facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
arman-yusupov-pen-karina-oksukpaevany-otbasyly-ndyly-tary
logo
Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның отбасылық құндылықтары
Өмір сүру стилі

14.09.2017

Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның отбасылық құндылықтары


Біз туралы



Арман. Біз мен 9 сыныпта 56 мектепке көшкенде таныстық. Мен Каринаны көріп ғашық болып қалдым.


Карина. Шындығында барлығы басқаша болды,алғашқы екі жыл біз мүлде араласып жүрген де жоқпыз. Тығыз араласуымыз тек 11 сыныптың соңында ғана басталды.


IMG_1555.jpg


Арман. Карина маған кішкентай,сүйкімді қыз болып көрінді. Сол себептен ол маған ұнап қалды.


Карина. Арманның бұрынғы мектебіне қарағанда,біздің мектеп анағұрлым мықты, ал бүкіл балаларымыз белсенді болды.Ол,мүмкін,соншалықты қиын болатынына дайын болмаған шығар.Сол себептен мен Арман анқау деп ойлап қалдым.


Арман. Менің мектебімде өте аз жалпы білім беретін пәндер оқытылды, себебі бұл музыкалық мектеп болды,сол себептен бүкіл пәндерді қатар оқу қиындықтар туғызды.Сондықтан басында жаңа мектепте оқу оңай емес болды. Бірақ осыған қарамастан мен ҰБТ-де Каринадан жоғары балл алдым.


Біз енді кездесе бастағанда, алғашқы кездері 24/7 бірге болдық


Біз енді кездесе бастағанда,алғашқы кездері 24/7 бірге болдық. Мен Каринасыз өмірімді елестете алмайтынбым,әлі де елестетеді алмаймын.


IMG_1564.jpg


Карина. Осындай жағдай көптеген ғашық жұптарда кездесі. Біз таңғы 8-де университетте кездесіп,тек кешкі 11-де ғана бір-бірімізді жіберетінбіз.


Арман. Мен Каринаны бұрыннан бері білгендеймін. Мен әрдайым менің жұбайым кішкентай метис болады деп елестететінмін.


Карина. Мен 20 жасымда тұрмысқа шығамын деп ойлаған жоқпын. Мен 30-40 жасымда тұрмысқа шығамын деп ойладым, бірақ ғашық болып қалдым.


IMG_1574.jpg


Арман. Мен үйлену жайлы сөз салғанда Каринаны «Черепашки-ниндзя» киносын көруге апарғам. Бұған қоса, біз сеансты тосып отырғанда,менің достарым қасымызды тығылып жүрді,ал Карина оларды байқамады.


Карина. Мен сол күні Арманға ренжіп жүрдім. Сол күні біздің кездесуімізге 2 жыл болды,мен сыйлық күтіп отырдым, ал Арман мені құттықтамады. Мен үшін бұл таңқаларлық жағдай болды.


Арман. Мен Каринаның реңіжін көріп отырдым,бірақ бүкіл жоспарымды орындау үшін кешке дейін шыдау керек екенін түсініп тұрдым.Керек кезде мен арнайы жазған өленді қосып, экранда біздің ортақ фотосуреттеріміз көрсетіле бастады.


Карина. Осының барлығының алдында Арман сылтауратып өтірік дәретханаға шығып кетті. Мен осындай мерекені күткен жоқпын,барлығы менімен емес болып жатқандай болды.


Арман. Залда басқа адамдар да болды, артында оператор отырды. Содан соң мен достарыммен бірге залға кірдім, Каринаға жақындадым да бір тіземе отырып, оған үйлену жайлы сөз айттым. Бұл менің өмірімдегі ең жауапты сәтім болды.



Алматы туралы



Арман. Менің әкем «Өмір бізге бір-ақ рет қана беріледі және оның ғұмырын Алматыда кешу керек» деп айтады. Бұл қала мен үшін туған, жанды қала. Бұл қаланың әр сантиметрі, әр шаршысы мен үшін сүйкімді,мен үшін қымбат.


Карина. Алматының жаны бар.


IMG_1589.jpg


Арман. Алматыда Абылай Хан көшесінің манайында қыдыруға, ескі Алматамен серуендеуге,әдемі ғимараттарды көруге кенес беремін. Мен Астананы Мәскеу ретінде,ал Алматыны Санкт-Петербург ретінде көремін.


