Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astana-k-n-nde-tet-n-10-teg-n-shara

Астана күнінде өтетін 10 тегін шара
1843

06.07.2017

Астана күнінде өтетін 10 тегін шара

Биыл қала күні ерекше қызықты тойланбақ. EXPO-2017 Халықаралық көрмесінің Астанада өткізілуі аясында көптеген ойын-сауық шаралары жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары тегін бара алатын шараларды таптық.


CHINESE FAMOUS BRAND танымал қытай маркаларының көрмесі

5 — 7 шілде, 10:00 — 18:00


«Көрмеде жеңіл, тамақ, химия өнеркәсібінің, жиһаз, зергерлік бұйымдардың және басқа да көптеген өнімдер қойылады».


Ақпарат «Көрме» орталығының әкімшілігімен ұсынылған.


Мекен-жайы: Достық к., 3, «Көрме»орталығы

Байланыс телефоны: 524 321, 524 343, 524 311



«Көшпенділер қаласы» отбасылық-саябақтық ойын-сауық

6 шілде — 10 қыркүйек, 10:00 — 22:00


«Көшпенділер қаласы» бұл —тұрғындар мен қонақтарды қазақ халқының көшпелі мәдениетімен таныстыратын мәдени отбасылық-ойын-сауық кешен. Тұрғызылған қалашық қонақтары хан сарайы, скалодром, қару залына кіріп, тіпті хан тағына отырып өзін хан сезіне алады. «Көшпенділер қаласы» мейрамханасында келушілер ұлттық асханамыздың тағамдарынан дәм татып, көше кинотеатрына бара алады».


Ақпарат шара ұйымдастырушыларымен ұсынылған.


Мекен-жайы: Тұран д., «Хан Шатыр» СОСО жанында

Байланыс телефоны: 8 778 447 53 53



«АСТАНА САМАЛЫ» VIII Халықаралық үрмелі аспаптар оркестрлері фестиваліне қатысушы-оркестрлер шеруі

6 шілде, 11:00


«Фестивальге әр түрлі елдердің өкілдері: Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филормониясының, ҚР Ұлттық Гвардиясының, СГО, Моңғолия Қорғаныс министрлігі әскери училищесінің үрмелі аспаптар оркестрі, Бішкек қаласы, Оренбург қаласының мэрі және Қостанайдан «Карнавал» би студиясы қатысады. «Астана Самалы-2017» оркестрлер шеруі және қалалық алаңдағы плац-концертпен аяқталады».


Ақпарат шара ұйымдастырушыларымен ұсынылған.


Мекен-жайы: пересечение улиц Кенесары и Бейбитшилик, городская площадь

Байланыс телефоны: 8 707 143 59 80, 32 53 14



Astana Art Fest фестивалі: концерттер мен перфоманстар

6 — 8 шілде, 12:00 — 22:00


«6 шілдеде әуенді Astana Art Fest басталады. 6 шілде мен 8 шілде аралығында Dj Stoyanov, Едиль Хусаинов, Dj DmitryZhdanov, Mirha Robotopolus, Quman, Анилла, Илья Чужой, City&Shivers және тағы басқалар өздерінің музыкалық жұмыстарын көрсетеді.


Мәдениет, экология, қала мен қауымдастықтар қатынастары, неономадизмнің әлемдік және аймақтық үдерістеріне қызығатындардың барлығы Арт-форумда кезедесе алады. Арт-форум аясында Ұлы Жібек жолының қазақстандық аумағында сегіз айлық саяхат жасаған швед саяхатшысы Кристиан Бодегрен фильмінің алдын ала көрсетілімі болады. Кристиан — неономадизмнің жарқын өкілі мен ізбасарларының бірі, ол форум қатысушыларына көшпенділіктің заманауи нұсқасын көрсетеді. Арт-форум спикерлерінің арасында: Ламин М., суретші (Франция), Юлия Сорокина, өнертанушы, куратор, CAJAS өнертанушылық журналының бас редакторы (Қазақстан), Николай Полисский, суретші (Ресей), Алексей Улько, мәдениеттанушы (Өзбекстан) бар».


