facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-yr-yzdar-men-yr-yzstanda-tuyldym-b-ra-aza-stan-men-ek-nsh-otanyma-aynaldy
logo
Қазақстандағы қырғыздар: «Мен Қырғызстанда туылдым, бірақ Қазақстан менің екінші отаныма айналды»
Главный (каз)

01.08.2018

Қазақстандағы қырғыздар: «Мен Қырғызстанда туылдым, бірақ Қазақстан менің екінші отаныма айналды»

Данияр Назаралиев, 27 жаста, туған жері — Бішкек, BUSINESS_SOCIETY_COMPANY президенті



Көшу туралы



данияр.jpg

1996 жылы ата-анам жұмыс бойынша Қазақстанға көшті. Олар БАӘ, Пәкістан, Үндістан және Түркия елдерімен саудамен айналысты және Қазақстанды өткізу нарығы ретінде таңдады. Алматыға келіп, ол жерде бір жылға қалды, ал кейін Қырғызстаннан барлық отбасыны алып кетті. Қазақстан нарығы еркін, ал ұлттарымыздың салттары мен менталитеті ұқсас, сондықтан бизнес бойынша қиындықтар болған жоқ.

Бастапқы бірнеше ай бойы жаңа жерге көшкен кезде пайда болатын мәдени есеңгіреуді сезіндік, ал кейін үйреніп кеттік. Айына бір рет немесе демалыста Қырғызстанға барып тұрдық, себебі Алматы мен Бішкек ара қашықтығы 250 шақырым.



Қырғызстан мен Қазақстан туралы



Жарты жыл Қазақстанда, ал жарты жыл Қырғызстанда тұрамын, сондықтан екі елді де өз үйім деп санаймын. Жақында Алматыда қызым туылды, бұл жағдай мені Қазақстанмен қаттырақ байланыстырды.



Сүйікті жерлер мен отбасылық дәстүрлер туралы



Мен Қырғызстанда туылдым, бірақ Қазақстан менің екінші Отаныма айналды. Он жасымнан Алматыда тұрамын, сондықтан оны туғанымдай көремін. Қазақстанның барлық қалаларында болып көрдім, бірақ сонда да Алматыда тұруды қалаймын, себебі мен үшін бұл үнемі даму үстіндегі жастар қаласы.

Маған Қазақстанның еркін мемлекет екендігі ұнайды, онда бизнес пен мүмкіндіктер үшін шектеулер жоқ.Тренингтер өткізген кезде Қазақстанды үлгі етемін.



Жоспарлар туралы



Біз қырғыздармен белсенді араласамыз, айына бір рет мәдени іс-шараларды ұйымдастыратын, ал жылына екі рет эстрада жұлдыздарын шақырып, үлкен концерт жасайтын диаспорамыз бар. Жобаларды талқылау үшін жиі жиналамыз және күзде болатын ауқымды шараға дайындалып жатырмыз.

Искендер Осмонов, 23 жаста, туған жері — Алматы, KazSpace инженерлік-ғарыш мектебінің оқытушысы



Көшу туралы



искендер.jpg

Алматыға 1997 жылы көшіп келдік. Анам — қазақ, сол себепті ол Қазақстанда тұрғысы келді. Анамның туыстары Қызылордада тұрады, ал әкемнің туыстары Ош қаласында тұрады. Ал біз Алматыда тұруды шештік, себебі ол Қызылорда мен Ош қалаларының ортасында орналасқан.

Жаңа қалада әкеме аяғыны нық тұру қажет болды, бұдан басқа қиындықтарды байқаған жоқпын.



Қырғызстан мен Қазақстан туралы



Қырғызстанда жыл сайын болып тұрамын, себебі онда туыстарымыз тұрады. Жазда бір-бір жарым айға оларға барып тұрамын. Сондай-ақ, Ыстықкөлге де барамын.

Қазақстанды туған Қырғызстанымдай көремін. Мұнда адамдар, тіл, менталитет ұқсас. Айтарлықтай айырмашылықтарды көрмеймін, бұған қарағанда ұқсастықтарымыз көбірек секілді. Бірақ тілдеріміз сәл ерекшеленеді — қырғыз тілі қаттырақ, онда дауысты дыбыстар аз.



Сүйікті жерлер мен отбасылық дәстүрлер туралы



Алматыда тұрамын және осы қаланы сүйемін. Түнде Көк-Төбеге көтеріліп, Алматының шамдарына қарағанды ұнатамын.

Жұмыстан бос уақымда Алмаарасан мен Медеу тауларына барамын. Тауда өзімді жайлы сезінемін және Қызғызстанға деген сағынышым да басылады.



Жоспарлар туралы



Қайтып көшуді жоспарламаймын, себебі Алматыда тұруды ұнатамын, сондықтан осында қаламын.

Нурсултан Таштемиров, 23 жаста, туған жері — Алматы, шет тілдер оқытушысы



Көшу туралы



нурсултан.jpg

Ата-анам Ош облысы Ноокат ауданының тумалары. Олар Қазақстанға 90 жылдардың басында жоғары білім алу үшін келді. Оған дейін әкем Брянскта оқыды, ал КСРО ыдырағаннан кейін оқуын Қазақстанда жалғастыруды шешті. Университет бітіргеннен кейін ол кәсіпкерлікпен айналыса бастады.

Анам Алматыда оқуды шешті. Университетке «ағылшын тілінің мұғалімі» мамандығына түсті. Университетті аяқтаған соң СБА-де жұмыс істеді, сол жерде әкеммен танысты. 1994 жылы ата-анам үйленіп, жұмыстары бар болғандықтан Алматыда қалды.

Отбасымызда бес адам бар: ата-анам, мен, кіші қарындасым мен інім. Қарындасым Назарбаев мектебін бітіріп, Бішкектегі Манас университетінде оқып жатыр. Ал інім Жамбыл Жабаев атындағы орта мектепте білім алуда.



Қырғызстан мен Қазақстан туралы



Қырғызстанда жиі болып тұрамыз, әсіресе ата-анам. Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы айырмашылықтар жайлы айтатын болсам, айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Тілдеріміз, салттарымыз, мәдениеттеріміз ұқсас. Мүмкін менталитетте айырмашылықтар бар шығар. Менің ойымша, қырғыздар тік мінезді және ұлттық дәстүрлер мен белгілерді қатаң ұстанады.



Сүйікті жерлер мен отбасылық дәстүрлер туралы



Ата-аналарымызбен Алматыдағы қырғыз диаспорандамыз. Іс-шараларға жиі барып, біздің ұлт өкілдерімен жақын араласамыз. Ата-анамда салт бар — ай сайын бір қырғыз отбасының үйінде жиналады.

Әрбір алматылық тұрғынның сүйікті жері — тау және біздің отбасымыз да ерекшеленбейді.



Жоспарлар туралы



Бізді туған жерімізге тартады, бірақ көшу жоспарымызда жоқ, себебі мұнда үлкен үйіміз, жұмысымыз, достарымыз және басқа да қуаныштарымыз бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.