facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
armeniyada-y-aza-tar-rimnen-29-zhyl-a-lken-alada-y-m-r-turaly
logo
Армениядағы қазақтар римнен 29 жылға үлкен қаладағы өмір туралы
Главный (каз)

13.07.2018

Армениядағы қазақтар римнен 29 жылға үлкен қаладағы өмір туралы

Андраник Ованнисян, 25 жаста, туған жері — Павлодар, қоғамдық-саяси қызмет


Павлодардағы №16 мектеп лицейін бітіргеннен кейін бірден 2011 жылдың жазында Ереванға көштім. Армения Республикасында туылдым, бірақ отбасымыз 90 жылдары Қазақстанға көшті, онда 15 жыл бойы тұрдым. Маған бейбіт пен тыныштық сыйлаған бұл керемет мемлекеттен балалық шағымның ең шырайлы естеліктері қалды. Бірақ мен әрқашан ұрпақтарыммен жақынырақ танысқым келді, сол себепті Арменияға көшіп келдім.

Ep93BCv6vXQ.jpg

Ереванға келген кезде тіл жағынан кедергі болды. Шынымды айтсам, туған мемлекетімде мұндай қиындықтарға тап боламын деп ойлаған жоқпын. Тіпті мәдениеттер айырмашылығын сезінген кезде қатты қолайсыздандым, оның үстіне достарым мен туыстарымды да сағындым. Бірақ менің сенімділігім, тез тіл табысқыштығым, өмірлік белсенділігім тез бейімделуге көмектесті.

Армения тарихта толы ел және бұл сезім әрқашан бірге жүреді. Ереван — Армания жүрегі, Римнен 29 жасқа үлкен әлемнің ең көне әрі әдемі қалаларының бірі. Арменияның астанасы таулармен қоршалған және олардың үстінен ұлы Арарат көтеріледі. Маған монументалды және декоративті өнер синтезі, армян халқының дәстүрі мен модернизмінің сәулеті ұнайды. Ереванның суы ең таза және дәмді. Миллионға жуық тұрғындары бар қаланың таза ауасы мен үшін жағымды сыйлық болды.

Қазақстанда көпұлтты қоғамда тұрдым, сондықтан армян қоғамының тар этникасы бірден байқалды. Алайда Арменияда туристтер көп және жергілікті халық шетел тілдерін жақсы біледі.

Ереван — Армания жүрегі, Римнен 29 жасқа үлкен әлемнің ең көне әрі әдемі қалаларының бірі


Жергілікті халық мәнерлі әрі қонақжай. Мұндағы адамдар көмекке шақырмас бұрын келеді. Қазақстандықтар секілді армяндар да ақшаны көп жұмсайды, кездесулерге жиі кешігеді және ережелерді бұзып отырады. Армяндар — көңілді халық. Сондықтан қоршаған атмосфера да әзілге және мерекелі көңіл-күйге толы. Армяндар қазақтар секілді ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауға бағытталған. Менің ойымша, бұл армяндар мен қазақтарды жақындастырады және қазақстандық армян болғаныма қуаныштымын.

1 (1).jpg

Жергілікті ас үй ұнайды. Бәрінен гөрі толманы жақсы көремін — бұл кесілген қой немесе сиыр еті, күріш, дәмдеуіштер, шөптер қосылып, жүзім жапырағына оралған. Бірақ жиі дәстүрлі қазақ тағамдары жетіспей тұрады, мәселен, манты, мұнда оларды Қазақстандағыдай дәмді етіп жасамайды. Жергілікті халықтар ыстық күндері тан сусынын ішеді, дәм жағынан ол айранға ұқсас. Бірақ көптеген қазақстандықтарға қарағанда армяндар кофе ішкенді жоғары қояды, сондықтан маған шәй де жестіспейді.

Осы жылы мемлекеттік емтихандарды сәтті тапсырып, Ресей-Армян университетінде «Халықаралық қатынастар және дипломатия» мамандығы бойынша магистратураны бітірдім. Маған шет тілдерін меңгерген ұнайды, олардың арқасында ұлттың ішкі мәдениеті мен ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік аламыз. Мен жеті тіл білемін және бұнымен әлі тоқтамаймын. Өкінішке қарай, қалағанымдай Қазақстанға жиі барып тұра алмаймын, бірақ әрқашан бұл жайтты қуана-қуана күтемін. Жазда туған Павлодарыма барамын деп үміттенемін.



Дина Нурпеисова, 46 жаста, туған жері — Алматы, қаржы маманы


568

Арменияда телекоммуникация компаниясынан жұмысқа шақыруды қабылдау себебінен Ереванға үш жылдан астам бұрын көшіп келдім.

