Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanada-t-ratyn-internacionaldy-otbasyny-sh-tarihy

Астанада тұратын интернационалды отбасының үш тарихы
1783

24.07.2017

Астанада тұратын интернационалды отбасының үш тарихы


Синан Налбантоглу: 43 жаста, ұлты: түрік, Болгарияда туған, қаржы басшысы


Кристина Налбантоглу: 27 жаста, ұлты: орыс, бөлшек сауда



Танысу туралы


Кристина. Біз Синанмен түнгі клубта таныстық. Ол кездері мен құрбыларыммен Fashion Club-қа жиі баратынмын, бізді ортақ құрбымыз — Даша таныстырды. Танысқанға дейін мен Синанды жиі көретінмін, ол бұрын рокер болғандықтан, шашы ұзын болатын.


DSC_9311.jpg


Синан. Мен Дашаға үйленуім керек деп жиі айтатынмын. Ал Кристинаны көрген кезде, біз әлі танысып үлгермесек те, қалжыңдап осы қызға үйленемін деп айтқан болатынмын. Таныстығымыздың келесі аптасында біз Кристинамен сол клубта тағы кездестік. Біз біраз сөйлестік және әңгіме барысында бір-бірімізге әсер қалдыруға тырысқанымыз, бірақ әңгімеміздің соңы бухгалтерияға келіп тірелгені әлі есімде.


Танысқанымызға бір ай толғанда, мен Кристинаға үйлену туралы ұсыныс жасадым. Кристинаның да, менің де отбасым үйлену туралы шешімімізді қуанышпен қабылдады. Біз әлі күнге дейін жақсы араласамыз.


Той туралы


Синан. Мен түрік тойын қаламадым, өйткені мен Түркияда туған жоқпын. Менің өмір туралы түсінігім, менталитетім жергілікті тұрғындарға жақынырақ.


Кристина. Біздің тойымыз Астанада өтті. Тойға Синанның барлық туыстары емес, тек екі әпкесі мен анасы келді. Менің отбасым барлығын үйге шақырды, ағам қаздан бешбармақ жасады. Бұл тағам оның анасы мен әпкелеріне ұнады. Тойда шамамен 70 адамдай болды. Қонақтардың бір бөлігі түріктер болса, бір бөлігі орыстар болды, сондықтан біздің тойды ұйымдастырушы осы екі мәдениетті қалай қоссам болады деп бас қатырды. Тойдың басы таныстыру, құттықтау, ата-аналардың сөз сөйлеуі сияқты дәстүрлі түрде болып, сөз кезегі бізге де берілді. Содан кейін көптеген ойындар, байқаулар ойнатылды, түріктің салты бойынша күйеуімнің туыстары маған алтын білезік, алқа тақты. Мен бұған дейін мұндай салтты білмегендіктен, қатты таң қалдым.


DSC_9327.jpg


Дәстүрлер туралы


Синан. Біз Кристина екеуміз алдын ала некеміздің жай-жапсарын анықтап алдық. Нені жасауға болады, ал нені мүлдем болмайды деген сияқты мәселелер туралы келісіп алғанбыз. Түріктің салты әйел адамды бақылауда ұстауды меңзейді, ал егер мен осы салт бойынша өмір сүрсем, біз бірге бола алмас едік.


Кристина. Алғашқы кезде үлкен кісінің қолын алып, сүйіп, маңдайыңа қою қызық болып көрінетін. Осылайша, оларға құрмет көрсетесің. Мен христиандардың салт-дәстүрін ұстанамын, Пасханы тойлаймыз. Біздің баламыз да дінін өзі таңдай алатын болады.


Синан. Түркияда көршілер өте жақсы араласады. Кез келген есікті қағып, қарныңның ашқанын айтсаң, сені тамақтандырып жібереді.


Ұлттық тағамдар туралы


Кристина. Маған Түркиядағы Ораза айы аяқталып жатқан кез ұнайды. Себебі ол уақытта түріктер менің сүйікті асыма айналған тағамдар әзірлейді. Сондықтан біз осы мейрам кезінде ол жаққа жиі барамыз.


DSC_9335.jpg


Түрік асүйімен мен Түркияға той саяхатына барған кезде таныстым. Бастапқы кезде маған бірнеше тағам ғана ұнады. Екінші рет барғанда мен барлық түрік тағамдарын ұнаттым. Ол әр түрлі және ең маңыздысы — табиғи өнімдерден тұрады.


Синан. Біздің ұлттық тағамдарымыз өңіріне қарай әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бір жерде тағамдар тоқтыққа негізделсе, ал екінші бір жерде — дәмділікке негізделеді. Осылайша тамақтан ләззат аласың.


Мен Болгарияда туғанмын және болғар тағамдары бұл жерге қарағанда басқаша. Бұл жерде сүттен және сүт өнімдерінен әзірленген тағамдар өте көп, сорпалардың 90%-ы сүттен жасалады. Қазақстанда тұрғалы борщ, солянка, құймақ, тұшпара, сиыр етінен әзірленген бешбармақ, картоп салынған вареники сияқты сүйіп жейтін тағамдарым пайда болды.


