facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanada-ata-anamen-b-rge-ayda-baru-a-bolady
logo
Астанада ата-анамен бірге қайда баруға болады

27.04.2017

Астанада ата-анамен бірге қайда баруға болады

Астана тұрғындарының басым көпшілігі бұл жерге еліміздің түкпір-түкпірінен келген. Баласы тұратын қаланы көргісі келетін ата-анамыз жиі келеді. Біз ата-ананың келуі тек сауда орталықтарын аралаумен шектелмес үшін оларды алып баруға болатын жерлердің тізімін құрастырдық.



«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры



Астанада ата-анамен бірге қайда баруға болады


Театр 2013 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған. Театр тек ішкі-сыртқы әсемдігімен ғана таңғалдырмайды, әлем театрларының көбісін басып озады. Мұнда балеттен операға дейінгі түрлі қойылымдар өтеді.


Бағасы: билеттер 500 тг басталады

Мекен-жайы: Қонаев к., 1

Байланыс телефоны: 709 600, 709 612



«Думан»



«Думан» ойын-сауық орталығы:

Океанариум

«Джунгли» аниматроникстер театры

Кәдесыйлар дүкені

Зоопарк-экзотариумнен тұратын керемет кешенді құрайды.


Бағасы:

Океанариум, ересектерге — 3000 тг, балалар, студенттер, зейнеткерлерге — 2500 тг

«Джунгли» аниматроникстер театры, ересектерге — 2700 тг, балалар, студенттер, зейнеткерлерге — 2200 тг

Экзотариум-зоопарк — 1000 тг

Мекен-жайы: Қорғалжын тас жолы, 2

Жұмыс кестесі: 1 қыркүйек-30 сәуір 10:30-дан 20:30-ға дейін, 1 мамыр-31 тамыз 10:30-дан 22:30-ға дейін

Байланыс телефоны: 242 222



«Золотой Фазан» демалыс аймағы



Астанада ата-анамен бірге қайда баруға болады


Демалып, табиғатқа тамсануға болатын Астанаға жақын жер. Қонақтарға таңдауға болады: атпен серуендеу, ату және аң аулау, монша, хауыз, қысқы балық аулау.

Қысқы уақытта кешен аумағында үш ат жегілген арбаға отыруға, сондай-ақ сібір Хаскилері мен аляскалық Маламутамиді жегіп серуендеуге отырады. Бұл қаладан демалғысы келетіндерге арналған керемет орын.


Мекен-жайы: Қоянды а.

Байланыс телефоны: 8 777 077 70 50, 8 777 533 29 47



Ice Club отбасылық ойын-сауық кешені



Астанада ата-анамен бірге қайда баруға болады


Отбасының барлық мүшесі демалуға болатын кешен. Мұз айдынынан басқа, мұнда сегіз жолақты боулинг пен кофехана бар.


Мекен-жайы: Петров к., 24

Мұз айдыны

Бағасы: 1 сағ. сырғанау: ересектерге — 1000 тг, балаларға — 500 тг, конькилерді жалға беру: ересектерге — 500 тг, балаларға — 250 тг

Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ 18:00 — 23:00, СН-ЖС, мереке күндері 12:00 — 23:00

Боулинг

Бағасы: сағатына 4000 тг/ жолақ

Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ 18:00 — 02:00, СН-ЖС 12:00 — 02:00

Байланыс телефоны: 314 409, 8 702 128 95 55



«Астана Арена» стадионы



Астанада ата-анамен бірге қайда баруға болады


«Астана Арена» — әлемдегі осындай алты құрылыстың бірі. Онда 10 000 шаршы метр жылжымалы шатыр жүйесі бар. Стадионда Қазақстан мен шетеледік футбол клубтары кездеседі. Сондай-ақ, мұнда 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті.


Мекен-жайы: Тұран д., 48

Байланыс телефоны: 729 946



«Дәуір» мейрамханасы



Астанада ата-анамен бірге қайда баруға болады


Бұл мейрамхана біздің ата-анамызға жастық шақтарын еске түсіреді. Интерьерден бастап, өткен жылдардың әуенімен аяқталады — бәріне кеңес заманының рухы сіңген.


Мекен-жайы: Уәлиханов к., 9

Жұмыс кестесі: ДС-ЖС 11:00 — 01:00

Орташа чек: 7000 тг бастап

Байланыс телефоны: 210 157



Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі



Астанада ата-анамен бірге қайда баруға болады


Ең үлкен музейде ежелгі жәдігерлерді, заманауи суретшілердің суреттерін сағаттап жүріп, тамашалауға болады немесе Астананың құрылу тарихымен танысуға болады. Мұнда әркім өзіне қызықты нәрселер таба алатын түрлі бағыттағы бірнеше зал бар.


Мекен-жайы: Тәуелсіздік д., 54

Бағасы: ересектер үшін — 500 тг, балаларға — 200 тг. ҰОС ардагерлеріне, мүгедектер, мектеп жасына дейінгі балаларға, жетім балаларға, көп балалы аналарға — тегін

Жұмыс кестесі: СС-ЖС 10:00 — 18:00, ДС — демалыс

Байланыс телефоны: 919 035



«Астана» концерт залы



Аз уақыт бұрын ғана «Астана» коцерт залының атауы «Конгресс-Холл» болатын. Астананың басты алаңындағы бұл ғимарат — ел астанасының мәдени орталығының маңызды әрі ажырамас бөлігі.


Мекен-жайы: Бейбітшілік к., 1/1

Байланыс телефоны: 752 383, 752 360, 8 701 446 56 14



«Алау» мұз айдыны



Астанада ата-анамен бірге қайда баруға болады


«Жылдам мұз» құруға мүмкіндік беретін заманауи соңғы құралдармен жабдықталған әлемдік деңгейдегі мұз айдыны. Керемет сәулеті мен орналасқан жерінің арқасында «Алау» көрікті жер әрі бас қаланың спорт қақпасы саналады.


Мекен-жайы: Қабанбай батыр д., 47

Кіру: тегін

Жұмыс кестесі: ЖМ 19:00 — 22:00, СН-ЖС 09:00 — 23:00

Жазғы маусым 13 мамырдан бастап ашылады.

Байланыс телефоны: 706 722



«Хас-Санат» өнер галереясы



Астанада ата-анамен бірге қайда баруға болады


Галерея қызметкерлері кең жұртшылыққа жаңа таланттар мен есімдерді таныстырып, Қазақстанның, өзге де елдердің атақты суретшілердің көрмелері мен вернисаждарын өткізіп тұрады. Қысқа уақыт ішінде галерея Астана қаласында 28, шетелде: Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Нидерландыда және басқа да елдерде10 көрмені ұйымдастыруға қатысты.


Мекен-жайы: Қонаев к., 14, ВП 24, «Нұрсая 1» ТК

Кіру: тегін

Жұмыс кестесі: ДС-СН 10:00 — 19:00, ЖС — демалыс

Байланыс телефоны: 508 465, 8 775 727 00 52

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.