Кувейт мемлекетінің астанасы Эль-Кувейт қаласында осы елдің мәдениет, өнер және әдебиет ұлттық кеңесінің ұйымдастыруымен XXIVхалықаралық мәдени фестиваль басталды.
Бұл айтулы шараға дүниенің төртбұрышына ең танымал деген өнер ұжымдары қатысып жатыр. Мақсат – халықтар арасында мәдени, рухани үндестік құрып, ынтымақтастықты арттыру. Осы фестивальдің аясында Абду-мухси Абдуриза атындағы театрда алғаш рет Қазақстан атынан «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрынының ұжымы концерт береді. Кеште атақты опера әншілері Майра Мұхамедқызы, Медет Чотабаев, Айсұлу Әбілханова мен домбырашы, дирижер Руслан Баймурзин өнер көрсетеді. Концертте классикалық музыканың үздік шығармаларымен қатар отандық композиторлардың тырнақалды туындылары да орындалады. Қазір өнерпаздар Кувейттің талғампаз көрермендерінің көңілін баурау үшін соңғы дайындықтарын пысықтап алды.
Дерек көзі: 24.kz