Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-muzykaly-aspaptardy-k-m-zh-ne-alay-zhasaydy

Қазақстанда музыкалық аспаптарды кім және қалай жасайды
739

13.09.2017

Қазақстанда музыкалық аспаптарды кім және қалай жасайды

Денис Миронов (Дайасар)

41 жас, туған қаласы — Алматы, этникалық музыкалық аспаптар шебері


Біз флейталы ағаш музыкалық аспаптарды жасаймыз. Бізде әлем ұлттарының флейталары бар. Индиялық бансури да, қазақ сыбызғылары мен пимақтары да бар.


IMG_20170819_101551.jpg


Мен флейтаны ұнатамын және қолыммен жұмыс істей аламын. Шығады ма,шықпайды ма — тексергім келді. 14 жыл бұрын бір жылдық тәжірибелерімнен кейін алғаш флейтамды әзірледім. Сол кезде әлі интернет болған жоқ, сонда флейтам қалай дыбыс шығаратынын немсе шығармайтынын түсінгім келді, ал ол дыбысын шығарды.


Барлығы қолмен жасалады, бірақ бұрғы, ажарлағыш машина,ағаш жонатын, фрезер,лазер білдектері сияқты құрал-жабдықтар бар, олар аспапты одан аса жетілген түрге жеткізіп, ежелгі этникалық музыкалық аспаптың сапасын арттыруға көмектеседі.


Біз аспаптарды тапсырыс бойынша жасаймыз, бірақ бізде қолда дайын аспаптар да бар. Бір флейтаны өндіруге бір күннен үш күнге дейін кетеді.


Этникалық музыкалық аспаптар үшін адам тұрған жердегі материалдар жарайды. Индияда этникалық флейта бамбуктан жасалады,сол жақта ол жақсы өседі. Бізде Қазақстанда біз аспапты қамыстан жасай аламыз. Ежелгі флейта — пимақ — қарағайдан жасалады,бірақ оны алма ағашынан да жасауға болады,дыбысы бұдан бұзылмайды.


Ал біз флейталарды пластиктан бастап,бамбукқа дейін әр түрлі материалдарды қолданып жасаймыз


Ал біз флейталарды пластиктан бастап,бамбукқа дейін әр түрлі материалдарды қолданып жасаймыз. Барлығы аспаптын нәтижелілігіне байланысты. Себебі аспапта үш нәрсе болу керек: оның дыбысы, оның көркемділігі және оның ұрпақт ан ұрпаққа тапсырып беруге мүмкін ететін қолайлығы.


Флейта көптеген мәдениеттерде ,мысалы, фэн-шуй мәдиниетінде жағымды аспап. Фэн-шуй бойынша флейтада ойнауға да міндетті емес, оны қызыл бауымен байлап, бұрышқа іліп қою керек.Бұл аспап ақша мен аманшылықты тартады деп саналады.




Жолаушы Тұрдығұлов

67-жас, ШҚО,Марқакөл ауылы, ұлттық музыкалық аспаптар шебері


Мен барлық қазақ ұлттық аспаптарын жасай аламын: домбыра,қобыз, шертер, жетіген. Аспаптар жасауға өз бетіммен үйрендім, бір жерде оқып алдым, бір жерде қарап алдым,зерттедім, ескі аспаптарды жөндедім, көп тәжірибелер жүргіздім.


photo.jpg


Ең алғаш аспабымды мен 1969 жылы әскерде болғанда жасадым,бұл домбыра болды. Мен Қиыр Шығыста қызмет еттім және менімен бірге Қазақстаннан келген жастар болды. Олар үйін сағындып отырғанда бізге домбыра жасауға ой келді.Әскерден кейін мен мәдениет Үйінде жұмыс істелдім,көптеген музыканттармен таныстым,сол кезден бастап бұл салаға менің қызығушылығым арта бастады.


Бүгінгі күні мен Абай Құнанбаев атындағы Университетте қолданбалы өнерді және көркемдік ағаш өндеуді оқытамын. Және,әрине, домбыра жасауға үйретемін. Менің көптеген оқушыларым бүкіл Қазақстан бойынша танымал әрі талап етілген шеберлер.


Бүкіл өмірім бойынша менің қолыммен 2000-нан астам домбыра мен 200-ден астам басқа аспап жасалынды. Мен аспаптарды тапсырыс бойынша жасаймын, бұл кәсіпқой музыканттарға арналған концерттік аспаптар, сондықтан бұл аспапқа талаптары да ең жоғары. Маған көптеген танымал музыканттар тапсырыс жасайды. Құрманғазы атындағы ұлттық академиялық оркестірінде бүкіл аспаптар менің қолыммен жасалған. Қазақстандық кәсіпқой әртістерінің барлығы менің домбыраларымды тартады: «Ұлытау» ансамблі, «Тұран», «Мұз Арт» және тағы да басқа әртістер.


Бір домбыраның өндірісіне екі аптадан жарты жылға дейін уақыт кетуі мүмкін. Бір аспаппен тез бітірсен, екінші аспапқа көп уақыт кетеді. Әр түрлі жағдайлар болады, барлығы көңіліме,шабытыма және тапсырыс беруші мен материалға байланысты.


Бүкіл өмірім бойынша менің қолыммен 2000-нан астам домбыра мен 200-ден астам басқа аспап жасалынды


Бұрын қазақтар домбыраны жергілікті мекендеген жерде өсетін ағаштардан жасайтын. Көбінесе домбыраларды қылқан жапырақты ағаштардан жасайды — қарағай мен балқарағай. Біз домбыраларды қызыл ағаштан, үйенңкі,палисанд және тағы да басқа ағаштар түрлерін жааймыз.