Ақпарат шара ұйымдастырушыларымен ұсынылған.


Мекен-жайы: «Нұржол» гүлзары



«Киіз үй» флешмобы

6 — 8 шілде, 12:30, 15:00, 18:30


«Аалаңда дөңгелене жиналған адамдарға қосылып, олардың қолынан ұстайсыз. Алғашқыда төрт адамнан құрылған дөңгелек келген қатысушылардың есебінен шексіздікке дейін кеңейе береді. Қолды байланыстыру әдісі кездейсоқ таңдалмаған — қолды біріктіріп, «кереге» қалпына келтіру арқылы өзара қолдауды сезінеді. «Шартты киіз үйді» құруға қатысқандар өзіне және қоршаған әлемге жауапкершілік алады. Киіз үй күштің орнына, жан дүниенің ішкі ортасына айналады».


Ақпарат шара ұйымдастырушыларымен ұсынылған.


Мекен-жайы: «Нұржол» гүлзары

Байланыс телефоны: 8 701 605 12 91, 8 707 102 97 07, 8 705 877 80 04



Караокеден Астана қаласы әкімінің кубогі үшін «Бәрі ән салады!» чемпионатының финалы және гранд-финалы

6 шілде, 15:00


«Астанада маусым айында Астана қаласы әкімінің кубогі үшін караокеден«Бәрі ән салады!» чемпионат басталған болатын. Басталғаннан бері әншілер бірнеше іріктеу кезеңінен өтті. Олардың үздіктері 6 шілде— Елорда күнінде өтетін финалға шықты».


Ақпарат шара ұйымдастырушыларымен ұсынылған.


Мекен-жайы: Республика д., 34, «Жастар» сарайы, жазғы сахна

Байланыс телефоны: 326 781



«Ұмай» және «Мотороллер» топтарының концерті

6 шілде, 20:00


«Елорда күніне орай қазақстандық музыканттар жаңа шығармаларымен қатар, ескі хиттерді орындап, қалалық алаңда өнер көрсетеді».


Ақпарат шара ұйымдастырушыларымен ұсынылған.


Мекен-жайы: Кенесары және Бейбітшілік көшелерінің қиылысы, қалалық алаң



ACIDIC рок-тобының концерті

7 шілде, 20:00


«Былтыр топ Шығыс Еуропаға барып, Латвияда, Болгария мен Әзірбайжанда өнер көрсетті. Топ құрамында әнші әрі гитарист Майкл Госсар, барабаншы Мэтт Уитакер, гитарист Джоша Беннетт пен басист Максим Мирик бар».


Ақпарат шара ұйымдастырушыларымен ұсынылған.


Мекен-жайы: «Бәйтерек» алаңы

Байланыс телефоны: 556 771, 8701 208 20 02



«Музыка энегриясы» циклінің концерті

8 шілде, 18:00


«Халықаралық EXPO-2017 көрмесіне бағытталған «Музыка энергиясы» концерті көрермендерге қазақстандық әртістердің өнерін ұсынады, бұл күні елорда қонақтарына арнап «Хромосомы» тобы, НЭР, Дария Габдул, Кульаим Каирбаева, Ринат Малцагов, Маржан Арапбаева, Алмас Кішкенбаев және тағы басқалар ән салатын болады».


Ақпарат шара ұйымдастырушыларымен ұсынылған.


Мекен-жайы: «Бәйтерек» алаңы



«Ұлытау» тобының концерті

9 шілде, 20:00


«Ұлытау» қазақ этно-рок-тобы халық шығармаларының әдемілігін ашады, жастар арасында домбырада ойнауды насихаттап, әлемге қазақ халқының мұрасын танытады».


Ақпарат шара ұйымдастырушыларымен ұсынылған.


Мекен-жайы: Кенесары және Бейбітшілік көшелерінің қиылысы, қалалық алаң