facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanada-y-yelder-biznes-babi-caf-neg-z-n-alaushy-superfud-paydaly-dessertter-zh-ne-et-zho-hot-dogtar-zhayynda
logo
Астанадағы әйелдер бизнесі: Babi café негізін қалаушы суперфуд,пайдалы дессерттер және еті жоқ хот-догтар жайында

31.08.2017

Астанадағы әйелдер бизнесі: Babi café негізін қалаушы суперфуд,пайдалы дессерттер және еті жоқ хот-догтар жайында

Шолпан Сұлтанбекова , 38 жас, туған қаласы – Өскемен, Babi café негізін қалаушы



Кофехана неден басталды

Мен өзім дұрыс тамақтану ережелір ұстап, вегетарианшы болған себептен вегетериандық бағыттағы дұрыс тамақтану кофехана жүйесін аштым. Бірақ та біз өзімізді вегетариандық кафе ретінде көрсетпейміз. Бұдан бұрын мен тамақтану мекемелеріне барғанда,өзіме қажетті тағамдарды таба алмайтынмын,себебі мен лактозаны, глютенді, кофеинді көтере алмаймын және маған тәтті мен рафинадталған қант тыйым салынған. Сондықтан мен астаналықтарға пайдалы тағамдарды ұсынамын.Адам менің дәмханама келгенде қалауын таңдап жегені – бұл менің негізгі идеям.


IMG_5986-Edit.jpg


Біз Астана нарығын толық қамтуға келдік. Қазіргі кезде менің дәмханам қаламыздың бес жерінде орналасқан. Бізде бүкіл тағамдарды әзірлейтін негізгі цехымыз бар, ол Жеңіс даңғылындағы біздің кофеханамызда орналасқан.Дәл сол жерден біз өнімізді басқа дәмханаларымызға таратамыз.


Бұл кофехананы құрғанда менің негізгі мақсатым ақша табу емес,өзім алған өмірлік тәжірибеммен бөлісу болды. Себебі бұрын артық салмағым мен терім үлкен қиыншылық туғызатын. Бұл қиындық қайдан туғанын түсінбейтінбім,себебі қымбат және жаңа піскен тамақтарды сатып алып жеген себептен, дұрыс тамақтанамын деп ойладым. Ал шыңында пайдалыдан ең пайдалысын таңдап алуға болады.



Babi café ерекшеліктері



Мен даяшыны тосып, көңіл-күйіне қарап отыруын ұнатпаймын. Көп жағдайда жұмыс істейтін адамда түскі асқа арналған тек шамамен 40 минуті бар,ал ол қайда баратынын білмей қобалжып тұрады. Бұл мәселені шешу мақсатымен мен Еуропадан ашық витрина идеясын пайдалануына алдым.Сатып алушыға тек витринаға жақындап қажеттісін сатып алу керек.


Біз тамаша суперфудтарды қолданамыз. Өткен жылы біз ашылғанда Астанада оларды табу өте қиын болды. Суперфуд бұл – киноа, кус-кус, жабайы күріш, ішегімізді боқат пен зәрден жақсы тазалайтын көк антиоксиданттар. Бізде өте пайдалы Латын Америкадан келген маки тамыры бар. Оның ер белсіздігі мен әйел бедеулігіне қарсы емдік қасиеті бар.Чиа дәндері де Латын Америкадан келген.Бұл дәндердің 100 граммында кальций мөлшері бір стақан сүттен екі есе асады. Ал чианың 2 шай қасығында омега-3 мөлшері арқан балығынан артық. Сондықтан біз балықты ұнатпайтын адамдарға арнап соялық сүтте жасалған пайдалы чиа дәнін қосып,бейлактозалы және желатинсіз дәмді десерттер жасаймыз.


IMG_6020-Edit.jpg


Ал ет жейтіндерге экзотикалық тағамнан бізде асқабақты-кокосты кремді көже,түсті көпжапырақтан жасалған көже, дамплингтер қосылған азиялық саңырауқұлақты көже бар.Дамплингтің салындысы ретінде тофу қосылған.Италиялық тамақтан бізде болоньез пастасы бар.Бірақ тартылған еттің орнына біз ұсақ кесілген көкөністер қосамыз,оны көбісі еттен айыра алмайды да.


