Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astana-a-kelgennen-key-n-zgergen-aza-standy-tardy-3-o-i-asy

Астанаға келгеннен кейін өзгерген қазақстандықтардың 3 оқиғасы
3543

16.05.2017

Астанаға келгеннен кейін өзгерген қазақстандықтардың 3 оқиғасы

БІЗ кішкентай қалалардан Астанаға көшіп келген адамдардан олардың қалай өзгергені, бұл қалада оларды не қызықтыратыны туралы білуді ұйғардық.


Серғали Бакиров, 27 жаста, туған қаласы — Қарағанды, IT маманы


Үлкен қаланы айналаға бей-жай қарамайтын жастардың қозғалысы, белсенді позициясы мен бастамасы үшін жақсы көруге болады. Мұнда өз-өзіңді табуға, өз ойыңды жүзеге асыруға мүмкіндік бар.


Астана маған оң әсер етті, мен өз бетіммен аяққа тұрып, өзіме сенімді болуды үйрендім


Ата-анаңның қамқорлығында болсаң, бәрі де оңай көрінеді, ал мұнда барлығы басқаша және өз-өзіңді дамытуға талпыныс туады.


Мен осында тұрған уақытымда әр түрлі адамдармен таныстым, жаңа достар таптым, көптеген талантты әрі ақылды адамдарды жолықтырдым. Қайда жұмыс істесем де әріптестер жағынан жолым болды, маған әрдайым үйретері мол, қызықты тұлғалар кездесті.


Сергали.jpg


Бос уақытымда гитара мен фортепианода ойнаймын, әуен жинақтаймын. Соңғы кездері вокал мен сөйлеу жазбалары өнеріне қызығып жүрмін. «Қазақстан» спорт кешенінің хауызына барып жүргеніме бір жылдай уақыт болды. Содан бері ұстамдырақ бола бастағанымды байқадым және тез жүзуді үйрендім.


Джинсы, көйлек сияқты ыңғайлы киім кигенді жөн санаймын, ал костюмді тек жұмыс бабымен ғана киюге мәжбүрмін, алайда ол маған ыңғайсыздық тудырады.


Мен сағат пен басқа да гаджеттерді жақсы көріп кеттім — үлкен қаланың ырғағында олардың орны ерекше


Олар жеке уақытты ұйымдастыруға, сондай-ақ маңызды істер мен шараларды ұмытып кетпеуге көмектеседі.


Жақындарыммен бірге фильм қараймын, көптен күтілетін фильмдердің премьерасын үлкен IMAX экранынан тамашалағанға ештеңе жетпейді деп ойлаймын. Дәмді кешкі ас ішіп, достармен əңгіме-дүкен құрғанды жақсы көремін. Сондықтан белгілі бір тағамдар үшін баратын орындарым бар, мысалы Espresso өзінің дәмді жүгеріден жасалған күлшесімен, Coffee Boom десерттерімен, ал Rafe теңіз өнімдерінен дайындалған сорпасымен ұнайды.


Бас қаланың өмір ырғағында бәріне үлгеруге тырысамын. Алдын ала жоспар құрып, кептеліске түспес үшін қайда баратынымды жобалаймын.


Тыныш, қарбалассыз жерде демалғым келеді. Ал, үнемі ілгерілеуге талпындыратын, үлкен бәсекелестік ортасы бар үлкен қалаларда жұмыс істеп, өз-өзіңді дамытқан дұрыс деп есептеймін.




Айбек Өтегенов, 22 жаста, туған қаласы — Ақтөбе, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, ғылыми химия мамандығының бірінші курс магистранты


Астанаға келгенде 17 жаста едім.


Мұнда жұмыс істегісі келетін адамға мүмкіндік өте көп


Және мен адамдардың Астанада жұмыс таба алмай жүрмін дегеніне сенбеймін. Себебі, мұнда әр күні жаңа кеңістіктер ашылады ғой.


