Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-rularyny-b-r-b-r-nen-ayyrmashyly-y-nede

Қазақ руларының бір-бірінен айырмашылығы неде
5193

29.11.2016

Қазақ руларының бір-бірінен айырмашылығы неде

Біз қазақ руларының ерекшеліктері мен айырмашылықтарын білгіміз келген еді.

Қазақтар ежелден Ұлы, Орта, Кіші жүздерге кіретін түрлі руларға бөлінген.

ҰЛЫ ЖҮЗ:
Жалайыр
Сары-үйсін
Шапырашты
Ысты
Ошақты
Албан
Суан
Дулат
Сіргелі
Шанышқылы
Қаңлы
Шақшам

ОРТА ЖҮЗ:
Арғын
Керей
Қоңырат
Қыпшақ
Найман
Уақ
Қаракесек

КІШІ ЖҮЗ:
Әлімұлы
Шекті
Шөмекей
Төртқара
Кете
Қарасақал

Жетіру
Табын
Жағалбайлы
Керейіт
Тама
Телеу
Кердері
Рамадан

Байұлы
Адай
Байбақты
Беріш
Таз
Шеркеш
Масқар
Тана
Құзылқұрт
Алтын
Жаппас
Ысық
Есентемір
Алаша.

Уақыт өте келе, кей рулар өзіндік мінезін қалыптастырып, оның кейбірі осы күнге дейін жеткен. Біз бүгінде қазақ руларының бір-бірінен несімен ерекшеленетінін, олардың арасындағы айырмашылықтарды білуге тырыстық.

МАҚСАТ САРСЕНБЕКОВ, 53 жаста, «Доминанта» қоғамдық қорының директоры, «Астана» халықаралық авторлық әндер фестивалінің құқық иегері

Мен арғын руынанмын. Менің руымдағы адамдар музыкалық және шығармашылық мамандықтарға бейім келеді. Егер барлық отандық танымал музыканттарды еске түсірсек, онда олардың арасында арғындар көп кездеседі. Егерде әлемде параллельдер жүргізілсе, Қазақстандағы арғындарға ұқсайтындар, қанына ән-күй сіңген сығандар мен афроамерикандықтар болуы мүмкін. Жалпы, қазақтардың ата-бабаларын ұмытпай, есте сақтайтын бұл ерекшелігі – өте керемет нәрсе.


БАТЫРБЕК МУСИН, 57 жаста, «Қар-Тел» ЖШС филиалының директоры

Кейбір ерекшеліктер белгілі бір руды ғана емес, сол рулар бірігіп құрайтын тұтастай жүзді қамтиды. Мысалы, Орта жүздің адамдары қоғамдық және шығармашылық жұмыстарға икемді. Бұл жүзден көптеген билер мен ақындар шыққан. Сонымен қатар, олар шыдамды әрі сабырлы. Кіші жүз – жауынгерлер. Олар төтенше жағдайларда өте тез қимылдайды және қызу қанды болып келеді. Ұлы жүзден шыққандардың арасында билеушілердің көп болуы, олардың парасаттылығы көрінеді. Олардың қонақжайлылығында шек жоқ, кейде осы үшін өз-өздерін құрбан еткендері де болған. Айтпақшы, солтүстік өңірінің көп бөлігінің орыстануын дәл осы жүздермен байланыстырады. Кіші жүз көршілермен мәмілеге келу үшін көп еңбектенсе, Орта жүздің Ресей империясына қосылу үдерісі жеңілірек жүрген.


ОЛЖАС МАКАТОВ, 43 жаста, «Кедентранссервис» АҚ-ның аудиторы

Абылай хан күллі қазақ халқын біріктіргісі келген кезеңде ру, жүздерді бөліп тұрған арадағы шекараны барлығы ұмытады деп сенген. Сондықтан қандай да бір ерекшеліктерді бөлу, жанжалдар мен түсініспеушіліктерді тудыруы мүмкін. Рулар мен жүздер тек өз туысың болып келетін адамға кездейсоқ үйленбеу немесе тұрмысқа шығып кетпеу үшін ғана қажет. Ал, жалпы айтқанда, барлық рудың жағымды, жағымсыз жақтары болады.


МАРАТ НУРГУАТОВ, 50 лет, Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

Кіші жүздің құрамында беріш руы бар. Бұл рудың атақты өкілдері – Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы. Олар орта ғасырда өз аумақтарын қорғаған жасақта жауынгер болғандықтан, ірі денелі болған. Бұл ерекшелік бүгінге дейін сақталыпты. Сондықтан, беріш руының адамдарын жолықтырсаңыз, оларды дене бітімінен-ақ тани аласыз.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстанда қазіргі кезде әзілдеп «ұрылар» аталатын байбақты деген ру бар. Аңыз бойынша осы рудың екі ағайынды жігіті мал ұрламақшы болған екен. Алайда көп кешікпей, ұрлықтың олардың қолынан келмейтіні белгілі болады. Сонда ағайындылардың біреуі байқатпай екіншісінің етігін пышақпен тіліп жібереді де, оның ұлтарағын ұрлап кетеді. Байбақтыларда егер сәтсіздікке тап болып, бақ бұйырмаса, онда өзіңізбен бірге ең құрығанда бірдеңе ала келуіңіз керек деген наным болған.


ЖАЙСАҢ АҚБАЙ, 89 жаста, жазушы, публицист

Рулардың арасындағы айырмашылықтар, әрине, өткеннің еншісінде қалды. Мысалы, беріш руы жауынгерлігімен ерекшеленеді. Кіші жүздегі шеркеш руы – билеушілердің руы. Қызылқұрт – Құрманғазының руы, бұл рудан көптеген сазгерлер мен музыканттар шыққан. Кіші жүздегі ысық руы – ержүректер мен дәулеттілердің руы. Бұлардың арасында ру өкілдерінің кей сипаттары өзгеріске ұшырап сақталуы да ғажап емес.