Астанадағы жергілікті корей мәдени орталығы қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше тарту жасап отыр. Көрмеге келушілер Оңтүстік Корея елінің тарихы, дәстүрі және мәдениетімен терең таныса алады. Бұған қоса көпшілік назарына Пхенчхан төрінде өтетін қысқы ойындардың символдары қойылған. Мәселен, Сухоран есімді жолбарыс ежелден адамзаттың қорғаны саналады. Ал Бандаби есімді аю – ерік пен жігердің символы. Сондықтан ол биыл паралимпиадалық ойындардың негізгі белгісі ретінде таңдалды. Осы және өзге де қызықты дүниелер 29 наурызға дейін жұрт назарында болады. «Келем деушілерге есігіміз ашық», – дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы олимпиада ойындары 9 ақпанда басталады. Қазақстан құрамасы оған 9 спорт түрі бойынша қатысуды жоспарлап отыр. Әзірге ұлттық құрама қоржынында 33 жолдама бар.
Дерек көзі: 24.kz