Көшу кезінде қиындықтар болған жоқ. Жалғыз кемшілік, Қазақстан мен Армения арасындағы транспорттық логистика толыққанды дамымаған, бірақ жалпы жол жеңіл әрі ыңғайлы болды.

Кез келген мемлекет секілді Армения қоғамдық және ұлттық ерекшеліктерге ие. Ең бірінші таңғалдырған нәрсе — армяндар жиі үй ішінде аяқ киіммен жүреді, сонымен қатар жергілікті халықтың келу мақсатына қарамастан үлкен қонақжайлылық пен мейірімділік танытады.

Мені Арменияның тарихи кұндылығы, бай мәдениеті, бүкіл тарихты сақтап, осы күнге дейін жеткізгендері таңғалдырады. Мұнда көне мұражай, мәдениет ескерткіштері өте көп. Армян әліпбиі 1500 жыл бұрын шыққан, мен оны әлі күнге дейін жаттай алмай жүрмін.

Қазақтар мен армяндар арасындағы негізгі ұқсастық — конақжайлылық, шығыс менталитеті, себебі Армения да Азияда орналасқан. Бірақ адамдардың бойында шығыс және еуропалық қасиеттер де үйлесімділік тапқан.

2345

Армения тар ұлтты мемлекет, сондықтан дәстүрлер, мәдени басымдылықтар бір ғана ұлттың тарихынан және салтынан құралады. Ал Қазақстан көпұлтты мемлекет және біздің дәстүрлерімізде, мерекелерімізде, әдеттерімізде, тұрмыс ерекшеліктерінде әртүрлілік көп.

Маған осында тұрған ұнайды. Армения — жылы мемлекет және бұл тек қана ауа-райына байланысты емес, атмосфераға да байланысты. Мұндағы өмірдің ең басты артықшылықтары — қауіпсіздік және қарым-қатынастың жоғары деңгейі.

Қазақстанда сирек келемін: жарты жылда немесе бір жылда бір рет. Және Арменияда кез келген ересек адамға секілді маған жақындарыммен қатынас жетіспейді. Бәрінен гөрі достарым жетіспейді, бірақ мұнда көптеген керемет адамдарды кездестіріп, жаңа достар таптым.



Анжелика Нариманян, 30 жаста, туған жері — Актау, логист


6785

Ереванға 2006 жылы мектеп бітіргеннен кейін көшіп келдім. Жасым 18 болды және алдымда жоғары білім алу туралы таңдау болды, таңдауым Ереванға түсті. Анам орыс, ал әкем армян, ол әрқашан балалары туған жерлеріне қайтып оралғандарын қалады. Сондықтан оның ниеті үлкен рөл ойнады.

Ереванға келіп, емтихандарды тапсырып, оқуға түстім және маған осы жер ұнады. Университет бітіргеннен кейін Арменияда қалуды шештім және қазір әлем бойынша жүк тасымалдау компаниясында жұмыс істеп келемін.

Көшіп келгенде армяндар мен қазақтар арасындағы көптеген менталитет айырмашылықтарына тап болдым, бірақ бұған тез үйреніп, бейімделесің. Армениядағы адамдар ашық және дәл сондай қатынасты өздеріне де талап етеді. Сондықтан мұнда жеке қолайлылық шеңбері секілді түсінік жоқ, барлығы бір-біріне бауырлас сынды. Бір жағынан — бұл жақсы, ал кейде қолайсыздық туғызады.

Мен дала аумағында, Ақтауда туылып, өстім. Ешқашан мұндай көлемде шөп көрген емеспін, мен үшін бұл жағымды тосынсый болды. Тағы Ереванда ауа тазалау, тіпті оңай демаласың. Бірінші жылдары Қазақстанды сағынатынмын.

Есімде, кішкентай болған кезімде көршілеріміз көп қонақ шақырып, бесбармақ дайындап, көршілерді жинайтын. Арменияда бұл жетіспейді. Теңізде туылдым, сондықтан Каспийді де сағынамын.

Уақыт өте келе Арменияда өзімді үйдегідей сезінетінімді байқай бастадым. Бұған дейін Қазақстан Отан деп атайтындай жалғыз мемлекет болды, ал қазір ондай менде екеу. Екі елдің қайсысын көбірек жақсы көресің деп сұрған кезде әкем мен анам арасындағытаңдау жасағандай боламын. Қазақстан — балалық шағымның мемлекеті, онда әлі күнге дейін ата-анам тұрып жатыр.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.