DSC_9330.jpg


Тілдер туралы


Кристина. Үйде біз орыс тілінде сөйлесеміз. Болгар тіліндегі кейбір сөздерді білемін, аздап түсінемін. Ал түрік тілін ауызекі деңгейде ғана білемін. Мен түрік тілі курстарына баруға тырыстым, тіпті күйеуімді менімен түрік тілінде сөйлесуге мәжбүрледім, алайда бұдан еш нәтиже шықпады. Мен тілді үйрену үшін Түркияға барып, сол жақта біраз уақыт тұру керектігін түсіндім, сол кезде ғана мен тілді жылдам игеріп кете аламын деп ойлаймын.


Синан. Қазіргі уақытта Кристина екеуміз басқа жаққа көшу туралы ойламаймыз, Астанада ары қарай да тұрғымыз келеді.

.


Ерлан Рамазанов, ұлты: қазақ, EBRD, аға банкир


Альбина Джиоева, 37 жаста, ұлты: осетин, бизнесті бағалау бойынша кеңестік қызметтер бөлімі, менеджер, «Foody» кафесінің ортақ құрылтайшысы



Таныстық туралы


Альбина. Мен Владикавказ тумасымын, осетиялықпын. Ата-анам мені Мәскеуге оқуға жіберген болатын, сол жақта жүріп мен Ерланмен таныстым. Ол Алматыдан келген еді. Біз бірге екі жыл магистратурада оқыдық. Содан соң Қазақстанға келгенге дейін бес жылдай бірге жұмыс істедік.


DSC_9350 - копия.jpg


Ерлан. Біз 18 тамыз күні ағылшын тілінің дайындық курстарында таныстық. Жарты жылдан кейін кездесе бастадық. Үйіңнен алыста жүргенде, менталитеті жақын келетін адамды іздейді екенсің. Менің ойымша, бізді осы нәрсе біріктірді.


Альбина. Бізде ортақ жобалар болды – топта жасалатын үй тапсырмалары. Жатақханада тұрғанда Ерлан екеуміз осы тапсырмаларды кешке жақын бірге орындайтынбыз.


Ерлан. Альбина екеуміз кездесе бастағанда бұл менің туыстарыма тосын жаңалық болды. Дегенмен балаңды басқа қалаға, мемлекетке оқуға жібергенде, мұндай болары белгілі жағдай деп ойлаймын.


Альбина. Мен үйге барған сайын менің туыстарымның маған қоятын сұрақтары көп еді. Өйткені біз Ерлан екеуміз әр түрлі ұлттың және діннің өкілдері едік.


Біз тағдырымызды біріктіреміз деп шешкенге дейін алты жылдай кездесіп жүрдік. Әрқайсымыздың өз мақсатымыз болды – Мәскеуде тәжірибе жинақтау. Көптеген қызықты жұмыстар болды, сондықтан біз бір-бірімізге шырмалып қалмадық. Содан кейін ата-анамыз «не үшін?» деген сұрақтың орнына «қашан?» дей бастады. Бір күні Осетиядан келсем, Ерлан Алматыға билет алып қойыпты. Сөйтіп мен Ерланның ата-анасымен танысуға бардым. Бізді жылы қабылдады және маған Алматыда өмір сүрудің жайлы боларын түсіндім.


Той туралы

DSC_9354.jpg


Альбина. Біз Алматыда үйлендік. Тойға дайындықтың ауыртпалығы Ерланның ата-анасының мойнына түсті, өйткені мен Мәскеуде едім, сөйтіп, тойға үш-төрт күн қалғанда ғана Алматыға келдім, Ерлан ол кезде Астанада қызмет ететін. Ата-аналарымыз той кезінде қазақ дәстүрімен қатар кавказ билерін де ұйымдастырды. Ал менің ата-анам ұлттық жоралғыларды жасады. Мысалы, дәстүр бойынша өміріміз тәтті болсын деген ырыммен, мен барлық туыстарымызға үлкен табаққа салынған балдан ауыз тигіздім.


Салт-дәстүрлер туралы


Альбина. Салт-дәстүрлерімізде көптеген ұқсастықтар бар: үлкендерге құрмет, балаларға деген қарым-қатынас. Сол себепті мен тез үйренісіп кеттім. Жалғыз-ақ, бізде шай ішу салты жоқ. Бірақ тост айту дәстүрі бар.


Ерлан. Салт-дәстүріміздің негізгі құндылықтары ұқсас, сондықтан тұрмыста айтарлықтай айырмашылықтар болмады. Бізде тост бір рет айтылады – дайындалдың, сөйледің. Осетин үстелдерінде алғашқы 10-15 тост – стандартты тосттар. Бірінші үлкені тұрып тост айтады, содан кейін жастары бойынша кезекпен тост айтып, ішеді және келесісіне сөз береді, осылай жалғаса береді.


