Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astana-zhata-hanalaryny-zha-dayy-men-m-r

Астана жатақханаларының жағдайы мен өмірі
489

17.01.2018

Астана жатақханаларының жағдайы мен өмірі

Абдукадирова Тамара, 58 жаста, туған жері — Туркестан, «Сания» дүкенінің сатушысы

Жатқхана мекен-жайы: Құдайбердиев көшесі, 18

2018-01-14 01.15.22 2.jpg

2018-01-14 01.15.21 1.jpg


Біздің жатақхана шағын отбасыларға арналған.

Бұрын, Кеңес өкіметі кезіңде, жатақхана керамикалық зауытқа тиесілі болған.

Кейін, ол сатылып кетіп, жекеменшік болды. Бұл жерде көбінесе, барлығы отбасыларымен тұрады.

Мен осында 16 жыл тұрамын. Бөлмені жалға аламын. Жақын жердегі дүкенде жұмыс істеймін.

5 қабатта 170-180 бөлме бар. Негізінен жатақханадағы бөлмелер бөлімдерге бөлінеді. Төрт бөлмедегі бір бөлмеде: бір душ бөлмесі, ортақ дәліз бар. Бөлмелер екі түрге бөлінеді: 18 және 13 шаршы метр аудандық. Жеке секциялық емес бөлмелер аз. Жалпы жатақхана жақсы ұйымдастырылған.

Жалға алу ақысы айына 50-ден 65 мың теңгеге дейін. Коммуналдық қызметтер бөлек төленеді. Бөлмесі барлар коммуналдық қызметтер үшін ғана төлейді, бұл айына екі-үш мың теңге.

2018-01-14 01.15.24 1.jpg

Басқа жатақханада тұратын достармен сөйлескенімде, олар көршілерімен біздегідей араласпайтынын айтты.

Мен күйеуіммен бірге тұрамын.

Біз жатақханамызды қалжындап «үлкен ауыл» деп атаймыз.

Біз бірлікте тұрамыз.

Көп уақыт тұратын барлық адамдар жақсы қарым-қатынаста. Бізде көңілді.

Тұрудың арнайы ережелері жоқ. Есікке кірерде домофон бар, бірақ ол бөлмелерге өткізілмеген, тек кілтпен ашылады. Егер қонақтар келсе, телефон арқылы хабарласады.


Заярная Анна, 43 жаста, туған жері — Астана

Жатақхана мекен-жайы: Янушкевич көшесі, 8

2018-01-14 01.15.20 2.jpg

Жатақхана 1960 жылы салынған. Қазір мұнда әртүрлі адамдар тұрады.

Мен 20 жылдан аса уақыт осында тұрамын. Бір кездері қолдануға алдым.

Кеңес уақытында жатақхана университетке тиесілі болды, бірақ 1992 жылы жекешелендірілді.

2018-01-14 01.15.23 1.jpg

Бізде ортақ пайдаланудағы барлығына қатысты ережелер бар. Әрбір қабат екі қанатқа бөлінеді, әрқайсысында ас үй, душ бөлмесі бар. Жалпы алғанда, 5 қабат, әр қабатта 20 бөлме.

Жалпы, үй жылы, жақсы салынған, бірақ уақыт өзіндікін алады. Басты есік жақсы жабылмайды, сондықтан бірінші қабат суық.

Біз көптеген жылдар бойы көршілерімізбен доспыз. Әр адам осында ұзақ уақыт тұрады, сондықтан біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Біз жаңа жылды да, басқа да мерекелерді үлкен ұжымда тойлаймыз.


Кайыргельды Гульзат, 21 жаста, туған жері — Ерейментау, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

Жатақхана мекен-жайы: Янушкевич көшесі, 4/1

Мен жатақханада төрт жылдан бері тұрамын. Мен үшін бұл ыңғайлы, себебі жатақхана мен оқитын университет ғимараты өте жақын орналасқан. Бірақ басты себебі: туыстарыммен бірге өмір сүргім келмейтіндіктен.

Оқу жылына жатақхана ақысы 40 мың теңге.

Бір бөлмеде 8 адам тұрады, ал қабатта 13 бөлме бар.

Әрбір бөлмеде өз жуынатын бөлмесі бар, бірақ бір қабатқа ас үй біреу ғана. Сондай-ақ әр қабатта оқу залы және тегін wi-fi бар.

2018-01-14 01.15.22 1.jpg

Ас үйді пайдалану онша ыңғайлы емес, өйткені кейде сіз басқа біреудің пісіріп болғанын күтуіңіз керек. Сегіз қыздың ваннаны пайдалануы да ыңғайсыздықты тудырады — жиі күту керек.

2018-01-14 01.15.20 1.jpg

Бөлмелердің тазалығы тұрғындарға байланысты. Егер сіз тазалықты сақтасаңыз барлығы жақсы болады. Әкімшілк күн сайын бөлмелерді тексереді, егер бірнеше рет ескертулер болса, шығарып жіберуі де мүмкін.

Бірнеше жыл бұрын көршілерімізбен жиі сөйлесетінбіз, енді тек таныстармыз, өйткені біз сол факультет бойынша оқып жатырмыз. Менімен бірге тұратын достарымызбен бір-бірімізді кешкі уақытта ғана көреміз.

Бізде белгілі бір ережелер бар. Мысалы, бірінші курс студенті болмасаңыз, жатақханаға тұру оңай болмайды. Сізге қажетті ұпайларды жинау арқылы келесі жылы өтуге болады. Олар университеттік іс-шараларға бару немесе ұйымдастыру арқылы алуға болады. Жатақхана 7-ден кешкі 11-ге дейін ашық.

Түнде келуге немесе шығуға болмайды.

Әрбір студенттің өз өту қағазы бар. Онсыз олар жатақханаға кіре алмайды. Сағат кешкі 11-ден кейін шу шығаруға, дәліздер бойымен жүруге болмайды.