Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-e-bekke-zharamsyzdy-para-y-turaly-nen-b-lu-kerek

Қазақстандағы еңбекке жарамсыздық парағы туралы нені білу керек
1352

18.08.2017

Қазақстандағы еңбекке жарамсыздық парағы туралы нені білу керек

Біздің мемлекетіміздің заңнамасына сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс беруші өз есебінен төлейді. Ол үшін қызметкер есеп бөліміне ауруханада ресімделетін еңбекке жарамсыздық парағын ұсынуы қажет. Егер оны жоғалтып алса, онда екінші нұсқасын сұратуға болады.


Жәрдемақы қандай жағдайларда төленеді?


— егер сізді емдеуші дәрігер еңбекке жарамсыздық парағын ашса

— еңбек жарақаты немесе кәсіби ауру салдарынан болған уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша төленетін жәрдемақы тек өндірістегі оқыс оқиға туралы тіркелген акті бар болған жағдайда ғана тағайындалады. Ал егер сіз бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істесеңіз онда жәрдемақы әр жұмыс орны бойынша тағайындалып, төленеді

— қызметкер негізгі жұмыс орны бойынша еңбекақысын сақтаумен жұмыс істеу үшін басқа ұйымға жолданса. Мерзімдік жұмыстармен, үй және еңбек міндеттерін үй жағдайында атқаратын, даярлау, қайта даярлау және кадрлардың біліктілігін жетілдіру бойынша курстардың тыңдаушылары, егер олар курстарға жұмыс берушімен жолданып және оқу кезеңінде еңбекақылары сақталған болса осы кезең аралығындағы жәрдемақы олардың жұмыс орны бойынша төленеді

— қызметкер протездік-ортопедиялық ұйымдардың стационарына госпитализацияланғанда жәрдемақы 30 күнтізбелік күннен артық емес мерзімге стационарда жатқан және стационарға барып, кері қайтқан жолының уақытына төленеді.

Егер уақытша еңбекке жарамсыздығы кезекті еңбек демалысы уақытымен сәйкес келсе:


— жәрдемақы төленбейді, бірақ еңбекке жарамсыздық күндері сіздің демалысыңыздың аяқталған кезеңіне ауыстырылады.





Жәрдемақы мөлшері қалай анықталады ?


Бір айға төленетін жәрдемақы мөлшері 15 АЕК аспауы қажет.


Қызметкердің жәрдемақысын есептеу үшін оның бір күнгі орташа еңбекақысын еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлеуге жататын жұмыс күндерінің санына көбейту керек.


Егер уақытша еңбекке жарамсыздық парағы былтырғы жылда басталып, ағымдағы жылда аяқталса онда жәрдемақыны есептеу мен оның мөлшерін айлық шектеу тиісті жылдың айлық есептік көрсеткішін қолдану арқылы екі тәсілмен есептеліп жүргізіледі.


Тұрғындардың белгілі бір санаттарына уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлеу.


Ұлы Отан Соғысына қатысқандарға, мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға жәрдемақы еңбекке жарамдылығын жоғалтқан күннен бастап орташа еңбекақысының жүз пайызы мөлшерінде төленеді.


Қызметкердің еңбек жарақатын алуы немесе кәсіби ауруымен байланысты жәрдемақы жұмысқа шығуына немесе мүгедектікті белгілеуге дейінгі мерзімде орташа еңбекақысының жүз пайызы мөлшерінде төленіп отырады.


Қосымша күтімді қажет ететін үш жасқа дейінгі балалар стационарда емделгенде оған күтім жасайтын анасының, әкесінің немесе басқа адамның жәрдемақысы қызметкерде уақытша еңбекке жарамсыздық туындаған кездегі тәртіп бойынша төленеді.


Дереккөз: mzsr.gov.kz және egov.kz