Йорк

1.JPG


Нью-Йорк жайлы


Нью-Йорк — әлемнің астанасы, бұл көптеген атақты ескерткіштері, ғимараттары және қаншама тарихы бар қызықты қала.

Нью-Йорк — үлкен қала, мұнда 15 миллионнан аса адам тұрады. Қаланың өзі 5 бөлікке бөлінген: Манхэттен, Бруклин, Квинс, Бронкс және Статен-Айленд. Әр ауданның өз атмосферасы бар. Мысалы, Манхэттенде көбінесе кәсіпкерлер, адвокаттар тұрады, онда көптеген мейрамханалар, кеңселер бар, жалпы ол жақта басқа аудандармен салыстырғанда тұру өте қымбат. Нью-Йорк басқа штаттармен салыстырғанда өте қымбат қала.

Нью-Йорк — удобный город, здесь можно жить без машины, потому что есть метро, и легко можно попасть в любую точку города. Если хочется сходить куда-то отдохнуть или погулять, всегда можно найти подходящее место. Тут красивая природа, особенно если выезжать за город, можно даже доехать до Ниагарского водопада. Сам город окружен океаном, так что летом тут можно купаться на разных пляжах.

2.JPG

Нью-Йорк — ыңғайлы қала. Мұнда көліксіз де өмір сүруге болады, өйткені метро бар және қаланың кез-келген бөлігіне жету оңай. Егер демалғыңыз келіп, көңіл көтергіңіз келсе, қажетті орындарды табу қиын емес. Бұл жақтың табиғаты әдемі, әсірессе қала сыртына шықсаңыз, тіпті Ниагар сарқырамасына дейін жетуге болады.

Мұнда түрлі ұлттардың өкілдері тұрады, кез-келген ұлттың тамағын таба аласыз. Нью-Йорк — әлемнің астанасы, бұл көптеген атақты ескерткіштері, ғимараттары және қаншама тарихы бар қызықты қала.


Қаладағы өмірі жайлы


3.JPG


Мен Нью-Йоркте 15 жылдан аса тұрамын. Бұл жерде өмір сүру өте қымбат, сондықтан көбісі мұнда жұмыс істеп, Нью-Джерси, Мериленд, Лонг-Айленд сияқты басқа штаттарда тұрады.

Баспананың бағалары да басқа штаттардан қымбаттырақ. Адамдар үйлерді қаланың ішінде емес, қаланың сыртына қарай алуға тырысады. Мысалы, мұнда сіз отбасыңызға арналған үйді 350 000 долларға ала аласыз, ал басқа штатта осы бағаға бірнеше есе үлкен үй сатып алуға болады. Ал, Манхэттендегі бірбөлмелі пәтерлердің бағасы 1 000 000 доллардан басталады.

Менің бір досым Манхэттенде бірбөлмелі үйді жалға алу үшін айына 4000 доллар төйлейді. Ал мен Бруклинде екібөлмелі пәтерді 1500 долларға жалдап тұрамын.

Мен Нью-Йоркте көптеген танымал актерлермен, әншілермен, спортшылармен кездескенмін. Қала ішінде кез-келген танымал адамды кездестіруге болады. Мысалы, жақында кафеде мен Джиджи Хадидті кездестіріп қалдым. Бір бокс кешінде мен 50 Cent-ті көрдім. Лос-Анджелесте жиі болып тұрамын. Ол жерде мен Ким Кардашьян, Стэн Ли, Джастин Бибер және Бред Питт сияқты танымал жұлдыздады кездестірдім.


Жұмыс жайлы


4.JPG


Бала кезімнен Америкадағы полицейлер жайлы көрген фильмдердің әсерінен полицей қызметкері болуды армандайтынмын. Мен «Крепкий орешек» фильмінде ойнаған Брюс Уиллис сияқты болғым келетін.

АҚШ-да полицей қызметкері болу үшін Американың азаматы болып, арнайы Академияға оқуға түсу керек. Ол үшін алдымен колледж бітіріп, арнайы емтихан тапсырып, Академияның жауабын екі-үш жыл тосу керек. Түскен бойда алты ай оқу барысында арнайы емтихандар тапсырып отыру керек.

Мен бұл жұмысты оның белсенділігі үшін таңдадым. Бұл жұмыста ешқашан ішін пыспайды. Бізде өте көп бөлімшелер бар. Мысалы, қайықта, тікұшақта, иттермен немесеантитеррорлық бөлімде жұмыс істейсіз. Мен төрт жылдан бері түнгі уақытта жұмыс істеймін. Жұмысым 23:00 — 08:00 уақыт аралығында.

Әрине, жұмыс қиын. Кейде көп қоңыраулар түсетін кез болады, ал кейде тыныш түн болады. Менің ауданымда зорлық-зомбылық, бандалар арасында атыс, ұрлықтар көп болады. Бізге оқ атқанда, әріптестерімізді құтқарып қалу үшін шатырдан секірген кездеріміз болды.

Адамдарды құтқарып қалу үшін өрт ішінде 20 қабатқа көтерілген кездеріміз де болды. Бірнеше рет қаруланған ұрыларды ұстап тұрдым. Мұндай қауіпті жағдайлар көп болды. Бірақ кейде керісінше жай ағаш басында қалған ит пен мысықтарды қорғап қалатынымыз бар.

Маған өз жұмысым ұнайды. Тұрғындар полицейлерді құрметтейді, жалақымыз да жақсы және барлық отбасымызға арналған тегін сақтандыру бар. Әр жыл сайын достарымызға, отбасы мүшелеріне тарата алатын аранайы карточкалар береді. Мысалы, егер оны полицей қызметкері тоқтатқан жағдайда ол карточканы көрсетсе полицей қызметкері айыппұл салмайды.


Спорт жайлы


5.JPG

Бокспен бұрыннан айналысамын. Жаттығуларымды Шымкентте бастағанмын. Менің жаттықтырушым Нургали Сафиуллин болды. Бұрын ол Қазақстан олимпиады құрамасының бапкері болған. АҚШ-на көшкеннен кейін, жаттықтырушым — әкем болды. Мұнда мен кикбоксингтан әлем чемпионатын жеңдім, тай боксынан жасөспірімдер арасында бірінші болдым. Содан кейін мен кәсіпқой боксқа өттім. Қазір менде 13 жеңіс, 0 жеңіліс және 6 нокаут бар. Мен жұмысқа дейін немесе кейін күн сайын жаттығуға тырысамын. Менің әлем чемпионы болу арманым бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.