facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/2e4/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/2e4dd9e17a3102758b7b33704d8624d8.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
asymhan-li-alay-zh-mys-a-sha-yrtu-alyp-nasa-uss-teg-al-ash-y-aza-standy-bol-any-turaly
logo
Қасымхан Әли қалай жұмысқа шақырту алып, NASA USS-тегі алғашқы қазақстандық болғаны туралы

27.12.2022

Қасымхан Әли қалай жұмысқа шақырту алып, NASA USS-тегі алғашқы қазақстандық болғаны туралы

Қасымхан Әлидің мансап жолы кім-кімді де қызықтырмай қоймайды. Ол мектеп қабырғасында жүргенде астрономияны қызығып оқиды, сөйтіп 17 жасында NASA-ға түседі. Оның қалай жетістікке жеткені туралы бүгінгі сұхбатымызда.


Қасымхан Әли, 24 жаста, қаласы — Алматы, NASA USS-тегі алғашқы қазақстандық, педагог
және кәсіпкер, @kassym.khan

Касымхан Али

Өзім жайлы


Мен Алматыда туып-өстім. Мектеп бітіргесін 17 жасымда АҚШ-қа кеттім, алайда көп өтпей елге оралдым.

Соңғы жеті жылда мен білім беру нарығында кәсіпкермін. Математика, физика, астрономия пәндерінен сабақ беремін. Өзімнің Galamat Academy деп аталатын мектебімнің негізін қаладым.

Мектепте мен олимпиадаға көп қатысатынмын, сол себепті басқа балаларды көп жаттықтыруыма тура келетін. Міне, ұстаздық жолым осылай басталды. Бірте-бірте бұның маған ұнайтынын түсіндім.

Ғылыми қызметі туралы


Касымхан Али

Мен 14 жасымда Марсты зерттеу туралы мектеп жобасын жасадым. Бастапқыда мен Марста ғарышта навигация жасау жолдарын әзірледім. Алғашқы отарлаушылар үшін планетада спутниктердің болмауы үлкен проблема тудыруы мүмкін, сондықтан мен геолокацияны табу әдістерін әзірледім.

Мұның бәрі астрономиядан олимпиада өтіп жатқан болатын Мәскеу түбіндегі қалада басталды.

Олимпиада кезінде маған Марста қалай жол табуға болатынын ойлап тап деген тапсырма берілді. Оқушылардың көпшілігі жұлдыздар арқылы бағыт-бағдар табу керектігін айтып жатқанда, мен ғарышкерлер мұндай нәрселерді есте сақтай ма және мұны қалайша жеңілдеткен дұрыс деп ойладым. Сол кезде барып телефондағы навигаторлық карталардың жұмыс принципін басқа планетада бағдарлау үшін қолдануға болатынын түсіндім.

NASA USS-ке қалай жұмысқа тұруға болады


2014 жылы мен Мәскеуде Intel компаниясы ұйымдастырған байқауға қатыстым, онда мен бағдарлау бойынша жобамды қорғадым. Байқауда менің жобама қызығушылық танытқан америкалықтар болды, соңында олар менен байланыс ақпараттарымды сұрады. Алты айдан кейін, 2015 жылдың наурыз айында мен Nasa.gov доменінен электрондық хат алдым.

Алайда оны спам деп ойлап, еш мән бермедім. Одан кейін тағы бір хат келді, бірақ мен оны да спам деп ойладым. Ақырында олар маған Skype-тан хат жазды, сол кезде NASA USS бағдарламасын басқаратын Александр мырзамен сөйлестім. Ол мені бағдарламаға қатысуға шақырғысы келетінін айтты. Жұмыс тәжірибеммен бөліссем, мені еш іріктеусіз және комиссиясыз бағдарламаға аламыз деді. Осылайша маған барып-қайту жолымды және сол жақта тұру ақымды толығымен төлеп берді.

NASA USS-ке кіру қиын емес


NASA USS-ке кіру оңай. Бағдарламада таңдау аса қатаң емес. Ағылшын тілін білуің қажет әрі математика мен физикадан білімің жеткілікті болуы тиіс. Менің кейсім ерекше болды, өйткені бағдарламаға қатысуға өтінім бермедім, мені өздері шақырды. Елге оралғаннан бері жыл сайын NASA USS-ке кем дегенде бір қазақстандық қатысады.

Бағдарламаға кіру үшін сізге үш тест тапсырып, мотивациялық хат жазуыңыз керек. Математика мен физика туралы білімді де тексереді.

NASA USS бағдарламасы туралы


Касымхан Али

USS — мектеп оқушылары мен түлектер арасында ғарыш қызметін насихаттау бағдарламасы.

Бағдарлама барысында бізді командаларға бөлді. Сары, қызыл, күрең барқыт, жасыл, көк командалар болды. Бәріміздің миссия біреу болды — Mars Exploration, алайда тапсырмалар әртүрлі еді.

Қызыл команда біздің Жерден Марс орбитасына жетуімізді қамтамасыз етуге, ал жасыл команда өмірді қамтамасыз етуге жауапты болды. Ал мен көк командада болдым. Біз планетаның бетінде болып жатқан нәрселерді зерттедік.

Бағдарлама барысында бізге дәрістер қолжетімді болды. Оған қоса ғалымдар мен профессорлардан көмек сұрауға да мүмкіндік берілді. Міне, бағдарламаның басты ерекшелігі осы болды.

Ақыл-кеңес


NASA-да жұмыс істеу үшін стандарттан тыс, ерекше шешімдер табу маңызды. Бұл — ғарыш саласының жұмысындағы ең маңызды нәрсе. Көзге түсу үшін сыни тұрғыдан ойлауды дамытқан жөн. Ол үшін Дуглас Адамстың «Галактиканы автостоппен аралау» кітабын оқуға кеңес беремін. Бұл — шабыт сыйлайтын жақсы кітап.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.