Жақында мен Қазақстанның 700 мың жастары дәл сол Алматыда тұратының естідім. Қала дамиды, өмірін жалғастырады және ол әлі жас. Бұл керемет.


IMG_1587.jpg


Карина. Біз енді кездесе бастағанда қалада көп қыдыратынбыз. Қазір ата-аналарымыз Алимді бір жаққа алып кеткенде, біз екеуміз қала бойымен серуендеп шығамыз.


Арман. Біз Каринамен Әл-Фарабиден төмен Весновка бойымен Абай көшесіне дейін түсіп,жай ғана қыдырып сөйлесуді ұнатамыз.


Менің әкем «Өмір бізге бір-ақ рет қана беріледі және оның ғұмырын Алматыда кешу керек» деп айтады


Мен Алматыны табиғаты үшін жақсы көремін. Бұл қала әдемі таулардың етегінде орналасқан. Сен терезенді ашып, тауларды көргенін шынымен мақтаныш үшін үлкен себеп. Өнерпаз жерлер үшін Алматыны сүйемін.


Карина. Сонымен қоса біздің қаламызда ең мейірімді адамдар тұрады. Егер баламмен,бесік арбамен серуендеп жүрсен,саған міндетті түрде жақындап көмегін ұсынады.



Отбасы туралы



IMG_1572.jpg


Арман. Ата-аналарымызбен тұрғанымыз біз үшін үлкен сыйлық, олар бізге қатты көмектеседі. Бұрында ата-аналарымызбен тұру ойы мені қорқытатын, бізде жеке өміріміз болмайды деп ойлайтынмын. Шындығында, ата-аналарын қасында болғанда бұл үлкен бақыт. Менің ата-аналарым үлкен кісілер, мен туғанда әкем сәл 40-тан асты,ал анам 30-дан асқан. Әкем, қалжындап: «Арман 20 жасында үйленеді,бізге немере сыйлайды да,әрі қарай өз жұмысымен айналысады» деп айтатын. Шындығында солай шықты. Ата-аналарымда немересі олардың құрдастарымен бір уақытта пайда болды. Олар оны мақтаныш етеді.


Алимнің бірінші сөзі — ата. Менің әкем үшін бұл үлкен бақыт.


_MG_1655.jpg


Мен үшін Алим — бұл игілік, мен бұл игіліксіз ештене істей алмас едім. Оның пайда болғаны біздің отбасымыз үшін үлкен сый.Мен осы өмірге әкеле алатын ең керемет зат.


Карина. Алимді тым еркелетіп алмау — біздің басты мақсатымыз.


Арман. Демалыс күндері біз Каринамен оянамыз, Алимді бірге алып кетеміз де паркке барып қыдырамыз. Содан соң үйге барамыз, ата-аналарымызбен уақытымызды өткіземіз. Кешке қайта Весновка бойымен серуендейміз.


Мен үшін Алим — бұл игілік, мен бұл игіліксіз ештене істей алмас едім


Кейде Карина екеуміз Қазақстанның басқа қалаларына қыдырып барамыз. Бұл жас жұбайлар үшін жақсы лайфхак – бірнеше күнге табиғатқа немесе басқа қалаға барып келу. Бұл отбасы үшін үлкен пайда әкеледі.


Карина. Мен жұмысымды отбасымен бірге қиыстыруға тырысамын, әжелердің көмегінен ешқашан бас тартпаймын. Бұл жағдай маған көп жұмысты бітіруге көмектеседі.



Бүгінгі сәттегі рухтың көңіл-күйі



Арман. Менің көңіл-күйім позитивті,жағымды,мен бүкілінің быт-шытын шығаруға дайынмын, себебі отбасы — үлкен тірек.


Баланы күткен немесе баласы бар жастар мен жас жұбайларға айтқым келгенім,олардың сәті түсті. Көп жағдайда біздің құрдастар бұл өмір сыйлығын бағаламайды,аборт жасайды. Бұл шынымен сұмдық ақымақтық және құрдастарымыздың қайғысы. Бала болған өмір одан да аса жарқырайды. Жұмыстан кейін үйге келесін, ал үйде сондай керемет жайлы жағдай. Біздің үйімізде күніміз енді одан да аса көңілді, күндеріміз оқиғаларға толы, демалыстарымыз енді одан да жанды, тыныш.Біз осыны шынымен бағалаймыз. Отбасы — бұл бақыт,ал бала — бұл сый,мүмкіндік,миллион долларға,тіпті одан да аса сомаға лотерея билеті.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.