facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-taylandty-tar-ne-sebept-aza-standa-u-alaushy-bolyp-zh-mys-steu-taylandta-ydan-zha-syra-eken-turaly
logo
Қазақстандағы тайландтықтар. Не себепті қазақстанда уқалаушы болып жұмыс істеу тайландтағыдан жақсырақ екені туралы
Өмір сүру стилі

17.07.2018

Қазақстандағы тайландтықтар. Не себепті қазақстанда уқалаушы болып жұмыс істеу тайландтағыдан жақсырақ екені туралы

Супаттра Патум (Supattra Patthum), 39 жаста, туған жері — Бангкок, Lotus Thai Spa тайландтық спа-салонының шебері


Қазақстанға алғаш рет екі жыл бұрын келдім. Lotus Thai SPA салонында жұмыс істеу үшін арнайы келдім. Құрбым Қазақстанда жұмыс істейді және маған Бангкоктан Қазақстанға көшуге кеңес берді. Ол бұл жерде суық, бірақ клиенттер көп екенін айтты.

76545.jpeg

Астанаға мамыр айында келдім. Ауа-райы ұнады, жылы әрі Тайландтағыдай ыстықболған жоқ. Тіпті қыс мезгілі де ұнады. Ауа-райы барлығы ойлайтындай суық емес болып көрінді. Бұл ыстыққа қарағанда жақсырақ.

Негізінен барлық уақытымды жұмыста өткіземін, бірақ қалаға шыққан кезде уақытты үйге жақын жердегі саябақта өткізгенді жақсы көремін. Компания бізді тұрғын үймен және трансфермен қамтамасыз етеді, сол себепті бір жерге шығудың қажеті жоқ. Кофе ішу үшін «Хан Шатырға» барамын. Ол жерде демалып, киім сатып алуға болады. Тағы саудаға қолайлы жер — MEGA Silk Way.

7564534.jpeg

Сондай-ақ, маған қазақстандық адамдар ұнайды. Олар өте мейрімді әрі түсініктері мол. Мен сөйлеген тілді білмесе де маған жайдары қараған адамдарды кездестіргенде мәз боламын.

Ұлттық қазақ тағамдарын жеп көрдім, бірақ онша ұнаған жоқ. Қымыздың дәмін таттым, бірақ ол мен үшін емес екен. Бізде Тайландта мұндайды жемейді. Бәріміз бірге тұрамыз және үйренген тамақ дайындаймыз: күріш, көкөніс, тауық еті.

345.jpeg

Жылына бір рет бір айғаТайландқа демалысқа барып тұрамыз. Осылайша отбасыммен жеткілікті уақыт өткіземін. Сол уақытта біздің келісімшартымыздың мерзімі аяқталады және біз оны созатынымызды шеше аламыз. Алайда маған Қазақстан ұсынған шарттар ұнайды. Бізге тұратын үй жайлы ойланудың, ақша шығарудың қажеті жоқ. Бангкокте салондар өте көп. Уқалауды тіпті далада жасайтындар да болады. Маған, білікті маман ретінде Қазақстанда жұмыс істеу қолайлы.

Қазақстанда жұмыс істеуді Тайландтағы отбасым қарсы болмағанша жалғастырамын.



Буба Асо (Buba Aso), 45 жаста, туған жері — Чиангмай, Lotus Thai Spa тайландтық спа-салонының шебері


Қазақстанға келмес бұрын түрлі мемлекеттерде жұмыс істедім. Соңғы елдер Малайзия және Ресей болды. Мәскеуде жұмыс істедім және осыдан кейін Астанаға көшу оңай болды. Қалалар үлкен, адамдар бір-біріне ұқсас. Қазақстандықтар бізге қызығушылықпен қарайды. Адамдар менен қай жақтан екенімді сұрап, Тайландтан екенімді айтқан кезде, қуанып, таңғалатын жағдайлар болады.

756453.jpeg

Клиенттер жиі мен сөйлейтін тілді түсінбейді немесе мен оларды түсінбеймін. Алайда байланыс орнатуға тырысамын. Ағылшын, орыс тілдерінде қысқа сөз тіркестерімен араласуға тырысамыз.

Қазақстан наурыз мерекесін тойлаған кезде болдым. Еттен жасалған тағамдардың дәмін татқан жоқпын, себебі ет жемеймін. Жалпы сүт тағамдарын да жемедім, сондықтан көптеген тамақтарды жеген жоқпын. Бірақ бауырсақтарды жедім.

6453423.jpeg

Тайландтық жаңа жылды тойлау үшін Бурабайға бардық. Ол жердің табиғаты керемет. Тайландты еске түсіреді. Бірақ, мамыр айында барғанға қарамастан ол кезде суық болды. Суықтығы соншалықты жерде әлі де қар жатты. Таңертең барып, қыдырып, тонғандықтан кешке үйге қайттық.

2017 жылдың жазында ЭКСПО-ның Тайланд павильонында жұмыс істедік. Үш ай бойы уқалаудың қалай жасалатынын көрсеттік. Тайландтықтар үшін бұл мәдениеттің маңызды белгісі, сондықтан біздің ел міндетті түрде оны көрмеде көрсетті. Қонақтар 10-15 минут аяқ немесе бас уқалауын тегін ала алады. Кезектер өте үлкен болды. Күні бойы жұмыс істеу қиын болды, бірақ демалыс күндеріміз беріледі, оған қоса туған еліңді көрсету өте жауапты әрі қызықты.

64534.jpeg

Қазақстанда жұмыс істеуді ары қарай жалғастырамын. Егер үйдегі балаларыммен қиындықтар болмаса, онда неге жұмысты жалғастырмасқа. Қызым оқу оқуды жоспарлап жатыр және мен оқу ақысын төлеу үшін ақша жинағым келеді.



Анонг Доу (Anong Daw), 36 жаста, туған жері — Хатъяй, уқалаудың шебері


Қазақстанға 2015 жылы уқалау бойынша шебер жұмысы үшін көшіп келдім. Алматы қаласында жұмыс істедім. Жұмысқа жаз мезгілінде шақырды.

Ауа-райы жылы болды және нағыз қыс болатынына сене алмадым. Мен үшін күн сайын жылы киіну, көп киімдер сатып алу жаңа нәрсе болды.

Қазақстанға екі құрбыммен бірге келдім. Бұл қызығырақ және сенімдірек. Қайда бара жатқаныңды білмегенде жаныңда таныс біреуің болғанын білгің келеді. Салон иесі біз Тайландта болған кезде бізбен байланысқа шықты. Көбісі шеберлерді оқу орындары арқылы табады, бізді де дәл солай тапты. Сөйлескеннен кейін бізге жақсы жұмыс жағдайлары мен қомақты жалақы ұсынды. Шетелге барып, жаңа нәрсе білетініміз бізді қуантты.

Жергілікті тұрғындармен көп сөйлестім деп айта алмаймын, себебі бар бос уақытымды құрбыларыммен немесе отбасыммен сөйлесумен өткіздім. Алайда, жалпы қаладағы атмосфера жеңіл, адамдар да араласуға құмар. Кей кезде әртістерді көрдік, кейбіреулері гитарада ойнады. Кейде адамдар жергілікті емес екенімді көріп, бірдеңе сұрайтын. Маған дос болған жұмыс тобым ұнайтын. Бірнеше рет тауға пикник жасауға бардық.

Қазір отбасыммен үйдемін. Үйге қайтуға тура келген жағдайлар пайда болды. Бірақ жақын арада жұмысымды жалғастыру үшін Алматыға қайтуды жоспарлап отырмын. Маған Қазақстан ұнайды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.