Мұнда келгеннен кейін қазақстандық әндерді тыңдай бастадым


Астанада мен еш жібермей, қатысып тұратын көптеген шаралар өтеді, оларға қатыса жүріп, көптеген қызықты отандық әртістердің өнерімен таныстым. Ақтөбеде 3D IMAX кинотеатрлары болмағандықтан, мұнда киноға жиі баратын болдым. Негізінен, шынайы оқиғаларға негізделген фильмдерге барамын.


Айбек.JPG


Менің стилім өзгерді, әлбетте, бірден өзгеріп кеткен жоқ, алайда бір-екі жылда өзгеріс анық байқалды. Қазір менің шаш үлгім де бұрынғыдай емес.


Алғашында екі жыл бойы жатақханада тұрдым. Онда өзіме көптеген достар таптым. Бірақ, өкінішке орай, нашар естеліктермен есте қалғандары да болды. Мұндағы достарымның саны өз қаламдағыдан да көп. Өзім музыкант болғандықтан, достарымның басым бөлігі музыка саласындағы мамандары болып табылады.


Квесттер мен достармен жиналатын отырыстарды жақсы көремін. Anor, Rumі мейрамханаларына барып тұрамыз, қазір «Узбечка» мейрамханасына жиі барамын.


Менің әр күнім жоспарланған.


Жоғары оқу орнында оқимын, оған қосымша жұмыс істеймін: осымен бесінші жыл қатарынан гитарада ойнауды үйретіп жүрмін


Маған көптеген қызықты адамдар келеді, олардың ішінде студенттер, оқушылар, тіпті, ересектер де бар. Жақында бүтін бір отбасы: әкесі, анасы мен ұлы жазылды. Ал, кеште өз тобымызбен бірге түрлі орындарда жанды дауыста ән орындаймыз.




Аида Какова, 23 жаста, туған қаласы — Жезқазған, қаржыгер


Туған қаламда орта мектепті бітірген соң, алдымда «қайда барып оқимын?» деген сұрақ тұрды. Екі үлкен қала: Алматы мен Астананың біреуін таңдаймын деп жоспарладым. Ақыры, таңдауды Астананың пайдасына шешіп, осында оқуға түстім.


Әлі жас әрі күшіміз тасып тұрған кезде үлкен қалада тұрып, жұмыс істеуіміз керек


Бұл тек білім, жұмысқа ғана емес, өзін-өзі дамытуға да қатысты. Үлкен қалаларда әрқашан айналысатын нәрсе табылады. Мұнда кішкентай қалаларда жетіспейтін зор мүмкіндіктер бар.


Астана мені түбегейлі өзгертті және осы үшін бұл қалаға алғысым шексіз. Мұнда өзімнің «кемшіліктерімнің» басты құндылығыма айналып, өз-өзіме сенімді болуға көмектескен модельдік карьерамды бастадым. Үлкен қала көп нәрсеге үйретеді, мұнда өз бетіңмен аяққа тұрып, өз жоспарларыңды жүзеге асыра аласың.


Аида (1).jpg


Мұнда көшіп келгеннен кейін менде киім үлгімнен бастап көзқарасым мен айналамдағыларға дейін барлығы дерлік өзгерді. Жезқазғанда тұрған кезде басқа да жасөспірімдер сияқты мәнсіз әндерді тыңдайтынмын. Ал қазір түрлі әуенді талғаммен тыңдағанды жөн санаймын. Негізгілері — Lana Del Ray, John Legend, Ed Sheeran, Calvin Harris, Drake. Қазақстандық орындаушылардан Ғалымжан Молданазарды сүйіп тыңдаймын.


«Меломан» дүкендер желісінің арқасында, әсіресе, қазіргі заман әдебиетін көбірек оқи бастадым. Бүгінгі таңдағы сүйікті кітабым — «Шантарам».


Мультфильмдерді өте жақсы көремін және прокатқа шыққандарының бірде бірін жібермеймін.


Мен үйде отырғанды ұнатпаймын, үнемі бірдеңемен айналысқанды жөн көремін. Әр күнім алдын ала жоспарланған жəне бұл маған ұнайды.