Дека — домбыраның алдыңғы беті — тянь-шаньдық шыршадан жасалады, бұл Орта Азиядағы ең акустикалық материал. Негізінде аспаптың музыкалық қабілеті мен сапасы 95%-ға декаға байланысты.


Менің домбыраларымның бағасы 800 доллардан басталады


Өкінішке орай, Қазақстанда домбыраға арналған арнайы ішектері жоқ, біз кәдімгі балық аулайтын қармақ бауын қолданамыз. Қазіргі кезде біз оқушыларымызбен бірге бұл мәселені шешудеміз. Мен жақында өз үйімде тәжірибелік шеберхананы аштым, бұл жерде біз жаңалықтар ашамыз деп үміттенемін. Осында біз ешкі ішектерінен домбыра ішектерін жасауға жоспарлаймыз. Бір ешкінің ішегінен екі-үш домбыраға ішек жасауға болады. Нағыз ішектері бар домбыра мүлдем басқаша дыбыс береді,кәсіпқой музыкант бұл дыбысты қармақ бауынан тез айыра алады.


Домбыранын бағасы,бірінші кезекте, материалына,тек содан соң ғана шебер ептілігіне байланысты. Менің домбыраларымның бағасы 800 доллардан басталады.




Валерий Абрамкин

63 жас, туған қаласы — Алматы, қобыз шебері



DSC_2661111.jpg

Фоосуретте Ляйля Тажибаева, халықаралық байқаулар лауреаты, продюсер, Інжу Маржан тобының орындаушысы, орындау өнерінің Дүниеежүзілік чемпионатының алтын медальдар иегері.


Мен менің ағайым Алексей Алексеевич Першиннің ісін жалғастырамын. Мен әрқашан да оның қасында жүрген себебінен,оның ісін жалғастыра алдым. Бұл іс әрдайым көз алдымда,сөзінде,әңгімесінде болған ,мен әрдайым оның не істеп жүргенін қарайтынбым.Ол маған бірдене беріп: «Осыны жасап қой» деп тапсырма беріп қоятын. Бірақ шындығында, мен осыны байыпты іс деп санамайтынбым. Ағам тығыз аспаптармен айналысқанда, мен жиһазбен айналыса бастадым. Бос уақытта щеберханасына келетінбім,ал ол маған: «Кел,маған осыны жасауға көмектес»дегенде ,мен көмектесетінбім. Ал ол ауырып қалғанда,бізде бір әңгіме болды. Ол маған: «Менде оқушыларым болмады,себебі егер біреуді оқытсан,туғаннан оқыту керек. Әйтпесе ол толығымен түсінбей қалады да,тіпті ағаш түрлерін айыра алмайды. Қазір мен жасаған қобыздарым оркестрлерде үндерін шығарады, халық әртістері менің аспаптарымды тартады. Ал мен болмасам,келешектегі ұрпағымыз ға аспаптарды кім жасайды?» — деп айтты.


Ол менің ағайымнан бөлек,сонымен қоса менің кіндік әкем. Мен оған: «Жарайды,Лень.Мен жасаймын» — деп жауап бердім. Ол әлі көп уақыт бойы мені «Сен жасайсын ғой,иә?» — сұрағымен қинайтын. Ал енді мен сөзімді ұстап аспап жас аймын. Ал осының барлығы жыл бойы жетілдірілегн жұмыс: декасын, денесін жұмыс күйіне келтіру — осының барлығына мені ағам үйретті.


Қобыздың бағасы, бірінші кезекте, материалына, ағаш түріне байланысты. Және ең маңыздысы — бұл аспап дыбысы, үні, тембрі, дыбыс бояуы, дыбыс өтімділігі, күші, тазалығы. Таза, шағылыстыратын дыбыс болу керек.


Әдетте бір қобыз жасалынбайды, екі-үш қобыз бір уақытта жасалынады. Үш қобызға шамамен екі жарым ай керек.


Әдетте бір қобыз жасалынбайды, екі-үш қобыз бір уақытта жасалынады


Қобызшылар арасында Алматы мен Астанада жиі байқаулар өтеді. Бір күні менде қобыз сатып алған қыздар маған звандап, менің аспабыммен байқауда екінші орынға ие болғаны жайлы айтты. Ал мен: «Ал бірінші орынды кім алды?», ал ол: «Ал бірінші орынды Алексей Алексеевичтің қобызында ойнаған қыз алды», ал мен: «Онда бәрі түсінікті,онда бәрі дұрыс» дедім.


Қобызды жасаудағы ең үлкен қиыншылық — бұл сабырлық. Себебі жонып тегістейсін, қырнайсын,ал сенің қолында тек қана кішкентай сүргін ғана бар, тек кей жағдайда ғана пышақ пен жартылай дөңгелек,сопақша қашауын болады.


Қобызды жасаудағы ең үлкен қиыншылық — бұл сабырлық


Бірінші қиыншылық — дұрыс күмбез жасау,екінші қиыншылық — ішкі іргесін түзеу,жуандығын сақтау, аспапты дұрыс күйіне келтіру, ал содан соң дауысқа кедергі жасамайтын және аспап әдемі болып шығатындай лакты жамылғы жасау. Бұл жерде бүкіл жұмыс барысы қиын болады.


Мен мүмкін болғанша көбірек аспап жасауға жоспарлаймын. Оқыту жайлы әлі күнге дейін ойланбадым,себебі өзім әлі көп затқа үйренуім керек. Кей жағдайда мен кейбір мәселелермен «сен» деп емес, кішкен «сіз» деп сойлейтінім болады. Менің ісімді үлкен ұлым жалғастырады деп үміттенемін.