facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanany-zha-sy-audanynan-alay-p-ter-satyp-alu-a-bolatyny-zhayly-3-o-i-a
logo
Астананың жақсы ауданынан қалай пәтер сатып алуға болатыны жайлы 3 оқиға
Өмір сүру стилі

11.12.2017

Астананың жақсы ауданынан қалай пәтер сатып алуға болатыны жайлы 3 оқиға

Дана Рахимова, 25 жаста, туған жері — Петропавл , кеңсе-менеджері


1.jpeg


Тұрақты жұмыс тауып, осы қалада қалатынымды түсінген кезде, мен Астанада пәтер сатып аламын деп шештім. Сол кезде пәтер жалдап жүргенмін, ақысы қымбат еді, сондықтан жеке үйімді алудың уақыты келгенін түсіндім. Мені отбасым қолдап отырды, бастапқы сомаға қажетті ақшаны жинай алдық.

Мен бір айдың ішінде түрлі сайттарды зерттедім, интернетте пәтерлердің әртүрлі нұсқаларын іздестірдім. Ақыр соңында, қаланың ортасында сол жағалауда қолайлы бағаға жақсы пәтер таптым. Маған сол жақ жағалау ұнайды, өйткені ол белсенді түрде салынып жатыр, тұруға ыңғайлы, қажетті заттардың барлығына қол жеткізуге болады.

Біз пәтерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен ипотекалық бағдарлама бойынша сатып алдық. Осы бағдарлама бойынша сізге банкке қолыңызда бар ақшаны аудару керек, содан кейін банк сізге дәл сондай соманы пайыздық көрсеткішпен береді. Мен соманың бір бөлігін белгілі бір пайызбен төледім, бір бөлікті төлегеннен кейін пайыз азаяды. Қазір менің ай сайынғы төлемім шамамен 100 000 теңгені құрайды, оны 5 жылға дейін төлеймін.

Мен бұл қадамға барғаныма өкінбеймін. Әрине, белгілі бір қиындықтар бар, бірақ қазір тұрақты табысым бар, сондықтан мен алаңдамаймын. Астанада көптеген адамдар пәтер жалдап жатады, бірақ менің ойымша, жалға беру үшін ақша берудің орнына, оларды өзіңіздің меншікке салған дұрыс. Сондай-ақ, лайықты жерде жақсы үйді табуға тырысып көріңіз.



Айдын Мейрамгазин, 23 жаста, туған жері — Аягөз, сот маманы


2.jpg


Мен университетке түсіп, Астанаға көшіп келген кезімде, ата-анам маған оң жағалауда бір бөлмелі пәтер сатып берген. Мен ол жерде 4 жыл тұрдым, сосын ата-анам Астанаға көшіп келді. Пәтерімізді сатып, үлкен пәтер іздей бастадық.

Біз пәтерді жақсы ауданда іздедік, сонымен қатар анам үйдің кірпіштен жасалғанын және кішкентай болғанын қалады. Бізге қолайлы оң жағалаудағы тоғыз қабатты жаңа кірпіш үйді таңдадық. Біздің үйді салушы - «Айкен» корпорациясы, Астанада олардың үйлері көп емес. Ауданымыз ұнайды, жақсы, тыныш, ал әкем әрдайым мешіттің жанында тұрғысы келеді. Жаңа вокзал ашылғаннан кейін инфрақұрылым бірнеше есеге жақсарды.

Пәтер сатып алу кезінде бізде толық сома болған жоқ, оның құнының 60% ғана болды. Сондықтан біз салушылармен келісіп, олар бізге пайызсыз бөліктермен төлеуге мүмкіндік берді. Осылайша, біз соманың 60% -ын бірден төледік, ал 40% -ын екі жылға бөліп алдық. Біздің ай сайынғы төлеміміз 500 000 теңге. Әрине, бұл өте қымбат, бірақ біздің кірісіміз бәрін уақытылы төлеуге мүмкіндік береді. Бұл біздің отбасымызға ең қолайлы нұсқа, өйткені, егер бұл несие болса, біз қосымша пайыздық көрсеткішті төлеу керек едік, ал ол кем дегенде 5 жылға ұзартылатын еді.





Азамат Жумабаев, 33 жаста, туған жері — Омбы


Астанаға көшкен кезде жоспармыда үй сатып аламын деген ой болған жоқ, өйткені мұнда қанша уақытқа қалатынымды білмедім. Біраз уақыттан кейін осы жерде тұру ыңғайлы болғандықтан, осы қалада тұрып, өз пәтерімді сатып алу ойы келді. Содан кейін мен Қазақстандағы жетекші құрылыс компанияларының бірі BI Group-ке келдім, менің ойымша, бұл сенімді және қауіпсіз салушы компания. Бұдан басқа, маған жақсы төлемдер ұсынылды. Бастапқы жарна пәтер құнының 30% -ын құрады.

Пәтерді іздеп жүргенде, мен сол жақ жағалауды таңдадым, өйткені бұл қаланың жаңа бөлігі, жұмысым да осы жақта еді. Сол кезде қала ЭКСПО-ның халықаралық көрмесіне дайындалып жатқан еді, кең ауқымды құрылыстар салына бастады, сондықтан таңдауға ыңғайлы болды. Менің таңдауым «Арнау» тұрғын үй кешені болды. Үй мен пәтердің орналасуы ұнады. Сонымен қатар, бұл орталық көшелерден алыстау орналасқан, сондықтан бқл жерде тыныш, инфрақұрылым белсенді дамып келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.