Альбина. Біз барлық мейрамдарды салт-дәстүрге сәйкес өткізуге тырысамыз. Менің тегім Джиоева және отбасымның рулық орны бар. Дәстүр бойынша шілденің аяғында ол жерге біздің тегімізге қатысы бар шамамен 1000-2000 адам жиналады. Бұқа, қой сойып, бүкіл халық болып тойлайды.


DSC_9357.jpg


Ұлттық тағамдар туралы


Альбина. Осетин халқының ұлттық тағамдары түрлі дәмдеуіштерден тұрады, ал қазақтарда – ет пен қамыр. Қазақтың тағамдарын жасауды маған Ерланның анасы үйретті.


Біз әртүрлі тағамдар әзірлейміз. Біздің сүйікті аспаздық салттарымыздың бірі – «үш бәліш» дәстүрі. Мейрам күндері мен үш бәліш пісіремін, жақсы жағдайларда ол әрқашан үшеу болуы қажет: күн, ауа және жер. Жаман жағдайда екеу – күнсіз. Оларды бір-бірінің үстіне қойып, айналдырмай, бір-ақ кеседі. Ер адам өзі бәлішті айналып, сегіз бөлікке кесуі қажет. Ал тағамдарды әзірлеуде мен жылына бір рет әкелетін өзіміздің дәмдеуіштерімізді қолданамын.


Біздің үш баламыз бар және олар бешбармақты жақсы көреді.


Балалар туралы


Альбина. Үлкен қызымыздың есімі – Айдана, ұлымыздың есімі – Ерасыл. Ол үйдің тұңғыш немересі болғандықтан, оған ат қоюда менің пікірімді ешкім сұраған жоқ. Айдана әкесімен перзентханаға келіп: «Бізде енді Ерасыл бар», – деді. Үшінші балаға ат қою құқығын менің ата-анама берді. Мен осетин есімін бергім келген, бірақ анам маған ұнайтын қазақ есімдерін аташы деді. Солардың ішінен ол Амир деген есімді таңдады.


DSC_9347.jpg


Ерлан балалармен қазақша сөйлесуге тырысады. Балабақшада балалар қазақ тобына барады. Олар қазақша сөйлеседі және қызымда қазақ тілі басым болып бара жатқан сияқты. Ұлымда орыс тілі басым. Ал мен өзім қазақ тілін аздап білемін және балалармен қазақ тілінде сөйлесемін. Ұзын сөйлемдерді орыс тілінде айтсам, жылы сөздерді осетин тілінде үйретемін.



Вургун Акбаров, 28 жаста, ұлты: әзірбайжан


Алеся Акбарова, 27 жаста, ұлты: орыс



Таныстық туралы


Біз Вургун екеуміз дәмханада таныстық. Сол күні құрбым екеуміз кешкі ас ішуге дәмхана барғанбыз, ол көрші үстелде ағасының туған күнін атап өту үшін ағаларымен бірге отырған. Оның айтуы бойынша, менің дәмхана кіргенімді көріп, бір көргеннен маған ғашық болған. Сондықтан бірден танысу үшін жақындап, биге шақырды. Мен келісімімді беріп, біз бірге биледік. Ал келесі күні ол мені киноға шақырды. Сөйтіп, ол менің көңілімді таба бастады, үнемі гүл сыйлап, сыйлық жасап, кездесіп жүрдік. Араға екі жыл салып үйлендік.


IMG-20170719-WA0007.jpg


Той туралы


Біздің ата-аналарымыз үйленуімізге түсіністікпен қарады. Менің ойымша, ата-аналар үшін ең бастысы – біздің бақытты болғанымыз.


Былтырғы жылдың желтоқсанында біз тойды орыс халқының дәстүрі бойынша атап өттік. Ал осы жылы жаз айында әзірбайжан ұлтының салты бойынша той тойлауды жоспарлаудамыз.


Салт-дәстүрлер туралы


Біздің менталитетіміз бен салтымыз әр түрлі, ұсақ-түйектерге дейін ұқсамайды. Сондықтан бастапқыда үйрену қиын болды.


IMG-20170719-WA0005.jpg


Ұлттық мейрамдардан біз тек ең маңыздыларын атап өтеміз. Мысалы, әзірбайжандық Наурыз мейрамын, ал католиктердің рождествосында мен тәтті нандар пісіріп, жұмыртқаларды бояймын. Негізінде біз Жаңа жыл немесе 8 наурыз сияқты тек дәстүрлі, көпшілікпен мақұлданған мейрамдарды атап өтеміз.


Ұлттық тағамдар туралы


Біздің отбасының сүйікті тағамдары – неміс штрулі мен жүзім жапырақтарына оралған әзірбайжандық «голубцы».


Балалар туралы


Қызымыздың есімі Назрина, жолдасым бұл атты өзі таңдады. Үйде біз орыс тілінде сөйлесеміз, өйткені мен әзірбайжан тілін енді үйреніп келе жатырмын және оны толық меңгермегенмін, бірақ қызыммен ең азы екі тілде сөйлесеміз деген жоспарымыз бар.