facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-r-b-r-adam-a-b-luge-azhett-zger-ster
logo
Қазақстандағы әр бір адамға білуге қажетті өзгерістер
Өмір сүру стилі

02.09.2017

Қазақстандағы әр бір адамға білуге қажетті өзгерістер

2017 жылдың қыркүйегінен бастап белгілі тауарларға әкелім бажының мөлшерлемесі өзгереді


Еуразиялық экономикалық комиссиясының шешімі бойынша Еуразиялық экономикалық одағының Біріңғай кеден тарифіне өзгеріс енгізу жолымен әкелім бажының мөлшерлемесі өзгереді. Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық одағының сырткы экономикалық қызметінің Тауарлы номенклатурасына да өзгерістер енгізілген.Балық,теңіз өнімі,ірімшік,көкөністер,тұқым,жаңғақ,тұздық,косметикалық құрал,жуғыш құрал, керамикалық бұйым,металл бұйымдары және тағы да басқа тауарларға мөлшерлеме өзгертілген. Сонымен қоса жеңіл электрмобильдерге әкелім кеден бажының жеңілдік кезеңінің аяқталу уақыты келіп қалды.



Толығымен ақпаратпен осы жерде танысуға болады.





Азаматтар енді онлайн нотариуске жазылып,құжаттарын тексеріске жібере алады


«Е-нотариат» -бұл нотариустын күнделікті жұмысындағы негізгі құралы,бірақ та осымен оның жұмысы шектелмейді.


Жақын арада нотариуске кездесуге және алдын-ала консультацияға азаматтардың онлайн-тіркеу,және мүмкін, адамның келіп қатысуын қажет етпей құжатнотариуспен алдын-ала онлайн жұмыс өндеу енгізуге жоспарланады. Жоғарыда айтылған әрекет бүкіл қажетті құжаттарды дайындыққа немесе тексеріске алдын ала жіберуге мүмкіндік пайда болғаннан немесе алдын ала барлық қажетті құжаттардың тізімін біліп, кездесуге екі жаққа да ыңғайлы күнді таңдауға мүмкінндік берумен аазматтардың да,нотариустердің де уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Ресей мен Белорусс мемлекеттерінің ақпараттық жүйелерін біріктіру жоспарланады.Бұл біріктіру өз жүйеден шықпай басқа елдердің нотариустерімен ақпаратпен алмасу мен біріктірілген елдерінің нотариустерінің нотариустік әрекеттерін тексеруге мүмкіндік береді,нәтижесінде нотариустік әрекеттерге жұмсалған уақыт азаяды.


Бүгінгі күнде бұл жүйеде 4130 нотариус тіркелген.


Толығымен ақпаратпен осы жерде танысуға болады.




Қазақстанда ақшалай компенсация негізінде ескі көліктерді қабылдау жұмысы қайта басталды


2017 жылдың соңына қарай жинақ бекеттері ақшалай компенсация негізінде қолданудан шыққан 12 000 көлік құралын қабылдайды. Бағдарлама шарты өзгермейді: ҚШКҚ (қолданудан шыққан көлік құралы) екі дәреже бойынша бағаланады: толық жиынтықтылаудағы көлік үшін 150 мың тенге ,ал толық емес жиынтықтылаудағы көлік үшін 48 мың тенге.Берілген бағдарлама бойынша көліктерді қабылдау 2017 жылдың 26 тамызында басталды.


Сонымен қоса Қазақстанда қолданудан шыққан көлік құраладарын жаңа көлік құралдарын сатып алуға арналған жеңілдік сертификаттарына ауыстыру бағдарламасы жалғасады.ҚШКҚ жою бағдарламасын жүзеге асыру еліміздің көлік паркін жаңартуға мүмкіндік береді,экологиялық таза көлік құралдарын өндіруге ынталандырады және жою саласының қалыптасуына жағдай жасайды.



Толығымен ақпаратпен осы жерде танысуға болады.




«Болашақ» халықаралық стипендия сайысының жеңімпаздарының оқуына жұмсалған қаражатын қайтаруымен байланысты жұмысты ұйымдастыру ережелері бекітілген


Оқуы аяқталғаннан кейін әкімгер он жұмыс күн аралығында «Болашақ» стипендиясының түлегінің оқуын ұйымдастыруына жұмсалған есептелген төлемінің толықтығын тексереді. «Болашақ» стипендия түлегі берешек болған жағдайда әкімгер жазбаша,телефон арқылы,не электрондық пошта арқылы түлекке берешек сомасы жайлы хабарлайды. Егер берешек адамда бір жолғы төлеммен ақшаны қайтару мүмкіндігі болмаса, әкімгер төлем кестесін құрайды. Шығындардың өтеу тәртібі ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі.Бар шығындарды төлеуге келіскен жағдайда,берешек адам әкімгерге құжаттар мен мәлімдеме жібереді.


Толығымен ақпаратпен осы жерде танысуға болады.




ҚР-де жедел дәрігерлік көмек көрсету ережелері бекітілген


Енді шақырудың барлық себептері жеделдіктің төрт дәрежесіне бөлінеді:


— жеделдіктің бірінші дәрежелі шақыру себебіі — емделушінің жағдайы өмірге тікелей қауіп төндіреді және жедел дәрігерлік көмекті қажет етеді

— жеделдіктің екінші дәрежелі шақыру себебі — емделушінің жағдайы дәрігерлік көмексіз өмірге ықтимал қауіп төндіреді

— жеделдіктің үшінші дәрежелі шақыру себебі — емделушінің жағдайы дәрігерлік көмексіз денсаулыққа тікелей қауіп төндіреді

— жеделдіктің төртінші дәрежелі шақыру себебі — емделуші мүшелерінің және ағзасының жағдайы кенет және ақиқат бұзылусыз қатты ауру мен қатты созылмалы аурумен байланысты, емделуші өміріне және денсаулығына ттікелей және ықтимал қаупі төндірмейді.


ЖДК диспетчерінен шақыруды қабылдаған кезден бастап аурудың орналасқан жеріне ЖДК бригадасының жету уақыты:


Бірінші дәрежелі жеделдік — 10 минутқа дейін

Екінші дәрежелі жеделдік — 15 минутқа дейін

Үшінші дәрежелі жеделдік — 30 минутқа дейін

Төртінші дәрежелі жеделдік — 60 минутқа дейін.



Толығымен ақпаратпен осы жерде танысуға болады.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.