Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
arman-hayrullin-atyraudy-zhabayy-batys-emes-eken-zh-ne-alada-y-ekologiya-sh-n-k-rest-alay-zh-rg-zet-n-zhayynda

Арман Хайруллин Атыраудың «жабайы батыс» емес екені және қаладағы экология үшін күресті қалай жүргізетіні жайында
344

09.02.2019

Арман Хайруллин Атыраудың «жабайы батыс» емес екені және қаладағы экология үшін күресті қалай жүргізетіні жайында

Арман Хайруллин, 34 жаста, туған қаласы — Атырау, жеке кәсіпкер, режиссер

2.jpg


Өзі жайында


Балабақшаның өзінде мен белсенділік танытатынмын, сахнаға шығып, басты рөлдерді маған ұсынған ертеңгіліктерге қатысатынмын. Бұл үлгі бойынша мен мектепте де, университетте де оқыдым. Мен ешқашан үндемейтінмін – біреуге бұл ұнайтын, ал кейбіреулер менсінбей қарайтын.

Бойымдағы отансүйгіштік сезімім мектеп партасынан, тарихты терең оқытатын сыныптан сіңіп, дамыған. Университетте де мен тарихшы-географшыға оқыдым. Дүниежүзікілік тарих кафедрасының оқытушысы бізге өз құқықтар үшін күрессіз және игіліксіз жақсы өмір болмайтынын жиі айтатын. Биылғы жылы мен «Атамекен Эко» қоғамдық қордың негізін салдым.


Қоғамдық қызметі жайында


Экология – бұл жер бетіндегі барлық тірі жанды сақтап қалу мәселесі. Атырау өңірінде бұл мәселе өте өзекті болып табылады. «Мұнай елордасында» ауру-сырқаудың өсімі 1987 жылдан бастап 2017 жылға дейін орташа есеп бойынша 4 есе өсті. Мұнайдың атылуының өсімі халық денсаулығына тура ықпал ететінін дәлелдейтін ғылыми еңбектер бар.

Экология – бұл жер бетіндегі барлық тірі жанды сақтап қалу мәселесі

Жаһандық ауқымда парниктік газдар, қышқыл улағыш жаңбырлар, климат температурасының артуы, табиғи кезеңділіктің өзгеруі және тағы басқа мәселелер адамзаттың өліміне әкеледі. Бұл ауа, су және топырақтың дағдарысты ластануынан болып жатыр.

2017 жылы мен Атырауда 10 000 көшеттерді тегін тарату акциясын ұйымдастырдым. Сонымен қатар мен қаланың мектептерінде көшеттерді отырғызу акциясын ұйымдастырдым. Тэквандо бойынша облыстық федерациясымен бірігіп біз «Атырау» орталық ДШСК-нің алдында теректерден «Спортшылар аллеясын» отырғыздық.

99.jpg

Біз Атырауға топинамбур жаңа экологиялық мәдениетті алып келдік және «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ҒЗИ» ЖШС Атырау филиалы институтының қызметкері Тимур Мусинмен бірігіп Сарайченко ауылының даласына отырғыздық. Топинамбур ауаны көмірқышқыл газы мен зиянды қоспалардан тазартады, дәстүрлі орман ағаштарына қарағанда оттегіні көбірек бөледі.

2018 жылы демеушілер мен еріктілердің арқасында саябақта, Вакутитин көшесі бойында, Тұрғын қалашықта топинамбурдың 13 000 түйнектерін отырғыздық. Мен қалада «оттегі саябағы» шағын алқабын құрғым келді. Сонымен қатар қаланың бес жерінде – Жылыой, Исатай аудандарында, кұм жерлерде және Маңғыстау облысында өсімдікті отырғыздық. Өсімдіктердің ұласып өсуі 90 %-дан артық дәрежені көрсетті, бұл біздің жағдайларымыз үшін керемет көрсеткіш.

Әділет Жақашевпен бірігіп краудфандинг жарияладық және 2 500 000 теңге жинадық. Бұл қаражатқа біз газ талдауышты сатып алдық. Аталмыш құрылғы қаладағы атмосфералық ауаның сапасын балама бақылау мен талдау үшін қызмет етеді. Бұл құрылғының арқасында кез-келген уақытта тәуелсіз өлшемді өткізіп, нормадан артып кеткені жайында халықты ақпараттандыру мүмкіндігі бар. Барлық материалдар әлеуметтік желілерде жарияланады.

Мен бірдеңені өзгерту үшін көп ресурстарға ие емеспін. Бірақ біздің әрекеттеріміз одан да көп адамдарды тартатынын сеземін.


Атырау жайында


Мен Атырауда туып, өстім. Мен оның әрбір шолақ көшесін және адамдарын, олардың мінездерін, тұрмысы мен менталитеттерін білемін. Ол жалпы елім сияқты мен үшін қымбат.

 2.jpg

Атырау – бұл көп келушілер қабылдайтындай «жабайы батыс» емес және «қатал адамдардың» қаласы емес. Атырау – «қазақы қала», ал қазақпен дос болу үшін өзін көрсету керек. Іс жүзінде ол басқа қалаларға қарағанда өркениеттірек, себебі біздің ортамыз мультимәдени болып табылады. Осы жерге бар жер жүзінен адамдар келеді және әрбіреуі өз өркениетінің түйіршігін себеді. Мен біздің адамдарымыздың, олардың ойлары мен құндылықтары қалайша өзгеріп жатқанын көріп жатырмын.

Атырау – «қазақы қала», ал қазақпен дос болу үшін өзін көрсету керек

Қалада әртүрлі мекемелер көп, бірақ отбасылық демалыс бойынша тырысып бағатын мәселелер бар. Қазірде Жайық жағалауында құрылыстар салынып жатыр, алаңдар қайта құрылып жатыр. Бірақ бізге бетондары аз және жасылы көп нағыз саябақтар жетіспейді.


Жоспарлар жйаында


Мен кәсіпкерлікпен қатар әлеуметтік жобалармен айналысамын. Өсуді қалаймын, ал ол үшін қоғамдық жұмыстармен уақытыңның кем дегенде 30 % беру керек.

Мен отбасы, қала, Отан игілігі үшін жұмыс істеуді қалаймын. Біз біздің балаларымыз өмір сүретін әлеуметті құрып жатырмыз және бұл «алдын ала берілетін төлем». Мен өз жұбайыммен еңбек пен білім ғұрпы басшылық ететін бай, бейбіт, қауіпсіз елде 90 жасқа дейін өмір сүруді қалаймын. Дана құдамен шәй ішіп, ақылды, сау, өз елін мақтан ететін және өз тілінде сөйлейтін немерелерді тәрбиелеуді қалаймын.