Кейбір қонақтарымыз бізге келгенде біздің тағамдарымыз тек тауық еті мен шұжықтан ғана жасалады деп ойлайды. Бірақ та біз барлық шұжық өнімдерін Мәскеуде бидай негізінде және ГТА қоспай шұжық жасайтын вегетариандық зауытта сатып аламыз. Олар тірі ағзадан алынған өнімдерді қолданбайды.Хот-догымызға да біз вегетарианды сосискаларын қосамыз,пепперони пиццасында дәл осылай ет қосылмаған.


Суперфуд бұл – киноа, кус-кус, жабайы күріш, ішегімізді боқат пен зәрден жақсы тазалайтын көк антиоксиданттар


Біздің тоқаштарымыз бен круассандарымызда маргарин қосылмаған,ал дессертімізде өсімдік майы жоқ.



Babi café дегеніміз не



Babi сөзін «i» әріпіне екпінін қойып айтқаны дұрыс. Мен үлкен ұлым бала кезінде осылай әжесін,менің жұбайымның анасын атайтын. Кейін менің екі қызым да осылай әжесін атай бастады. Бірақ көп қонақтарымыз «а» әріпіне екпінін қойып айтады. Мен бұл жағдайға қарсы емеспін,осыдан негізгі мән өзгермейді.



Қазіргі заманда бизнес жүргізудің қиындықтары




IMG_6014-Edit.jpg

Білікті қызметкерлерді табу үлкен қиыншылық туғызды. Астана жас қала болған себептен мамандар өте аз. Сонда да менің қызметкерлерінің негізгі ұйытқысы – адал,айнымас адамдар. Бас аспазшы мен бас кондитер Алматыдан келген, олардың бэкграунды жақсы, қаланың ірі қонақ үй жүйелерінде жұмыс істеген. Мен оларға ризамын. Айтпақшы,біздің бас аспазшымыз – флекситарианец- жануарлар етін өте сирек жейітін адам.Ол 20 жыл бойы ет жемеген, ал 21-ші жылында флекситарианец болатынын шешті. Қиыншылық тек баристамен туады. Себебі бариста ретінде жоғарғы оқу орнында оқыған кезде қосымша ақша табу мақсатымен жұмыс істеу керек , ал содаң соң одан ірі мамандыққа көшу керек деген таптаурын бар. Қызметкерлерімізбен біздің бірінші туған күнімімізді тойладық. Ұжымымда ашылғанынан бастап жұмыс жасайтын қызметкерлерім бар,бұл мені қуандырады.


Маған еркектермен жұмыс істеу оңай,және кей жағдайларда әйелдермен жұмыс істеу қиын. Менде бір оқиға болды. Біз бір бизнес орталықта Babi ашуды жоспарладық, бірнеше бизнес кездесулерді өткізіп,соңғы жұмыс жүргізіліп жүрді. Соңғы кездесуге басшының қыз көмекшісі келді,ал содан соң ол оның бастығы бос болмайтыны жайлы айтып,кетіп қалды.


Ал EXPO-2017 әкімшілігі бізді өздері тауып,қонақтарына қызмет көрсетуге шақырды. Мен EXPO-2017-ге қатысуға сұраным жіберген жоқпын,себебі бұл жұмыс қаншалықты қиын екенін түсіндім. Сонда да бізді шақырғанда үлкен қуанышпен келістім. Біз көрмеде дәмханамыздың киоскін аштық.


EXPO-2017 әкімшілігі бізді өздері тауып,қонақтарына қызмет көрсетуге шақырды


Көп адам бұл идея сәтсіздікке ұшырайды деп айтты. Бірақ егер адамға оның ісі ұнаса,егер ол ашық және адал адам болса,кез келген идеяны жемісті жасауға болады деп ойлаймын.



Жоспарлар жайлы



Біз келесі жылы Алматы нарығына кіріп,оны жаулап ала аламыз деп ойлаймын. Бұл қалада осы азық-түліктерді білетін адамдар көп.


Біз келесі жылы Алматы нарығына кіріп,оны жаулап ала аламыз деп ойлаймын


EXPO-2017‑де бізге Ресейден келген қонақтар келіп, концепциямызды ұнатқаны жайлы бізбен бөліседі. Катар павильонының қызметкерлері бізге олардың мемлекеттерінде ашылуына ұсыныс жасады. Бұл мені қуандырады.


Сонымен қоса Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларына франшизамды сатуға ұсыныс жасады. Қазіргі кезде мен франшизаны қарастырмаймын. Біз сауда белгімізді патенттедік және бізге қызықты нарыққа өз жолымызбен кіруге шештік.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.